Ж. Нысамбаев, Н. С. Уалиев



Pdf көрінісі
бет41/120
Дата06.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#79232
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   120
Байланысты:
Akparattik kauipsizdik zhane akparattyk korgau Nysambaev

Ақпаратты кездейсоқ
қауіптерден қорғау 
Ақпаратты 
қайталау 
КЖ-дің сенімділігін 
жоғарылату 
Тоқтап қалуға 
орнықты КЖ ді
жасау 
Адам мен КЖ-нің 
ӛзара әрекеттерін 
тиімділеу 
Кездейсоқ апаттар мен 
авариялардың 
зардаптарын азайту 
Қате 
операцияларды 
тоқтату 


51 
-
машиналық тасымалдаушылардың арнайы бӛлінген жад облыс-тарын 
пайдаланатын; 
-
алынатын ақпарат тасымалдаушыларын пайдаланатын әдістерге бӛлуге 
болады. 
Кӛшірмелердің санына байланысты қайталау әдістері: 
-
бір деңгейлі; 
-
кӛп деңгейлі 
болып бӛлінеді. 
Негізгі және қайталанатын ақпаратты тасымалдаушылардың кеңістіктегі 
орналасу қашықтығына байланысты қайталау әдістері тӛмендегідей әдістерге
бӛлінеді: 
-
шоғырланғанған қайталау; 
-
бытыраған қайталау; 
Қайталаудың шоғырланған әдістері деп негізгі және қайталанған 
тасымалдаушылар бір ғимаратқа орналасқан әдістерді айтуға болады. 
Қалған әдістердің бәрі бытыраған әдістерге жатады. 
Қайталау тәртібіне байланысты мынадай әдістерді айтуға болады: 
-
толық кӛшіру; 
-
айнадай кӛшіру; 
-
жарым-жартылай кӛшіру; 
-
қҧрамдас кӛшіру; 
Толық кӛшіруде барлық файлдар қайталанады. 
Айнадай кӛшіруде негізгі ақпараттың кезкелген ӛзгерістері қайтала-натын 
ақпаратта да сондай ӛзгерістер тҥрінде қайталанады. Осындай қайталауда 
негізгі ақпарат пен дубль ҧқсас болады. 
Жарым-жартылай қайталауда белгілі бір файлдардың, мысал ҥшін, 
пайдаланушылардың файлдарының дубльдері жасалады. Инкременттік кӛшіру
деп аталатын жарым-жартылай кӛшірудің бір тҥрі соңғы кӛшіру кезінде 
ӛзгеретін файлдарды қайталау әдісі болып табылады. 
Қҧрамдас кӛшіру комбинациялар жасауға жағдай тудырады, мысалы 
толық және жарым-жартылай кӛшірулерді оларды жҥргізудің әртҥрлі 
периодтылығымен орындайды. 
Ең соңында, қайталанатын ақпараттың тҥріне қарай, қайталау әдістерін 
тӛмендегіше бӛлеміз: 
-
ақпаратты сығу арқылы; 
-
ақпаратты сықпайтын. 
Сыртқы емес сақтау қҧрылғылары ретінде қайталанған ақпаратты сақтауға
қатты магниттік дисклердегі және магниттік ленталардағы жинақтаушылар 
қолданылады. Қатты магниттік дискідегі жинақтаушылар әдетте ақпаратты
оперативті қайталау ҥшін қолданылады. 
Мәліметтерді КЖ -де қайталаудың ең қарапайым әдісі жҧмыс дискісіндегі
бӛлінген жад облыстарын пайдалану болып табылады. Бҧл облыстарда ӛте 
маңызды жҥйелік ақпарат қайталанады, мысал ҥшін, каталогтар кестесі мен 
файлдар кестесі. Олар жҧмысшы кестелерден бӛлек қатты дискінің цилинд-
рінде және беттерінде орналасатындай етіп қайталанады. Мҧндай қайталау 


52 
дисклердің жеке учаскелері бҥленгенде ақпаратты толық жоғалтудан 
сақтайды. 
Оперативті қайталаудың ең маңызды әдісі айна тҥріндегі дисклерді пайдалану
болып табылады. 
Айна тҥріндегі диск деп жҧмыс дисксіндегі ақпаратқа толық сәйкес 
болатын ақпарат сақталатын қатты магниттік дискіні айтамыз. 
Бҧл кезде барлық жазу операциялары екі дискіге параллель тҥрде жазу 
арқылы орындалады. Жҧмысшы жинақтаушы диск істен шыға қалса, онда 
жҧмыс істеу автоматты тҥрде айна тҥріндегі дискіге нақты уақыт режимінде 
ауысады. Бҧл кезде ақпарат толық кӛлемде сақталады. Ақпараттың сақталуына
жоғары талаптар қойылатын компьютерлік жҥйелерде (әскери жҥйелер, 
технологиялық процестер-ді автоматты тҥрде басқару, желілір серверлері, 
желілердің комму-никациялық модульдері т.б.) ереже бойынша жеке 
контроллерлерге және қоректендіру блоктарына қосылған екі немесе одан кӛп 
резервтік дисклер пайдаланылады. Айна тҥріндегі қайталау оперативті 
қайталауды қамтамасыз етеді, бірақ ең кем дегенде екі есе кӛп ақпараттық
шығындарды талап етеді. 
Ақпаратты сенімді және тиімді тҥрде қатты дисклерде сақтау
идеологиясы RAID (Redundant Azzay of Independent Disks) деп аталатын
технологияларда ӛз мҥмкіндіктерін тапты. Бҧл технология қатты магниттік 
дисклердегі жинақтаушылардың жекелеген блоктары істен шыққан кезде 
мәліметтерді сақтаудың блоктық қҧрылымын параллель сҧраныстарды
орындау мен ақпаратты қайта қалпына келтіру концепциясын іске асырады.
Осы технологияны іске асыра-тын қҧрылымдарды RAID қосалқы жҥйелері
немесе RAID -тің дискілік массивтері деп атайды. RAID технологиясында
0-шіден 5-шіге дейінгі 6 негізгі деңгей бӛлініп алынады. Әртҥрлі модифи-
кацияларын есептегенде олардың саны одан да кӛп. RAID денгейлері ӛзара 
тәуелсіз дисклерге жазу ретін және ақпаратты қалпына келтірудің ретін 
анықтайды.
RAID- тің әртҥрлі денгейлері қосалқы механизмдердің тез жҧмыс істеуін
және ақпаратты қалпына келтірудің әртҥрлі тиімділігін қаматамасыз етеді. 
RAID- тің нольдік денгейі файлдарды жазу ҥшін блоктарды ( магниттік диск-
лердегі жинақтаушыларды) рет-ретімен пайдалануды ҧсынады. Мҧнда 
қайталау қолданылмайды. Айна тҥріндегі қайталау RAID-тің бірінші дең-
гейінде қолданылады. Оның екінші денгейінде ақпараттың баиттері дисклерде 
қайталаумен орналастырылады. 3-нші деңгейден бастап, ақпаратты қалпына 
келтіру ҥшін қайталау қолданылмайды, оның орнына бақылау ақпараты
қолданылады. Қайта қалпына келтіру бір диск істен шыққан кезде мҥмкін 
болады. Ҥшінші деңгейдегі байттар кезекпен дисклерге жазылады. Бақылау
ақпараты бӛлек бір дискіге жазылады. 4-нші денгейден бастап дисклерге 
кезекпен жазу блоктар бойынша іске асады. 4-нші денгейде бақылау
ақпаратын жазу ҥшін жеке диск бӛлінеді. 4-нші денгейдің қосалқы жҥйесі
оқуға арналған сҧраныстарды параллель тҥрде орындауға жол береді, бірақ
жазу тізбектеле орындалады, себебі, бақылау ақпараты бір ғана дискіге 
жазылады. 5-нші денгейде мәліметтер блоктарын, сол сияқты бақылау


53 
ақпаратын кезекпен жазу орындалады. Бҧл деңгейде бір мезгілде бірнеше оқу 
немесе жазу операциясын орындау мҥмкін. Бір диск істен шыққан жағдайда 
кейінгісі бақылау ақпараты кӛмегімен қалпына келтіріледі. Істен шыққан 
дискідегі ақпаратты қалпына келтіру ҥшін 10 минуттай уақыт керек болады. 
RAID қосалқы жҥйелердің блоктық конструкциясы дискілер санын 
кӛбейтуге мҥмкіндік жасайды. Нақты қосалқы жҥйелерді пайдаланушы нақты
бір КЖ-дегі сыртқы есте сақтау қондырғыларына (ВЗУ) қойылатын
талаптарды есепке ала отырып таңдайтын бірнеше деңгейлерді ҧстап 
отырады. 
RAID қосалқы жҥйелерінде ереже бойынша резервтік қоректендіру кӛздері 
пайдаланылады, ал олар жҥйелердің істен шығуға орнықтылығын арттырады.
Сол 
сияқты ақпаратты қайталау ҥшін магнитті ленталардағы
жинақтауыштар пайдаланылады. Мҧндай қҧрылғылардың сыйымдылығы кӛп, 
бірақ магниттік дисклердегі жинақтауыштарға қарағанда ақпаратқа ену 
уақыты бойынша кем тҥседі.
Қазіргі кезде қайталанған ақпаратты сақтау ҥшін ленталық жҥйелер деп 
аталатын кассеталарды автоматты тҥрде ауыстыратын қҧрылғылар (оларды 
кейде
библиотекалар
деп атайды) қолданылады. Мҧндай жҥйелер бір немесе 
бірнеше лента тартатын механизмдерден, кассеталарды ауыстыратын 
механизмнен және кассеталарға арналған магазиннен тҧрады. Бір кассетада
10 гбайт сығылған немесе 4 гбайт сығылмаған ақпарат сақталады. Жҥйенің
магазинінде 60-қа дейін Spectza Logic 4655 кассеталар болуы мҥмкін, ол кезде 
оның жадында ӛте зор мәліметтер массивтері сақталуы мҥмкін. Осындай 
кҥшті жҥйелермен бірге сыйымдылығы бірнеше есе кӛп кассеталар магазині 
болатын компактілі жҥйелер де қолданылады. Мысалы Conner Perip-herals 4586 
NP атты ленталы жҥйенің сиымдылығы 4 кассета ғана болады. Кассеталарды 
ауыстыру мҥмкіндігіне ие бола отырып мҧндай жҥйелер ленталарға бос 
кассеталар ғана сиятындай ақпаратты қайталап жаза алады. Олар оперативті 
емес қайталауға пайдаланылады, сондықтан ленталарға ақпарат сығылған 
кҥйде жазылады. Осындай қҧрылғылардың кӛмегімен толық, жарым-жарты-
лай және қҧрамдас тҥрдегі кӛшірмелерді әртҥрлі деңгейдегі кӛшірмелер
жасай отырып орындауға болады.
Алынатын машиналық тасымалдаушылар ақпаратты арнайы ақпараттық
қҧралдарды пайдаланбай-ақ қайталауға қолданылады. 
Бҧл мақсаттар ҥшін, ереже бойынша, жҧмсақ магниттік дискілер, оптика-
электрондық дискілер, сол сияқты қатты магниттік дисклер мен магниттік 
ленталар қолданылады. 
Ақпаратты сақтауға алынатын тасымалдаушыларды пайдалану әдісі 
кассеталары автоматты тҥрде ауысатын ленталық жҥйелерді пайдалануға 
ҧқсас.
Кӛп денгейлі қайталауды пайдаланғанда кӛшірмелерді жасау мен 
пайдаланудың тӛмендегі әдісі қолданылуы мҥмкін. Жоғарғы денгейдің
эталоны ретінде сирек ӛзгеретін ақпарат (программалар, тҧрақты алғашқы 
мәліметтер) қолданылады. Егер ақпаратты тӛменгі денгейдің эталондарын 
қайта қалпына келтіру мҥмкін болмаса, сол сияқты периодты тексерулер


54 
кезінде ақпаратқа ӛзгертулер жасалған кезде бірінші денгейдегі эталон
қолданылады. Екінші деңгейдегі эталон ақпаратты белгілі бір периодты-
лықпен, мысалы сӛткесіне бір рет толық кӛшіру жолымен алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет