Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет247/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   490
Байланысты:
index (15)

Биологиялық  ерекшеліктері

Жүгері-ж  ы  л  у      с  ү  й  г  і  ш    өсімдік. 

Оның тұқымы 8-10°С-да өне бастайды. Бірақ бұл температура егін көгінің 

біркелкі  қаулап  шығуына  жеткіліксіз.  Жүгеріні  онша  жылынбаған 

топыракқа  сепкенде  тұқымдарының  көп  бөлігі  ауруға  шалдығып  өліп 

қалады, ал шыққан көгі сирек және әлсіз болады. Өніп-шығуына оңтайлы 

температура - 10-12°С, көктеуден шашақгүл шыққанға дейінгі кезеңде жақсы 

өсіп-жетілуі үшін 20-25°С температура қажет. Ауаның температурасы 12°С 

дейін төмендегенде жүгерінің өсуі күрт бәсеңдейді, өсімдік сарғаяды және 

жиі ауырады. Ал температура 3°С-дан төмендесе көктемде жүгерінің көгі, 

күзде жапырақтары өліп қалады. Жүгері көгінің көктемгі үсіктен кейін бір 

аптада қайтадан өсіп шығатын қабілеті бар. 

Күзде  3°С  үсікке  шалдыққан  дәндер  өнгіштігін  жоғалтады.  Үсікке 

шалдыққан  өсімдіктерді  тез  жинап  алып  пішен  ретінде  кептіру  керек 

немесе сүрлемге салу керек, кешеуілдеткен жағдайда шіріп кетеді.  

Жүгері  үшін  биологиялық  белсенді  температура  10°С-дан  жоғары 

болғанда  басталады.  Ерте  пісетін  жүгері  сорттары  мен  будандары  үшін 

қажетті  биологиялық  белсенді  температура  жиынтығы  1800-2000°С, 

орташа мерзімде және кеш пісетіндер үшін - 2300-2600°С 

Жүгері  қ ұ р ғ а қ ш ы л ы қ қ а   т ө з і м д і, мезофиттар қатарына 

жататын  өсімдік,  ылғалды  тиімді  пайдаланады.  Ол  100  кг  құрғақ  зат  түзу 

үшін  174-тен  406  ц-ге  дейін  су  жұмсайды.  Жүгерінің  транспирациялық 

коэффициенті  -  230-370.  Бірақ  жүгерінің  дән  мен  жасыл  балауса  өнімінің 

мөлшері  басқа  дәнді  дақылдардан  көп  болғандықтан,  оған  кететін  су 

шығыны да жоғары болады. 

        Көктеп  шығудан  сабақтануға  дейін  жүгері  суды  шамалы  мөлшерде 

пайдаланады,  әрі  қарай  оның  қажеттілігі  арта  түседі.  Суды  ең  көп  қажет 

ететін  кезеңі:  шашақгүл  шығаруға  10  күн  қалғаннан  кейінгі  20  күн.  Осы 

аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады. 

         Жүгері  жоғары  агротехникалық  жағдайда  өсіргенде  топырақ  және  ауа 

құрғақшылығына төзімді. Бұны былай түсіндіруге болады: жүгері ылғалды 

ең  көп  пайдаланатын  кезеңге  дейін  топырақтың  терең  қабатында  және 




 

267 


ауадан су буын сіңіре алатын қуатты тамыр жүйесін қалыптастырып үлгереді. 

Бірақ жүгерінің құрғакшылыққа төзімділігі тары мен қонақтарыдан төмен. 

Жүгерінің  жақсы  өсіп-жетілуі  және  жоғары  сапалы  өнім  түзуі  үшін 

топырақ  ылғалдылығын  ылғал  сыйымдылығының  ең  төмен  деңгейінен  75-

80% жағдайында ұстап отыру керек. Сонымен қатар, топырақ ылғалдылығы 

мөлшерден  артық  жерлерде  жүгері  өнімі  төмендейді,  өйткені  ондай 

топырақтарда  өсімдік  тамырларына  фосфордың  келуі  бәсеңдейді  де 

органикалық  және  нуклеиндік  фосфордың  мөлшері  азаяды,  фосфорилдену 

және энергетикалық үрдістер, ақуыз айналымы бұзылады. 

        Жүгері  –  ж  а  р  ы  қ  с  ү  й  г  і  ш,  қысқакүндік  дақыл.  Ұзақ  жарық  күн 

жүгерінің  вегетациялық  кезеңін  ұзартады,  ал  қысқа  -  пісуін  тездетеді,  8-9 

сағаттық  жарық  күн  жағдайында  өскенде  тезірек  гүлдейді.  Күннің  жарығы, 

әсіресе  жүгерінің  жас  кезінде,  оның  өсіп-жетілуіне  жақсы  әсер  етеді. 

Өсімдіктің  көлеңкеленуі,  көкті  сиретуді  кешіктіргенмен  бірдей,    жетілу 

үрдісіне  зиянды  әсер  етеді:  генеративтік  мүшелерінің  түзілуі  тежеледі, 

аталық  пен  аналық  гүлшоғырларының  гүлденуінде  алшақтық  және 

жеміссіз өсімдіктер көбейеді. Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық 

шаралар жүйесін жасағанда ескеруге тура келеді. 

       Жүгері  т  о  п  ы  р а  қ    қ ұ  н  а  р  л  ы ғ  ы  н а   жоғары  талап  қояды  және 

тыңайтқыштар  бергенді  жақсы  көретін  дақыл.  Жүгеріден  ең  мол  өнім, 

құнарлы топырақта жоғары агротехникада алынады. Жүгеріге құрылымды 

қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар және өте құнарлы және сіңімді 

өзен  арналарының  шөкпе  топырақтары  жақсы.  Топырақ  ерітіндісінің 

оңтайлы реакциясы - бейтарап және әлсіз сілтілі (pH 5,5-7,0). Қышқыл, өте 

тұзды және батпақтануға бейім топырақтарда жүгері өсіруге болмайды.

 

Жүгері  тұқымының  жылдам  өнуі  үшін  топырақта  жақсы  аэрация 

болуы керек, өйткені оның үлкен ұрығы өну үшін оттегіні көп қажет етеді. 

Топырақта ауаның мөлшері 18-20%-дан төмен болмағаны дұрыс. 

А з о т т ы  жүгері алғашқы даму кезеңдерінде көп қажет етеді. Азот 

жеткіліксіз  болған  жағдайда  өсіп-дамуы  бәсеңдейді.  Азотты  ең  көп 

қажетсінетін  кезеңі  -  шашақтануға  2-3  апта  қалғанда,  ал  сүттене  пісу 

кезеңінде азотты мүлдем қажет етпейді. 

Ф о с ф о р д ы  жүгері гүл шоғырлары түзіле бастағаннан қарқынды 

пайдалана  бастайды  (4-6  жапырақ),  ең  көп  пайдаланатын  мерзімі  тұқым 

түзу  кезеңі.  Фосфор  жеткіліксіз  болған  жағдайда  собықтар  толық 

дамымайды,  дән  қатарлары  дұрыс  қалыптаспайды.  Фосфор  жеткілікті 

болған  жағдайда  тамыр  жүйесі  жақсы  дамиды,  өсімдіктің  құрғақшылыққа 

төзімділігі артады, пісіп-жетілу үрдістері жылдамдайды. Фосфорды жүгері 

өсімдігі толық пісіп-жетілгенге дейін баяу және біркелкі сіңіреді.  

К  а  л  и  й    жетіспеген  жағдайда  өсімдік  бойында  көмірсулардың 

қозғалысы,  жапырақтардың  синтетикалық  жұмысы  бәсеңдейді,  тамыр 

жүйесі әлсізденіп жүгері жапырылуға (сұламалыққа) бейім болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет