- Кездесуді өткізуші жетекші төрешінің ұсынған бірнеше добынан бір
допты таңдап алуға (доптың және маркасы жарыс қағидасына анықталады);
- Жарыс басталар алдында жарыс столында 2 минут бой жазу
жаттығуларын жасау;
- Ойын партияларының немесе төреші рұқсатымен ойында тоқтату
кезінде ақыл-кеңес алуға;
- Келесі ойын басталғанша жетекші төрешілерден түсініктеме немесе
өтініш айту үшін сөйлесуге;
- Егер де жеке жарыстарында жетекші төрешінің түсіндірмесіне
қанағаттанбаса бас төрешіге командалық жарыстарда өзінің өкілі немесе
команда капитаны арқылы бас төрешіге тілек айтуға;
- Өз ойын формасын ретке келітру үшін жетекші төрешіден қысқа
мерзімді үзіліс алуға;
- Ойын басталған уақыттан әр ұтып алынған 6 ұпайдан соң және
жақтардың ауысуынан соң, соңғы жауапты партияның аяқталуынан соң 1
минутқа дейінгі үзіліс алуға, тек ұпай ойнатылған сәтте емес.
- Кезегімен өткізілетін бірнеше кездесуден соң 5 минут үзіліс алуға
- Кездесу кезінде бұзылып қалған допта немесе ракетканы
ауыстырудыан соң бірнеше жаттығу жасау;
- Қажет болған жағдайда, доп ойында болғанда, төреші қарауы
бойынша – допты ойынға қайтару үшін ойын алаңынан шығуға;
Жарысқа қатысушысының міндеттері:
- Қарсыласына, төрешіге, көрермендермен қатынаста ізетті болып,
спорттық этика нормасын сақтау;
- Ережелерді білу және орындау, жарыс жөніндегі қағиданы білу және
орындау, кездесу кестесін білу.
- Кесте бойынша ойынның басталуына ертерек дайын болу,
(ойыншының ойынға келмеуі, бес минут өткен соң, оғаш жеңіліс есептеледі);
- Кесте бойынша қойылған кездесулерді өткізу (себепсіз жарысты
жалғастырудан бас тарқан ойыншы бас төрешінің нұсқауымен ойыннан
шығарылады).
- Жарысқа спорт ұйымдастырушылары берген талапқа сәйкес,
фамилиясы немесе номері артқа тұсына жазылған спорттың киімінде шығуы
тиіс;
- Командалық жарыстарда (жеке контракт бойынша носкиге, ая
киіміне және жарнама) ұйым эмблемасына, өздері ойын көрсететін біріңғай
киім үлгісінде болуы тиіс.
- Ойынды толыққанды жүргізу, кездесуді, партияны немесе жекелей
ұпайларды әдейі ұттырмай ойнауы тиіс (ойында ойнағысы келмеген ойыншы
бас төреші нұсқауымен бір ойынға, жеке бір бағдарламаға немесе барық
жарыстарға қатысуына тиым салады).
- Бас төрешіден керек болған жағдайда ойын алаңын тастап кетуге
- Ойыннан кету себебіне қарамастан, егер 10 минуттан асып кетсе,
кеткен ойыншыға жеңіліс есептеледі (сонымен бірге сол партияда ұтысқа
түсетін ұпайлар қарсыласының есебіне 11:0 есеппен жазылады).
- Кездесу аяқталған соң қарсыласы және ойынды
ұйымдастырушыларды, төрешіні қол алысып құрметтеу қажет;
- Егер де ойын басталар алдында командалық сапқа тұру және
ойыннан соң құрмет көрсету үшін команда құрамында болуға;
Ойыншыға тиым салынған:
- Төрешімен және қарсыласымен сөзге келуге;
- Әдейі ойынды ұзарту, созу;
a) Ұзақ және орынсыз орамалмен сүртіну;
b) Допты қасақана бүлдіру;
c) Допты ойын алаңынан тыс ұру;
d) Допты соғар алдында, столға, полға, қалақшаға ұру;
e) Үстелге немесе қршауға қолды сүрту;
f) Партиялар алдындағы үзілістерде (1 минуттан артық), ойындар
асында (15 секунд);
g) Басқа тәсілдермен;
- Төрешлерге қандай да бір нәтиже үшін шешім қабылдауға әсер ету
(қай жағдайда болсын).
- Құралдарға (үстелге, торға, қоршауға) әдейі соққы беру немесе
бүлдіру (немен болса да) және спорттық немесе жеке заттына зақым келтіру.
- Көрермендерге, қарсыласына немесе ресми өкілге себепсіз дөрекілік
көрсетуге (сөзбен немесе қимылымен, қарсыласына қатты сөз айту, ойын
туралы айту, қалақшаны лақтыру т.с.с.)
- Басқа кездесулерге әдейі бөгет жасау (қандай да болмасын
әрекеттермен)
Тиым салынған ережені бұзғаны үшін бұзақыға:
- Бірінші ретереже бұзғаны үшін ескерту;
- Екінші рет ереже бұзғаны үшін – бір ұпай алынады;
- Үшінші рет ереже бұзғаны үшін екі ұпай алынады;
- Төртінші рет бас төреші құқық бұзғаны үшін әрекет жасайды (құқық
бұзушының ассоциясының ескертуі бойынша жарысқа қатысуға қықығын
айыруға дейін);
Жаттығу кешені:
- Үстел теннисі бойынша жарыстарда өткізу ережелі жазылған
әдебиеттерді оқу;
- Төрелік элементтері бар матчталық кездесулерді өткізу.