Омарова аккенже бердихановна


Профилактикалық және емдік әсерге ие іріктелген штаммдардың



Pdf көрінісі
бет64/96
Дата06.02.2022
өлшемі8,57 Mb.
#79166
түріДиссертация
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96
Байланысты:
Диссертация

3.7 Профилактикалық және емдік әсерге ие іріктелген штаммдардың 
биоқауіпсіздігін анықтау
Биотехнологиялық өнеркәсіпте пайдаланылатын микроорганизмдердің 
қауіпсіздік проблемасы пайдаланылатын штаммдардың номенклатурасын 
кеңейту салдарынан өзекті болып табылады. Биологиялық қауіпсіздік ұғымы 
биологиялық агенттің, оның ішінде биотехнологияда пайдаланылатын 
микроорганизмдердің ықтимал қауіптілігін болдырмауды қамтамасыз етеді. 
Өнеркәсіптік штаммдар үшін биоқауіпсіздік деңгейлерін енгізу неғұрлым 
жалпы проблемаға айналған – өнеркәсіптік штаммдарды сертификаттау мен 
стандарттаудың қазіргі заманғы нормативтік базасын әзірлеу, олардың 
өндірісте пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы 


120 
әлемдік тәжірибемен тұжырымдамалық келісілген іске асыру тетігін жасау 
қажеттіліктеріне байланысты.
Ұлттық денсаулық институты (АҚШ), Еуропалық Биотехнология 
Федерациясы және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен 
(Organization of economic cooperation & development) штаммдардың ықтимал 
патогенді қасиеттері және таксономиялық жағдайы негізінде анықталатын 
қауіптілік деңгейі бойынша микроорганизмдердің классификациясы әзірленді. 
Осы 
классификацияға 
сәйкес 
биотехнологияда 
пайдаланылатын 
микроорганизмдер 4 – класқа бөлінеді - зиянсыз, аз қауіпті, орташа қауіпті және 
жоғары қауіпті микроорганизмдер. 
Пробиотикалық штаммдардың патогенділік және жағымсыз әсерлерінің 
сипатын зерттеу негізінде микрорганизмнің қауіпсіздігіне бағалау жүргізілді.
Пробиотикалық қасиеттері тұрғысынан белсенділік танытқан 5 штаммның in 
vitro жағдайында потенциальды-патогенді белгілері, вируленттігі, аллергендік 
және сезімтал әсері бойынша тітіргендіргіш әрекеттері анықталды. Олар: 
Lactobacillus brevis 8-6 М

Lactobacillus paracasei
8-2 M

Lactobacillus helveticus
5-2M

Bif.crudilactis
7-1C

Lact.lactis
7-8 M

Штаммдардың патогендігін анықтау «Нутритест» ЖШС зертханасында 
«Микробиологиялық синтез өнімдерін алуға арналған микроорганизмдер 
штаммдарының-продуценттерінің вируленттілігін бағалау бойынша зерттеулер 
қою жөніндегі әдістемелік ұсынымдар», «Зерттеудің микробиологиялық және 
вирусологиялық әдістері бойынша анықтамалық» (М., 1982), МН 5789/1-91 
«Қоршаған орта объектілерінде микроорганизмдер-продуценттер және олардың 
дайын формаларын қамтитын препараттардың ШРК эксперименталды негіздеуі 
бойынша әдістемелік нұсқаулар» (М.,1983), Биргер М.О. «Зерттеудің 
микробиологиялық және вирусологиялық әдістері бойынша анықтамалық» 
(М.,1982) сәйкес жүргізілді [110]. 
«Нутритест» ЖШС сынақ зертханасы ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 
«Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы 
талаптарына» сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық 
реттеу жүйесінде аккредитациядан өткен. 
Штаммдардың in vitro әлеуетті-патогенді белгілерін зерттеу:
 
жұмыртқа сарысы (сары агар) және қан (қан агары) қосылған тығыз қоректік 
ортада in vitro жүргізілген тәжірибелерде штаммдардың лецитиназдық және 
гемолитикалық белсенділік белгілерін көрсетпегені анықталды. 
Штаммдардың вируленттілігін зерттеу (ЛД50):
 
Штаммдардың 
вируленттілігін зерттеу жалпы қабылданған әдіспен /Биргер М. О.,1982/ 
жануарлардың 8 тобында (әр қайсысында 12 ақ тышқаннан және салмағы 16-18 
г 6 еркек және 6 ұрғашы) 103-тен 10
11
КТБ/см
3
-ге дейінгі концентрацияларда 
жүргізілді. (24-кесте). 


121 
Кесте 24 - Штаммдардың жіті уыттылығын зерттеу нәтижелері 
№ 
Тәжірибедегі 
жануарлар 
саны 
Енгізу әдісі 
КТБ/мл 
мөлшері 
Ауруға 
шалдық-
қан 
жануарлар 
Жануар-
лардың 
шығымы 
Аман 
қалған 
жануар-
лар 

12 
Құрсақ қуысы 
10



12 

12 
Құрсақ қуысы 
10



12 

12 
Құрсақ қуысы 
10



12 

12 
Құрсақ қуысы 
10



12 
Бақылау 
12 
Құрсақ қуысы 
Физ. 
ерітінді 


12 

12 
Ауыз арқылы 
10



12 

12 
Ауыз арқылы 
10



12 

12 
Ауыз арқылы 
10



12 

12 
Ауыз арқылы 
10
11 


12 
Бақылау 
12 
Ауыз арқылы 
Физ. 
ерітінді 


12 
Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, құрсақ қуысы арқылы, сондай-ақ 
пероральді (ауыз арқылы) енгізу кезінде зерттеуге алынған барлық 
штаммдардың зерттелген дозалары тәжірибеге алынған жануарлардың өлімін 
тудырмады. Олардың барлығы белсенді және сау болды. 
Ішкі ағзалардың морфологиялық өзгерістері:
жануарларды ашып сою 
нәтижелері: қою-қызыл түсті бауыр, беті тегіс. Ми және қабық затының 
«суреті» анық. Құрылымы бойынша жеңіл және көлемі қарапайым, беті тегіс, 
бір-бірінен оңай бөлінеді, жабыспалар белгіленбеген. 
Ішкі мүшелердің диссеминациясына қабілеттілігі:
ішкі мүшелердің 
диссеминациясы өсінді енгізілгеннен кейін алғашқы 24 сағат ішінде ғана орын 
алады.
 
Сенсибилизациялық әсері бойынша аллергендік әсер:
орташа аллергендік 
дозаны белгілеу теңіз шошқаларында жүргізілді, онда зерттелетін өсінділер бір 
жануарға 10
3
,10
4
,10
5
,10
6
КТБ/ мөлшерінде енгізілді. Бақылау ретінде 
физиологиялық ерітінді қоланылды. Реакцияны есепке алу эритеманың 
диаметрі бойынша 10 күннен кейін жүргізілді. Зерттелетін өсіндінің орташа 
аллергендік дозасы бір жануарға 5,5•10
3
құрады. Осылайша, зерттелген 
штаммдар іс жүзінде аллергиялық әсерге ие емес деп танылды. 
Жергілікті тітіркендіргіш әсері:
зерттелетін өсінділерді қояндардың 
көзінің коньюктивіне 1•10
9
КТБ / см

дозада енгізгенде склера мен мүйізгек 
тамырларының инъекциясы, көздің бұрыштарында шырышты бөлінулер 
түрінде әлсіз оң реакция байқалды. Бақылаудың екінші тәулігінде барлық 
жануарларда жоғарыда аталған құбылыстар толығымен жойылды және келесі 5 
тәулік физиологиялық нормадан ауытқулар байқалмады. Осылайша, 
зерттелетін штаммдармен әлсіз зақымдалған жергілікті-тітіркендіргіш әсерге 
ие. 
Пробиотикалық мақсатта ұсынылып отырған 
Lactobacillus brevis 8-6 М, 


122 
Lactobacillus paracasei 8-2 M, Lactobacillus helveticus 5-2M, Bif.crudilactis 7- 1C, 
Lact.lactis 7-8 M
штаммдарының патогенділік және жағымсыз әсерлерінің 
сипатын зерттеу негізінде микрорганизмдердің қауіпсіздігіне бағалау 
жүргізілді. Бұл 
жұмыста 
аталған 
штаммд өсінділік-морфологиялық 
ерекшеліктері, in vitro жағдайында потенциальды-патогенді белгілерін анықтау, 
вируленттігі, аллергендік және сезімтал әсері бойынша тітіргендіргіш әрекетін 
зерттеу нәтижелері ұсынылған.
Штаммдардардың 
жіктелуіне 
сәйкес 
(Микроорганизмдер-
продуценттердің, 
бактериялық 
препараттардың 
және 
олардың 
компоненттерінің жұмыс аймағының ауасындағы шекті рұқсат етілген 
концентрациясы (ШРК) ГН 2.2.6.709-98 Гигиеналық нормативтері) аталған 
белсенді штаммдар қауіптіліктің 4-класына жатқызылды (Қосымша В)[111]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет