Биологиялық ерекшеліктері.
Қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді
дақыл. Транспирациялық коэффиценті 150-200. Жылу сүйгіш өсімдік.
Қысқа мерзімдегі үсіктен өліп қалуы мүмкін. 30-35
0
С температурада
жақсы өсіп дамиды, 40
0
С дейін ыстықты көтереді. Вегетация дәуіріне
қажетті белсенді температура жиынтығы 2250-2500
0
С. Жарық сүйгіш
және қысқа күн өсімдігі. Топырақ талғамайды, барлық топырақ
типтерінде өсе береді, бірақта жоғары өнімді жақсы жылынатын, бос
және өткізгіштік қабілеті жоғары топырақты жерлерде қалыптастырады.
Вегетацияның бастапқы сатыларында өте баяу өседі, өсімдік көгі
себілгеннен кейін 10-15 күннен кейін пайда болады, 25-30 күннен кейін
түптенеді, 40-45 тәуліктен соң түтіктенеді, ал көгі шыққаннан кейін 55-
65 күннен кейін шашақтанады. Гүлденуі шашақтанғаннан кейін 5-6
тәуліктен соң бсталады. Вегетация кезеңі сорттарының пісу мерзіміне
байланысты 90-145 күнге созылады.
Қонақ жүгерінің біздің елімізде астыққа өсіруге рұқсат етілген
селекциялық сорттары мен будандары: Молдавский 40, Камышынское
75, Ставропольское 63; сүрлемдік – Силосный 72, Цунами 85,
Красноводопадское 246, Кинельское 3, Ранний Янтарь 161,
Казахстанское 16, КИЗ-94.
275
Достарыңызбен бөлісу: |