521
витаминнің жетіспеушілігіне байланысты эритроциттердің түзілуі шектеледі де, анемия
дамиды. Бірақ, бұндай анемиялар басқада витаминдер жетуспегенде анықталуы мүмкін.
Хлороз (бозғылт) – анемияның предпубертатты және пубертатты кезеңде қыз
балаларда байқалатын ерекше түрі. Алғашқыда Гиппократ morbus virginum, ал, 1629 жылы
Vazandal хлороз ретінде суреттеген дерт. Дерттің клиникасында әлсіздік, шаршағыштық,
қызмет
істеуге қабілетінің төмендеуі, жүрек соғуы, басының айналуы, басының ауруы,
ентігу, тәбетінің айтарлықтай төмендеуі, іші қатуға бейімділік байқалады. Шеткі лимфа
түйіндері, бауыр мен талақ әдетте үлкеймейді. Дене жамылғыларының аппақ қудай
болып, жасыл түстенуі байқалады.
Науқастар бор, балшық, құрғақ жармаларды жеуге
құмар болады. Кейбіреулер керосин немесе бензин исінен ләзат алады. Шеткі қан
анализінде эритроциттер санының 3,5-2 млн-ге, гемоглобин мөлшерінің айтарлықтай (50-
33 г/л), реңдік көрсеткіш тіптен 0,4-0,5-ке дейін төмендейді. Қан сары суындағы темір
және белок мөлшері төмендейді, ал эритрциттердің осмотикалық беріктігі (резистентілігі)
өзгермейді.
Қазіргі кезде теміртапшылық анемияны синдромды қарастыру кеңінен қолданылады:
Астеноневротикалық синдром:
шаршағыштық, қозғыштық, күйгелек, эмоциялық
тұрақсыздық,
тершеңдік; психикалық-моторикалық дамуында қалыс қалу; енжарлық,
астения, апатия; тәбетінің төмендеуі; ойын жинақтау қабылетінің төмендеуі; негавитизм.
Ересектеу балаларда -басының ауруы, басының айналуы, құлағының шуылдауы, көз
алдының қарайытуы, жүрек
тұсының шаншуы, тәбеті бұрмаланып известь, бор, шикі
картоп және ет жеу, сонымен қатар геофагия (жер, топырақ жеу), пагофагия (мұзды,
балмұздақты көп жеу), дәм сезуінің бұрмалануы; дизуриялық бұзылыстар.
Достарыңызбен бөлісу: