1.9.2 Жұпты ойнау кезінде негізгі тактикалық тәсілдер
Жұпты ойнау тактикасы негізінде бірегей ойын тактикасына ұқсас
болып келеді, алайда жұпты ойнау кезінде орын ауыстыру үрдісінде соққыны
төрт ойыншы орындайды, осында соққы саны көбірек болады. Сондықтан
тактикалық идеяны бірінші болып шабуыл жасау және ойында ынтасын өзіне
аударуға ұмтылу жұпты ойында қызықты шегіне жетуін тапты. Бірінші
партияда өте жиі ойыншылармен доп берулерді және шапшаң соққыдан кейін
немесе доп берулерді қабылдау және шапшаң соққыларды олардың
қабылданып алғаннан кейін ұпайдың жеңісі немесе жеңілісі туралы сұрақ
шешіледі. Сондықтан кесіп алуды қолданатын жұп белсенді қорғау, доптың
ұшу бағытын және оның ұшу бағытын өзгертіп, қарсыластың қимылдарын
қадағалап, шабуыл үшін қолайлы жағдай тауып жетекші идеясын ұстану
қажет. Таза қорғану ойынның енжар сипатына ие болуын жорамалдайды, ал
бұл тиімді емес.
Қарсыластарға әр түрлі стиліндегі ойынға қарсы жұптармен
қолданылатын ойынның негізгі тактикалық тәсілдерін қарастырайық.
Шапшаң шабуыл соққысына қарсы бағытталған негізгі тактикалық
тәсілдерді жылдам соққы қолдану.
1. Доп беруден кейін шапшаң соққыларды қолдану тактикасы. Үстіңгі
және төменгі айналуы бүйірінен немесе оң бұрышқа айналусыз және
айналумен доп беруді пайдаланатын ойыншы оларды үстел сызығының сәл
оңға қарай айытқыған ұзын доптарды жылдам соққылармен үйлестіреді.
Ойыншыға жауап доптың бағытына, олардың ұзындығы мен айналу мінезіне
байланысты шапшаң соққыны орындауға қажет. Жауап доптың күшіне
байланысты күштерді дұрыс реттеуді білу маңызды. Соққылар жылдам
орындалуы керек, доптың ұшу бағыты әр түрлі болу керек.
2. Доп беруді қабылдап алғаннан кейін жылдам соққыларды орындау
тактикасы. Ең алдымен, ойыншыға қарсыласпен берген допты дұрыс бағалау
қажет: соққыны немеме жазуды орындаған ойыншының жауап соққы кезінде,
доптың ұшу жылдамдығын күшейтіп және ұшу бағытын түрлендіруі қажет.
Шабуыл соққыларды негізінде бастысы қарсыластың алаңының қорғалмаған
жеріне бағыттау қажет. Кейбір жағдайларда әріптеске шабуыл үшін шартын
туғызу үшін бұл тактикалық тәсілдердің кері қолданылуы рұқсат етіледі.
Егер шапшаң соққыны қолдануға мүмкіндік болмаса, ойыншы
дайындау соққы ретінде жылдам кесіп алуды қолдану керек, алайда осында
қарсыласқа шапшаң соққы жасау мүмкіндігін бермеу үшін доптың ұшу
бағытын бақылауда ұстау қажет, ал содан кейін шабуылды ашу үшін қолайлы
жағдай табу қажет.
3. Шабуыл соққыларды бұрыштың қандай да бір жеріне орын
ауыстыруын беретін, қарсыластың алаңының бір ғана зонасына жолдау
қажет, ал содан кейін қарама-қарсы бағытта шабуыл соққыны жасау қажет.
4. Қарсыластың тура денесіне бағытталған арнайы шабуыл соққы оны
жылдам орын аустыруларды жасауына мәжбүр етеді, ал бұл кейбір
қиыншылықтарды тууына және қарсыластың қимылдарына енжар мінезіне
ие болуына әкеледі.
5. Егер қарсылас техниканы жақсы орындаса, оң және сол жақтан
шабуыл соққыларды қолданып немесе топ-спиндерді қолданып қатты
шабуылды бұрып жіберсе, онда үстелдің ортасынан немесе қысқа
соққылармен қарсыластың қимылдарын ұстап тұрып шбуылдау қажет, содан
кейін қолайлы жағдай тауып ынтасын өзіне аударып алу үшін шабуыды
бірінші болып шара қолдану қажет. Еш жағдайда ойынды қорғау кезінде
созуға болмайды, онда ойынның енжер сипатнан құтыла алмайсыз.
6. Кесіп алуды орындаған кезде доптың ұшу бағытын бақылау қажет,
сондай-ақ шабуыл соққыны бірінші болып жасау үшін тырысып, доптың
айналумен және айналусыз белсенді соққы жасау қажет. Доптың ұшу
жылдамдығы жоғары болатындай етіп, жауап доптардың бағыттары әр түрлі
болуын бақылау маңызды. Бұл ойыншыға қарсыластың алаңының
қорғалмаған жерлеріне соққы шабуылдарын жасау үшін немесе ортадан оң
жақ соққы шабуылына жағдай туғызады.
Топ-спиндерді шапшаң соққыларға қарсы қолдану негізгі тактикалық
тәсілдері
1. Топ-спиндерден кейін шапшаң соққыларды қолдану. Ең бастысы
төменгі немесе бүйірінен төменгі айналуы бар және үстелдің шегінен шығып
кетпейтін қысқа доп берулерді орындаған кезде ойыншы, қарсыласты доп
берулерді кесіп алумен, содан кейін, қолйылы уақыт тосып сол жақ бұрышқа
немесе қарсыластың алаңының қорғалмаған бөлігіне топ-спин орындайды, ол
әріптеске сериялы шабуыл соққысын орындау үшін немесе қатты аяқтайтын
соққыларды жасау үшін жағдай туғызады.
2. Доп беруді қабылдап алғаннан кейін топ-спинді қолдану. Егер
ойыншы шабуылға қарсы соққыларын үстелдің ортаңғы зонасында орындаса,
онда доп беруді қабылдау үшін жазуды пайдалануға болады. Егер теннисші
шабуылға қарсы соққыларын жасай алмаса, онда қарсыласқа белсенді
шабуылдаса, онда қабылдау үшін ол қысқа кесіп алуды қолдануға, ал содан
кейін қолайлы жағдай тосып ынтасын өзіне аударып алу үшін топ-спинді
орындау қажет.
3. Шабуылға қарсы соққыны орындаған кезде, ойыншы қарсыластың
сол жақтан соққы жасауын тырысып, содан кейін кенет соққыларды жазумен
және қарсыластың оң жақ зонасына қорғалмаған жеріне топ-спинді
орындауға жиі жүгінеді. Кейбір жағдайларда ойыншы қарсыластың ынтасын
басып алам деген қарсы бағытталған талпыныстарына соққы жасауға болады.
4. Арнайы топ-спиндер, үстелдің ортаңғы сызығынан оң жаққа немесе
сол жаққа бағытталған, кейбір жағдайларда аса маңызды рол атқарады.
5. Қарсы шабуыл кезінде үстелден артқа қарай шегінуге қажет болған
жағдайдың кезінде, қорғау тәсілдері ретінде ұшу траекториясы биік болатын
соққыны қолдануға болады, содан кейін қарсы шабуыл соққыларын
орындауға мүмкіндік туады.
Шабуыл соққыларын орындайтын ойыншының кесіп алуды жасай
алатын ойыншыға қарсы негізгі тактикалық тәсіл.
1. Жазуларды орындаған кезде шабуыл соққыларына және сериялық
қатты соққылар үшін жағдай жасалынады. Алдымен ойыншылар қарсылас
жұпты жақындастыру үшін, жазуды бір нүктеге орындайды, содан кейін –
мүлде қарама-қарсы бағытта қатты шабуыл соққыларды жасайды.
Қарсыластың алаңының қорғалмаған жеріне сол жаққа оң жаққа орын
ауыстыруларды мәжбүрлеу үшін шабуыл соққылар мен жазуларды орындауға
болады, содан кейін қолайлы уақыт тосып, қатты аяқтайтын соққы орындау.
2. Ойыншы жазумен берілген допты қабылдап, қолайлы уақыт кезінде
қарсыластан тікелей жақын немесе үстелдің бұрыштарна шабуыл соққыны
орындау үшін ортадан оң жаққа шегінеді.
3. Үстелге жақын ойнаған қарсыласқа шабуыл соққыларын орындау
үшін қолайлы жағдай табуды рұқсат ететін доптардың ұзын және қысқа
тактикалық тәсілдерді орындауға жүгінеді. Ойыншы сондай-ақ үстелден
біршама алыс тұрған қарсыласты қысқа соққыларымен жақындауына мәжбүр
ете алады, қарсылас жұптың дағдылы қалпын бұзып және ынтасын тартып
алуға жеңілдетеді. Кейбір жағдайларда сериялық жазуларды бір нүктеге
немесе әр түрлі нүктелерге соққы жасап, қарсылас жұптардың ойыншыларын
қорғау үшін кетіп қалуға мәжбүр еткізеді. Онда ойыншылар қолайлы уақыт
таңдап қарыластың денесіне бғыттаған қысқартылған соққыға немесе
бұрыштар бойынша шабуыл оққыға жүгінеді.
4. Жазулар мен кесіп алуларды үйлестіріп, жауап доптардың айналуын
өзгертіп және ұзын, қысқа доптарды жібереді, қарсыласты алдына-артқа
орын ауыстыруларды жасауға мәжбүр етеді, ал әріптес үшін кенет соққылар
орындау үшін қолайлы жағдай туғызады. Жазуды немесе ұзын шабуыл
соққыларды қолданып, ойыншы қарсыласты алдына-артқа орын ауыстыру
уақытында қолайлы жағдайын жіберіп алуға мәжбүрлейді, ал содан кейін
қатты соңғы соққыны орындайды.
Доп беруден кейін жылдам соққыларды қолдану тактикалық тәсілдері
Доп беруден кейін орындалған шабуыл соққыларды кесіп алу жылдам
соққыға қарсы пайдаланған кезде, шабуыл соққыларға қарсы маңызды рол
атқармайды. Алайда кенеттен шабуыл соққыларды орындау жақсы
жетістіктер әкелу мүмкін. Мысалы қысқа доптар сериясынан кейін ойыншы
шабуылды тартып алу үшін кенеттен ұзын соққыларды орындайды. Басында
қарсылас төменгі айналуы бар допты әрдайым қайтарады, содан кейін
айналусыз допты жібереді. Ынтасын өзіне аударп алу үшін және т.б. ұзын
доптар серисынан кейін кенет қысқа доп жіберіледі.
Шабуыл стилін қолданған теннисшілермен кесіп алуды қолданатын
ойыншыларға қарсы негізгі тәсіл
1. Қарсылас жұптың ойыншылары бір қалпында тұру үшін ойыншы
кесіп алуды тек қана бір нүктеге жолдайды. Содан кейін қолайлы жағдай
таңдап, ол қарсыластың алаңының қорғалмаған жеріне шабуыл соққыны
орындайды. Басқа тәсіл: ойыншылар бір біріне қарсыластың алаңының әр
түрлі қорғалмаған жерлеріне кесіп алуларды орындайды, оларды әрдайым сол
жаққа оң жаққа қозғалуына мәжбүрлейтін және оның қорғалмаған жеріне
немесе қарсыластан тікелей жақын жеріне қарсы шабуыл соққыларды
орындау үшін қолайлы жағдай туғызады.
2. Доптарды кесіп алумен қарсыластың алаңының тек сол жақ
бұрышына ғана (немесе оң жаққа) әрдайым жолдау қажет, ал содан кейін
кенеттен допты қарсыластың қарсы шабуыл үшін қолайлы жағдай туғызып
оң жақ (сол) бұрышына жолдау қажет.
3. Қысқа соққыларды кенеттен соққымен доптардың айналумен және
айналусыз үйлестіріп, ойыншыларға ынтаны өзіне тартып алуға тырысып
қарсыластың қимылдарында түсінбестік жасау қажет.
4. Кенеттен жылдам соққыларды доп беруді қабылданғаннан кейін
жасау, қарсыластың жоспарын бұзуға мүмкін, сондай-ақ кесіп алуды
орындаған кезде ойыншылардың ынтасын арттыратын оңды рол атқарады.
Алайда доп беруді қабылданған кейін кенеттен жылдам соққыны қолданам
дегеннен, әріптеске дайындап алуға уақыт беріп, белгі беріп орындаған жөн,
онда ол тактикалық тәсіл күтілетін нәтижелер әкелуге мүмкін.
Кесіп алуды қолданатын ойыншыларға, сондай стилде ойнайтын
ойыншыларға қарсы негізгі тактикалық тәсіл
1. Алдымен күш көрсету тактикасынан бас тартып, шабуыл
кезендегідей, күтпеген, жиі шабуыл соққылар жасап, нәтижесінде жазу
тәсілін жасайтындай болу керек.
2. Жазуды соққылармен жаслғастыра отырып, кесіп алумен
байланыстырып қарсыласты үнемі алға артқа жылжып отыруға мәжбүрлеп
допты қайтарып, ойыншыларға күтпеген соққылар жасауға қолайлы жағдай
туғазыды.
3. Ойыншы өзі жақын меңгерген және шабуылды тойтара алатын
тәсілдерді қолданады. Басқа жағынан ал қарсыласының ерекшелігі мен ойын
мәнерінің талаптарына сәйкес бастаманы өз жағына шығару үшін тәсілдерді
қолдана алады. Допты алған кезде ойыншы өзіне шұғыл жедел соққылар
жасап, ойын бастамасын өз жағына шығару үшін оңтайлы тәсіо таңдай
алады.
Жұп ойындағы ойыншылардың араласуы.
Жұп ойындарда, белсенділікті доп беретін жұп алады, сондықтан доп
беруді шабуылдың бастапқы құралы ретінде қолданылады. Жұп ойынның
ережесі бойынша ойын да доп беруді қарсыластың оң жақ жартысынан, оң
жағына басымдылық доп алушы жақта болады. Одан басқа допты
қабылдаушы жұптар қай тәсілді игергеніне қарай кімнің допты бірінші
қабылдайтынын шеше алады.
Егер де жұптағы ойыншының біреуі допты жақсы беріп, біріншісі боп
доп берсе, онда допты қабылдауышы жақ күреске жақсы шабуыл жасаушы
және қысқа допты қабылдай алатын бірінші боп шабуылдй алатын ойындағы
белсенділікті өз қолына ала алатын ойыншының қоя алады.
Допты қабылдаушы жұп ойыншыларды еркін орналастыру құқына ие
бола алады. Қарсыластың ойынын әлсіреті үшін, әдетте мықты ойыншыны
қарстыластың келесі партияларда беленділік алу үшін, ойынның тиімді өтуі
үшін.
Ойыншыларға қарсыластың ойын әдісі белгісіз болған кезде, бірінші
партия ұтылса, онда доп беруді таңдаған дұрыс. Екінші партияда допты
қабылдаушыны еркін таңдауға болады және ойын кезінде болған қолайсыз
жағдайды түзетуге болады. Ойыншылардың техникалық деңгейлерңің
шамалы айырмашылығына қарай мықты ойыншы бірінші болып доп беруге
тырысады, тіпті бірінші партия жеңіліс тапса да – әр келесі соққы жеңіске
жеткізеді.
Аралас жұпты жарыстарда ерлердің техникалық деңгей біліктілігі,
әйелдерден гөрі жоғарырақ, сондықтан да доп берген, алған кезде айырықша
доп алуға беріледі, ерлер ерлерден, әйел әйелдерден доп алады. Қарсылас
жұптың бірі соққы берсе, онад қарсы жұптың серігі әйелге шабуылдау
соққысын жасайды. Осылайша мықты ойыншы, әлсіз ойыншыны
шабуылдамайды.
Бірақ та кейбір жағдайларда жақтардың техникалық ерекшеліктеріне
байланысты жоп беруді әйел де бсатауы мүмкін: ойынды қабылдаушы бұл
жағдайда қарсыласына қарсы шабуыл жасайды. Сондақта да әйелдің доп
беруі ер адамға қарағанда қауіптірек, - ол бірнеше шабуыл жасауға мүмкіндік
береді. Аралас жұптарды құрған кезде басты шарт ретінде серігінің жоғары
техникалық даярлығы болуы, қарсылас жұптың шабуылдырын басып
тастауға мүмкіндік бере алуы қажет.
Ойында міндетті түрде ойынды жүргізуші анықталуы қажет. Ойынды
жүргізуші жұп жасы жағынан үлкен, жарыс кезінде мол тәжірибесі бар
спортшы болуы керек. сонда жұп шабуыл жасауға тиімдсәттерді тауып, өзара
келісіп, бірігіп ойнауына мүмкіндік болады. Ойыншылардың техникалық
ерекшілік мәнеруне байланысты әр ойында басты шабуылшыны (бірінші
шабуылшы), ал оның серігі күшті, аяқталған соққылар жасап ойынды дамыта
отырып, жеңіске жетелеп отырады.
Ойын кезінде жағдай жиі ауысып отырады, жұптағы ойыншылардың
арасында іс-қимылдарын нақты бөліп алып, жалпы және міндеттерді бөліп
ала білуі, нақты іс-қимылдарындағы келіспеушілік болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |