1.9.3 Методикалық нұсқау
Допты қабылдау және ойынды өз жағына алмастыру үшін
қолданылатын жаттығулар.
1. Теннисшілер соққыны қабылдау үшін бірнеше соққылар жасап,
уақытты үнемдеп және соққылардың жиілігін арттыра алады. Жаттығулар
төмендегідей болуы мүмкін. Жұптар үстелдің шеттерінде тұрады,
ойыншылардың біреуі допты беріп тұрады, екіншісі оны қабылдайды, беруші
алушының өтініші бойынша допты береді (доптың ұшу бағытын, ұзындығын,
доптың айналымын қоса). Одан кейін допты қабылдаушы ойыншы, жылдам
соққы және жылдам жазу, соққыны жылдам кесіп алумен және басқа да
әрекеттерді қолдана отырып жасайды. Допты алу кезінде жоғары
жылдамдыққа және доптың төменгі траекториясына және доптың аумаққа
құлау заңдылығын білуі керек.бұл жаттығу допты алудың техникалық
деңгейін көтеруге әсер етеді.
2. Бұл жаттығуды орындаған кезде жаттықтырушылар ойыншының
қарсыласының қимылын дұрыс бағалауын дамыту керек, жылдам орын
ауыстырып және жылдам жауапты соққы жасау керек. Бірнеше жүйелі
жаттығулардан кейін допты алу тәсілдері дағдыланады, ойыншының допты
иықалдымен және қол буындарымен бақылау қабілеті дамиды. Допты
қабылдау қабілетін игерген кезде теннисші тордың алдында негізгі құрал
ретінде соққы беру тәсілін қолданушы доптың төменгі жанынан берілетін
қысқа және ұзақтан келетін тәсілдерді үйренген кезде қолданады. Қосымша
құрал ретінде жоғарғы жанынан айналмалы күшті допты алуда жаттығу
жасауда мән беруі керек. Кей жағдайда спортшының кейбір кемшіліктерін
жою үшін және допты беру сапасын жақсарту үшін арнаулы жаттығулар
жасалуы керек.
3. Допты беруші дағдысын дамыту үшін, ойынды ойынды алып қоя
отырып, жиі жиі соққылар жасауына болады. Бір ойыншы доп беріп тұрады,
жұп құрып тұрған ойыншылар оны қабылдап тұрады.
4. Ойыншылар жарыс тәсілімен допты беруді ойынды алып қою,
сонымен бірге арнайы жарыстарда допты беруді ойынды алып қоюды жұппен
ойнауды дамыту. Жаттықтырушы ойыншылардың ұпай санын бақылап және
доп беруді ойынды алып қою тәсілімен өткізуін бақылайды. Жаттығу
төмендегідей болады. Допты қабылдаушы ойыншы күшті соққы жасайды, ал
жұптағы қарсыласы ойынды ары қарай дамытып ойнай береді, егер де ойын
кезінде үш соққыдан кейін ұпай ұтпаса, онда бәрі де жоғалғаны. Жарыс
күнделігінде спортшылардың допты беру ойынды алып қойып ойнаудағы
ұпай саны есептеледі. Ұпай саны неғұрлым көп болса, соғұрлым осы тәсілді
жоғары игергенін білдіреді
5. Жобалау бойынша допқа жиі, жедел соққылар жасау. Жұппен
ойнаған кезде бұл жиі қолданылады. Бұл бірінші жұп бастаған соққылар
нәтижесінде, қарсыластар столдан ұзап кету себебінен белсенділіктерін
жоғалтып доптың жоғары траекториясынан үлгере алмайды. Егер де ойыншы
жиі, жылдам техникасын немесе жедел аяқталған соққыларды қозғала
отырып орындауды жақсы игермесе, бұл қарсыласына дем алуына және
белсенділікті өз қолына алып қарсы ойын ойнауға мүмкіндік береді.
Бірнеше жылдам келетін доптармен жұмыс техникасын игеру
жаттығулары.
1. Тенниші орта биіктікте және әр бағытта ұшқан доптрарды үздіксіз
беріп отыруы қажет, бұл жұп ойыншылардың үнемі орын ауыстырып бірнеше
шұғыл соққылар жасауға тиіс. Бірнеше көп соққылар жасауға тиіс. Бірнеше
көп соққылар беру жақсы нәтижелер береді.
2. Жаттығу бір ойыншы бір жұпқа қарсы ойнатылады. Допты қабылдау
шұғыл соққыларды қабылдаудан басталады. Бұл үздіксіз қарсы соққылармен
әр түрлі бағыттығы және жоғарыда үйірілген доп немесе орта биіктіктегі
допты қабылдаумен жаттығады. Жаттығудың басты мақсаты жұптағы
ойыншылардың жиі орын ауыстырып шұғыл соққылар жасай алуы
3. Жаттығу допты шұғыл соққылар жасау арқылы, орта биіктіктегі
допты берудегі техникасын жаттықтыруды үйренеді, ойыншы бұл жаттығуды
екі қарсыласпен жасай алады. Жаттығудың басты мақсаты, теннисшілер
жұппен ойнағанда қоқғалыста болып үздіксіз соққылардың техникасын
игерер еді, бір ойыншы еркін жіберілген допты әр бағытта және айналымда,
артта ұшу биіктігін доптың техникасының игеруге арналған.
Кесіп алу және кесіп алғаннан кейін шабуыл жасау.
Допты бергеннен кейін шұғыл соққылар жасау техникасы өте маңызды
тәсіл, бұл жұптағы ойында белсенділікті өз жағына шығаруға, жарыс кезінде
ойыншылар бра тәсілімен шабуылды бірінші болып орындауға және
қарсыласына шұғыл соққылар жасауға мүмкіндік бермеуге тырысады.
Сондықтан да доп беруші доп шұғыл айналыс жасап, ұшу
траекториясы төмен және қысқа болатындай береді. Бұл қарсыласқа шұғыл
соққылар беру мүмкіндігімен айырады. Допты қабылдаушы, қарсыласы
соққы бастай үшін қысқа допты береді, бұл қарсыласқа шабуыл жасауға
қиындық тудырады, бұл жағдайда қарсыластар бір бірінен кесіп алу тәсілін
қолданылатын жағдай туады.
Теннисшілер тек қана жоғары жылдамдықпен төмен ұшу қысқа
траекториясында келген допты кесіп алуды ғана емес, диагонал бойынша
түзу, тік, айналыммен және айналымсыз ұшқан допты, шабуыл жасауға
тиімді жағдайда келген допты кесіп алуды да жасай алуы қажет. Жұп ойында
кей жағдайда айналмалы жазумен кесіп алу техникасын игеру жалқы ойында
неғұрлым күрделірек болады. Қозғалыста допқа соққы жасай білумен бірге
жұптардың қимыл қозғалыстрын кесіп алу жасау үшін келісіп алуы қажет.
Сонда ғана шабуыл жасауға тиімді жағдай жасауға болады.
Кесіп алғаннан кейінгі және кесіп алу мен жазумен бірлескен
шабуылдарда жетілдіру жаттығулары.
1. Бұл жерде жұппен ойын кезіндегі қозғалыс техникасын жетілдіру
жаттығулар методикасына сүйенуге болады. Бұл жалғыз өзі екі ойыншыға
қарсы ойын жүргізе білу дағдысын жетілдіру, ойын ойын жүргізу дағдысын
жетілдіру, бір жүптың басқа жұппен ойын жүргізу дағдысын жетілдіру, бір
жұптың басқа жұппен ойын жүргізу дағдысын жетілдіру, ойын алаңында
орын ауыстыруды орындай алу, бір мезгілде кесіп алуды жасай алу дағдысын,
жаттығу соңында, бағыттарды анықтауды жетілдіру.
2. Кесіп алуға шабуыл жасау, қарсыластың қысқа, төменгі айналыммен
келген добына соққы жасауды білдіреді. Сондықтан шабуыл жасаған кезде
доптың тор үстіндегі биіктігін, оның қысқа немесе ұзын екендігін, оның
айналу жағдайын дәл анықтау қажет. Шабуыл кезінде шапшаң соққылар
жасау үшін алға шығып орыру қажет. Қарсыластың жауап берген добына
шекарадан шығып кеткен кезде соққы жасап қажеті жоқ, бұл кезде доп
төмендей бастайды және айналымы күшейеді, бұл қиын жағдайға әкеліп
соғуы мүмкін.
Жылдам соққыларды жасай отырып, ойыншыға қарсыласты ойламаған
жерден ұту үшін доптың ұшу жылдамдығын күшейтіп, оның бағытын аздап
өзгертіп отыру қажет. Өте күшті тұрып қалған соққының табысты боларына
күмәнданған кезде өз күшін бақылап отыруды үйрену қажет. Сондықтан
ойыншыларға өз күштерін бақылауға максималды 30-70% шамасында болуы
керек.
Кесіп алуға қарсы шабуыл жасап дағдысын қалыптастыру үшін бір
ойыншы екі ойыншыға қарсы, немесе жұппен ойнап жаттығу жасауға
болады. Ойыншылар кесіп алуды орындап, допты ойын алаңының
жартысындағы кез келген нүктеге бағыттайды, кесіп алу бойынша
шабуылдаушы соққыны жасаған кезде, шабуыл бағытын анықтау керек. ал
келесі – кесіп алуды және қорғаныс тәсілдерін жетілдіру техникасына
бағытталған жаттығуларды жасайды. Қорытындысында екі жұп та еркін
түрде әр бағыттағы ұшқан допты кесіп алуды өзінің ыңғайына қарай шабуыл
жасау сәті келгенін немесе айналмалы жазуды немесе топ-спин, қарсы
шабуылға шығу қажеттігін өзі шешеді.
Дайындық кезінде жаттығуды спорт жарыстарымен біріктіріліп
өткізуге болады, бұл кезде теннисшілер кесіп алуға қарсы шабуылды
жаттықтырады. Жаттықтырушы жарыстың қорытындысын жасап жұп
ойыншылардың ұпайды ұтқан немесе ұтылған себептерін талдайды, кесіп
алуда қолданған шабуылдардың және бірнеше күшті соққылардың
жетістіктігін, қорғаныстағы ұтқан немесе ұтылған ұпайларын жазып
отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |