Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев



Pdf көрінісі
бет42/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

5.2
 
КЖ -лердің сенімділігін жоғарылату. 
 
Сенімділік 
деп жҥйенің белгілі бір эксплуатация жағдайларында оған 
жҥктелген мәселелерді орындай алу қасиетін тҥсінеміз. Компьютерлік жҥйе 
істен шыққан кезде ол қойылған барлық мәселелерді қҧжаттар бойынша
қарастырылғандай орындай алмай-ды, яғни ол дҧрыс жҧмыс істеу жағдайынан 
дҧрыс жҧмыс істей алмайтын жағдайға ауысады. Егер компьютерлік жҥйе 
істен шыққан кезде берілген жҧмыстарды техникалық қҧжаттар бойынша 
белгілен-ген негізгі сипаттамаларынның мәндерін сақтай отырып жҧмыс істей 
алса, онда компьютерлік жҥйе жҧмыс істеуге қабілетті деп есептеледі. 
Ақпараттың қауіпсізідігі тҧрғысынан қарағанда ең болмағанда КЖ-лердің 
жҧмыс істеу қабілетін сақтау керек. Бҧл жағдайда КЖ-лердің сенімділігі 
программалық және аппараттық қҧралдардың сенімділігі арқасында іске асады. 
КЖ-лердің сенімділігі тӛмендегідей кезеңдерде мақсатына жетеді: 
-
қҧрастыру; 
-
ӛндіру; 
-
пайдалану. 
Программалық қҧралдар ҥшін оларды жасау мен пайдалану кезеңдері 
қарастырылады. Программалық қҧралдарды жасау кезеңі сенімді компью-
терлік жҥйелерді жасауға ең маңызды кезең болып табылады. 
Бҧл кезеңдегі программалық қҧралдардың сенімділігін жоғарылатудың
негізгі бағыттары мыналар: 
-
оларды жасауға деген мәселелердің дҧрыс қойылуы; 
-
программалық прогрестік технологияларды пайдалану; 
-
жҧмыс істеу дҧрыстығын тексеру. 
Есептің қойылуының дҧрыстығы пәндік облыстағы мамандар мен жоғары 
кәсіпқой программист-алгоритмдеушілердің қолтықтаса жҧмыс істеуі нәтиже-
сінде іске асады. 
Қазіргі кезде программалық ӛнімдердің сапасын жоғарылату мақсатында
осы заманға программалау технологиялары (мысалы CASE технология) 
пайдаланылады. Бҧл технологиялар программаларды жасаушылардың субъек-
тивтік қателерінің мҥмкіндіктерін азайтады. Олар программалау процесінің 
жоғарғы дәрежеде автоматтандырылуымен, стандартты программалық 
модульдерді пайдаланумен, олардың бірігіп істеген жҧмыстарын тестілеумен 
сипатталады. 
Алгоритмдер мен программалардың дҧрыс жҧмыс істеуін тексеру оларды
жасаудың әрбір кезеңінде жҥргізіледі және барлық есептер мен режимдердің
дҧрыс жҧмыс істеуін кешенді тҥрде тексерумен аяқталады. 
Пайдалану кезеңінде программалық қҧралдарға тексерулер енгізіледі, 
олардағы жіберілген қателер тҥзетіледі, программалық қҧралдардың тҧтас-


55 
тығы мен осы қҧралдар пайдаланатын мәліметтердің ӛзектілігі қамтамасыз 
етіледі. 
КЖ-дегі техникалық қҧралдардың (ТҚ ) сенімділігі барлық кезеңдерде 
қамтамасыз етіледі: жасау кезеңінде КЖ-дің сенімділігін ең жоғарғы тҥрде 
қамтамасыз ететін элементтік база, ӛндірістік технология мен қҧрылымдық 
шешімдер таңдап алынады. 
ТҚ-дардың сенімділін қамтамасыз етуде ӛндіріс кезеңінің ролі ҥлкен. 
Сенімді ӛнімді шығарудың басты шарттары ӛндірістің жоғары деңгейі мен 
шығарылатын ТҚ-дардың сапасын тиімді тҥрде тексеру болып табылады. 
ҚЖ-дің сенімділігін қамтамасыз ету проблемасын шешудегі ТҚ-ды 
пайдаланудың меншікті салмағы кейінгі кезде әжептеуір тӛмендеді. Дербес 
ЭЕМ-дер сияқты жекелеген есептеу техникаларының тҥрлері ҥшін техникалық 
пайдалану процесіне қойылатын талаптар іс жҥзінде тҧрмыстық приборларды 
пайдалану деңгейіне дейін тӛмендетіледі. Қазіргі кезеңде есептеу техника-
сының қҧралдарын пайдаланудың ерекшелігі техникалық қҧралдар мен прог-
раммалық қҧралдарды, атап айтқанда, жалпы программалық қамтамасыз ету 
қҧралдарын пайдалануды бір-біріне жақындату. 
Дегенмен, ТҚ-ды пайдаланудың ролі КЖ-дің сенімділігін, әсіресе кҥрделі
компьютерлік жҥйелердің сенімділігін арттыру мәселелерін шешудегі ролі 
жеткілікті тҥрде мәнді болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет