Үстел теннисі «дене тәрбиесі» пәнінде студенттердің білім жүйесінде



Pdf көрінісі
бет8/27
Дата11.12.2021
өлшемі483,95 Kb.
#79138
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
1.4 Жазу (накат

1.4.1 Қысқаша теориялық мәлімет

Жазу   ойынның   техникалық   тәсілдердің   негізгі   шабуыл   соққылардың

бірі деп  саналады.  Оның  көмегімен  допты  басқа  жаққа  лақтырудан  басқа,

допқа соғу арқылы үстіңгі және төменгі айналу орындау болады. Бұл тәсіл

арқылы   шабуылға   жауап   қайтарып,   жазумен   шабуылға   қарсы   шығуға   да

болады. Осы жағдайда соққы шабуылға қарсы шығу деп аталады. 

Жазуды   қолдану   ойын   түрленендіріледі.   Шапшаң   қарқында   ойнау,

доптың   бағыты   мен   айналу   күшін   өзгерту,   қарсыласты   жеңу   мүмкіндігін

береді. 

Сол   жақтан   жазу.   Сол   жақтан   жазу   орындау   кезінде,   оң   жақ   аяқ

алдында,   ал   сол   аяқ   артында,   дене   сәл   сол   жаққа   еңкейтілген,   аяқ   тізеде

бүгіледі, қол шынтақта бос бүгілген, иық денеге жақын, білек еден бетіне

параллель,   қалақша   ойыншының   сол   жақ   бүйірінде   және   тордан   сәл

еңкейген, дененің салмағы екі аяққа бір қалыпты үлестірілген. Доп үстелден

жоғарылағанда, білек алдына қарай қозғала бастайды, ал қалақша белбеудің

деңгейінен   оң   жаққа   жоғары   қарай   қозғалады.   Доп   өзінің   қарғып   түсу

нүктсінің ең жоғарғы деңгейін жетіп құлап бара жатқан кезде, қалақша, үстел

бетінің бойымен тік бұрыш жасап, доптың ортаңғы жағымен түйіседі. Бұл

түйісу кезінде  доп ұшудың қисық траекториясын  жасап,  қол буыны  жеңіл



қозғалысымен қалақшаны жауып алдына қарай қозғалады және тор арқылы

ұшып қарсыластың жағына түседі. Одан кейін, доп қалақшаны қалдырғаннан

кейін,  қолдың бұлшық еттері босайды, ал қалақша жоғары қарай қозғалысын

жалғастыра   береді;   бастың   деңгейін   жеткен   кезде,   тоқтайды.   Сол   уақытта

дене   сәл   алдына   қарай   еңкейген,   ауырлық   күші   оң   аяққа   толығымен

ауыстырылады, ал сол жақ аяғы артында болып, денені тепе-теңдік қалпын

ұстайды. 

Сурет 9 Сол жақтан жазу

Оң жақтан жазу. Оң жақтан жазу орындау кезінде, сол жақ аяқ алдында,

ал оң аяқ артында қалады, дене сәл оң жаққа еңкейтілген және үстел бетімен

45º бұрыш жасайды, аяқ тізеде сәл бүгіледі, қалақшаны ұстаған қол артқа

қарай шынтақта бос бүгілген, қол буыны мен білек бір сызықта орналасқан,

қалақша тік қалпында тұрады, дененің салмағы екі аяққа бірдей үлестірілген.

Доп   үстелден   ұшып   бара   жатқан   кезде,   қол   алдына   қарай   қозғалысын

бастайды,   ал   белбеу   деңгейінде   болған   қол   ұстаған   қалақша   сол   жаққа

жоғары қарай қозғала бастайды. 

Доп өзінің қарғып түсу деңгейінің ең биік нүктесінен үстел бетімен тік

бұрыш жасап құлап бара жатқан кезде, доптың ортаңғы жағымен түйіседі.

Бұл   қалақша   мен   доптың   түйісу   кезінде   қол   буыны   допқа   жеңіл

қозғалысымен үстіңгі айналу береді, осымен допты берілген траекториямен

ұшуын   қамтамасыз   етеді,   тор   арқылы   ұшып   қарсыластың   жағына   түседі.

Одан   кейін,   доп   қалақшаны   қалдырғаннан   кейін,   қолдың   бұлшық   еттері

босайды,   ал   қалақша   инерция   бойынша   жоғары   қарай   қозғалысын

жалғастыра   береді;   бастың   деңгейінен   биіктеген   кезде   дейін.   Сол   уақытта

дене   сәл   алдына   қарай   еңкейген,   ауырлық   күші   сол   аяққа   толығымен

ауыстырылады, ал оң жақ аяғы артында болып, денені тепе-теңдік қалпын

ұстайды. 



Сурет 10 Оң жақтан жазу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет