«Авторитеттерге сілтеме жасау», «ҧсыным бойынша», «куәлік» немесе «куәлік ету» . Бҧл әдіс жоғары авторитетке ие адамдардың пікірлерін немесе
манипуляциятивтік ықпалға кӛне кететін адамдар категорияларына кері
реакция тудыратын жеке адамдардың пікірлерін мысалға келтіруге негізделеді.
Пайдаланылатын пікірлер әдетте адамдарға, идеяларға, оқиғаларға, ҧйымдарға
қатысты бағалау пайымдауларын қамтиды және оларды айыптау немесе
қолдауды білдіреді. Осылайша, манипулятивтік ықпал жҥргізілетін обьект
ретіндегі адамда эмоционалдық-позитивті немесе оған кері сәйкес тҥрдегі
қатынастар қалыптасады.