479
13.1.1. ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ-ҚАБЫНУЛЫ АРУРЛАРЫ
Зәр шығару жүйесінің инфекциялық-қабынулы арурлары балалар зәр шығару жүйесі
ауруларының ішінде ең жиі кезедесетін ауруларға жатады. Бұл топқа жедел пиелонефрит,
созылмалы пиелонефрит, зәр жолдарының инфекциялары, цистит жатады. Ерте жаста қыз
балалар мен ер балалар бірдей ауырады, одан кейін қыз балалардың ауруы ер балалармен
салыстырғанда 10 есеге дейін арытады.
13.1.1.1. Пиел онефри т –
бүйректің табақша-түбекше жүйесінің және түтікті-
интерстициальды тіндерінің бейарнамалы жұқпалы (инфекциялы) қабынуы
.
Пиелонефрит ғылыми мәліметтер бойынша – жедел жұқпалы респираторлы
инфекциядан кейінгі өте жиі таралған ауру.
Ауру 20% жағдайда – ол емшек жасындағы сәбилерде, 50% – 4 жасқа дейінгі
балаларда басталады. Ер балалардан қыз балалар 5-6 есе жиі ауырады.
Пиелонефриттің дамуына баланың осы дертке бейімділігі де ықпал етеді. Бейімділік
факторларын жасына байланысты қарау қажет: мысалы, жаңа туған кезеңде жүктілік
кезіндегі анасының, туу кезіндегі патологиялардың, асфиксияның, сепсистің, тұқым қуа-
лау бейімділігінің, бүйрек пен несеп жолдарының морфологиялық және функциональдық
толық дамымауының маңызы бар /шумақ фильтрациялық, концентрациялық қабілетінің
физиологиялық нашарлығы, капиллярлар торының дұрыс жетілмеуі, шумақтардың куб
тәрізді эпителийінің нашар жетілуі. Генле тұзағының және өзекшелердің дистальды бөлі-
гінің қысқа болуы, нефрондардың ферменттік активтілігінің толық жетілмеуі және т.б./
Емшек жасындағы балаларда: рахит, Д гипервитаминозы, ЭКД, жасанды сүт
тағамдарымен тамақтануы, жедел вирусты және вирусты-бактериальды, респираторлы
инфекциялар, ас-қорыту жолының аурулары.
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларда, әдетте, туа болған бүйрек
және несеп жолдарының аномалияларымен тубулопатияларына байланысты, екінші реттік
пиелонефриттер дами бастайды. Сонымен қатар, созылмалы инфекция ошақтары мен ас
қорыту жолының дискенизиясы да ықпал етіп отырады.
Бейімдеу факторлары, баланың бейарнамалық иммунитетін нашарлатып,
инфекцияның пайда болып, тарала бастауына әсерін тигізеді.
Этиологиясы және
патогенезі.
Көбіне, пиелонефрит, жедел респираторлы инфек-
ция кезінде дамиды, себебі, вирусты инфекциялар қан тамырларына, соның ішінде
бүйрекке де, капиллярлы токсикалық әсер етеді де, тамырларда іркіліс, веналарда тромб
пайда болады және тамырлардың өткізгіштігі бұзылып, бүйректің аралық тіндерінде
инфекциялар тұрып қалып, бірте-бірте көбейіп, дами бастайды. Ауруды негізінен ішек
таяқшасы, стафилококк, протей қоздырады. Несебі стерильді балалар жеке топ құрайды.
Пиелонефриттің бұндай абактериальды түрлерінің дамуының лептоспирлер, вирустар,
саңырауқұлақтар және бактериялардың L-түрлері ықпал етеді. Бактериялар, антибиотик-
тердің әсерінен клеткалық қабығын толық немесе жартылай жоғалтып, L-түріне айналады.
Ал, антибиотиктердің әсері тоқтағаннан кейін L-түрлі бактериалар бұрынғы өзінің
қалпына ене бастайды.
Бүйрекке инфекция бірнеше жолдармен, яғни гематогенді, лимфогенді және өрлеу
жолдары арқылы таралуы мүмкін. Көбіне, әсіресе қыз балаларда, бүйрек уриногенді, яғни,
өрлеу жолы арқылы зақымдалады
Достарыңызбен бөлісу: