Балашт ү с І п қ алие в б а л алара у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет340/495
Дата06.02.2022
өлшемі11,76 Mb.
#80101
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   495
Байланысты:
Балалар аурулары (МЖОО «Стоматология» факультеті студенттеріне арналған)

-
 
Айсайынғы қарау, қан қысымын өлшеу, қан, зәр анализі, Зимницкий сынамасын жасау.
-
 
Тоқсан сайын биохимиялық анализ (креатинин, мочевина, электролиттер, белок 
фракциялары, қышқылды-сілтілі жағдайды) және зәр (электролиттер) тапсыру. 
Клиренс креатинин, реабсорбция коэффиценті.
Ыссы және құрғақ аймақтарда 
санаторлы-курортты ем
қабылдауға болады. 
Стоматологтар назарына.
Зәр жүйесіндегі патологиялық процесстегі инфекцияның 
орнына сәйкес созылмалы инфекциялардың ошақтарын мерзімінде санациялау қажет. 
Глюкокортикоидты және/ немесе иммуносуприсивті ем алатын балаларға тіс жұлу немесе 
күрделі стоматологиялық ем жүргізу алдында бүйрек үсті безі жетіспеушілігінің алдын 
алу үшін алдын ала бұлшық етке глюкокортикоидттар егіп, одан әрі антибактериальдық 
препараттар тағайындау тиімді деп есептелінеді.
Зәр жүйесінің кейбір ауруларына ауыз қуыстарындағы өзгерістер тән. Жедел 
пиелонефритте кілегей қабаты құрғ ақ орташа гиперемияланған болады. Тілдің жіптәрізді 
емізікшелері тегістелген. Созылмалы пиелонефритте кілегей қабаты бозғылт, ісінген, 
жұқарған. Саливация төмендеген. Кілегей қабатында эрозиялар байқалады. Тілдің түбірі 
сұрлау ақшыл болады. 
Гломерулонефритте ауыз қуысының кілегей қабаты ісінген, құрғақ, бозғылт, еріндердің 
қызыж жиегі құрғақ, езу сызаты (ауыздық) болады. Тілі құрғақ, сұр-ақшыл жабындымен 
жабылған. Кілігей қабатында жаралар болуы мүмкін. Тамақ ішкенде ауырсыну 
байқалады.
Жергілікті ем ауыс қуысының тыңғылықты гигиенасынан, анестетиктер, антисептиктер
қабынуға қарсы және ісікке қарсы препараттар тағайындаудан, кілегей қабатын өңдеу 
үшін кератопластикалық аппликациялар қолданудан тұрады.
14. ҚАН ЖӘНЕ ЖАСАУ МҮШЕЛЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ 
14.1. ӘРТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ АНЕМИЯ СИНДРОМДАР 
Анемия – 
сөзбе сөз аударғанда – қанның жоқтығы деген ұғым береді
(
грекше а –
жоқ, haemia – қан). 
Қазіргі уақытта анемия деп күрделі ауру белгілерінің кешенін 
түсінеді. Ол әртүрлі ауруларда байқалады және қан жасайтын мүшелерге немесе тікелей 
шеткі қанға әртүрлі зиянды себептер әсер еткенде дамиды. 
Анемия тері және кілегей 
қабаттардың клиникалық бозаруымен, ішкі мүшелердің бірқатар өзгерістерімен, ал 
гемотологиялық жағынан қанның көлем бірлігіндегі эритрциттер мен гемоглобиннің 
немесе екеуінің бірінің азаюымен сипатталады.
Қандағы эритроциттер мен гемоглобин-
дер тіндегі оттегіні жеткізу қызметін атқарады, ал, оның азаюы тіндердің оттегімен жеткі-
ліксіз мөлшерде қамтамасыз етілуіне әкеледі де, гипоксияның дамуына себепкер болады.


517 
Анемия жіктелісі.
Анемияның әртүрлі жіктелістері бар. Оның ішінде 
патогенетикалық негізде жасалған жіктеліс кең тараған. 
I. Геморрагиялық анемиялар. 
- жедел қан кетудің салдарынан дамитын анемия; 
- созылмалы қан жоғалтудан дамитын анемия;
II. Эритропоздің жетіспеушілігінің нәтижесінде пайда болатын анемиялар. 
1.
Тұқым қуалайтын апластикалық анемиялар

а) панцитопения (туа біткен даму ақауларының қосарлануымен – Фанкони типі; туа 
біткен ақауларсыз – Эстрен- Дамешек типі); 
б) эритроидты бөліктің парциальды зақымдалуымен (Блекфен - Даймонд анемиясы). 
2.
Жүре пайда болған апластикалық анемиялар

а) панцитопениямен (жедел, жеделдеу, созылмалы түрлері); 
б) эритропоздің парциальды зақымдалуымен. 
3.
Дизэритропатиялық анемиялар
(тұқым қуалайтын және пайда болатын). 
4.
Сидеробласты анемиялар
(тұқым қуалайтын және пайда болатын). 
5
. Жетіспеушілік анемиялар
(арнайы факторлардың жетіспеуінен пайда болатын 
анемиялар): 
а) мегалобластикалық анемиялар: 
- фольтапшылық (тағамда жетіспегенде немесе мальабсорбцияда); 
- В
12 
дәрумені жетіспеуі (мальабсобция немесе тасымалдануының бұзылуы); 
- оратты ацидоурия; 
б) микроцитарлы анемиялар: 
- темір жетіспеушілік; 
- мыс жетіспеушілік; 
- қорғасынмен улану; 
- талассемия-синдром (талассемия генін белгісіз тасымалдау) 
- витаминдер жетіспеушілік
- белок жетіспеушілік; 
ІІІ. Гемолитикалық анемиялар. 
1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   495




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет