Түр тармақтары.
Жүгері қазіргі жіктеу бойынша төмендегідей түр
тармақтарына немесе топтарға (дәннің сыртқы және ішкі құрылысы
бойынша) бөлінеді (Сурет 20):
Сурет 20. Жүгері. Пісіп жетілген жүгері түр тармақтарының собықтары, бүтін
дәндері және олардың көлденең кескіндері: 1-тіс тәрізді; 2-кремнийлі; 3-крахмалды;
4-қанттық; 5-жарылмалы
Тіс тәрізді
(Z.m. indentata Sturt). Дәні ірі, ұзынша, үстіңгі жағы
жаншылған. Оның ақуызы 8-20,0%, крахмалы -68-75%. Өсімдігі мықты,
собығы ірі. Түр тармақ кең таралған, негізінен малазықтық мақсатқа
арналған.
Кремнийлі
(Z.m. indurata Sturt.). Дәні ірі және ұсақ, домалақ, беті
тегіс, шыны тәрізді, ақуыз мөлшері 8-18,0%, крахмалы - 65-83%. Осы кең
таралған түр тармақтың ұсақ собықты ерте пісетін сорттары көп.
Кремнийлі жүгерінің азық-түліктік және малазықтық маңызы зор.
Қанттық
(Z.m. saccharata Sturt.). Дәні ірі және орташа, бұрыштылау,
беткі жағы қатпар-қатпар. Ақуыз мөлшері 12,8%, крахмал - 65-83%, май -
8,1%, қант пен полисахаридтер 30% дейін. Бұл түр тармаққа жүгерінің
консерві өндірісінде пайдаланылатын көкөністі ерте пісетін сорттары
жатады.
Крахмалды (Z.m. amylacea Sturt.). Дәні ірі, беті тегіс, домалақ, ақуыз
мөлшері 6,9-12,1%, крахмал 71,5-82,6%. Дәні тез ұнтақталып, ақтүсті жоғары
сапалы ұн береді. Крахмал-сірне өнеркәсібінде пайдаланылады.
Крахмалды-қантты
(Z.m. amyle-saccharata Sturt.). Дәнінің қантты
жүгеріге тән қатпары болады. Эндоспермі төменгі жағында ұнды, жоғары
бөлігінде мөлдір болып келеді.
266
Жарылмалы немесе күріш тәрізді
(Z.m. everta). Дәні ұсақ,
төбе жағы дөңгелек үшкірлеу болып келеді. Ақуызы 10-12,5%, крахмалы -
62-72%. Жарма мен бадынақ жасауға пайдаланылады.
Балауызды (Z.m.сегаtіпа Kulesch.). Дәнінің эндоспермі балауыз тәрізді.
Эндосперм сыртының қаттылығы жарылмалы жүгерінікінен кем емес.
Декстрин алу үшін пайдаланылады. Бұл топқа жататын жүгерілер АҚШ-та
және бірқатар Европа елдерінде өсіріледі.
Қабықты
(Z.m. tunicata Sturt.). Бұл жүгерінің дәнін масақша қауызы
тығыз жауып тұрады. Өндірістік маңызы жоқ.
Жүгерінің біздің елімізде кең таралғаны - кремнийлі және тіс
тәрізділері. Малға жемге көбіне тіс тәрізділері, ал ұн және жармаға
кремнийлі жүгерілер пайдаланылады. Өте ерте пісетін сорттары мен
будандары кремнийлі жүгеріге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |