№34-зертханалық жұмыс Тақырып: «Құрама жемдегі саңырауқұлақтар мөлшерін анықтау» Жұмыс мақсаты: Құрамажем құрамындағы саңырауқұлақтарды анықтауды үйрену.
Тапсырма: 1. Саңырауқұлақтар мөлшерін анықтау;
2. Тұжырым жасау.
Құрал-жабдықтар: 1. СЭШ-3М кептіргіш шкафы;
2. Фарфор ұнтақтағыш ыдыс;
3. Күкіртті эфир;
4. Сілті ерітіндісі;
5. Горяев камерасы.
Жұмыстың орындалуы: Диаметрі 1,0 мм болатын електен өтетіндей етіп, 50 г құрама жем
өлшендісін зертханалық диірменде майдалайды.
10 г майдаланған өлшендіні фарфор үгіткішке салып, оны пешке
15 минутқа 100 °С температурада кептіруге қояды. Кепкен өлшендіге
3 мл күкірт эфирін ысқылап жағады. Алынған заттың 0,1 г өлшендісін
пробиркаға салып, үстінен 0,5% 10 мл КОН ерітіндісін құяды, шайқап,
қайнатып, суытады. Пробиркадағы затты жақсылап араластырып,
ішінен кішкене өлшенді алып оны Горяев санағыш камерасына қояды.
Саңырауқұлақтарды талдау мен санауды микроскоп астында жүргізеді.
Жасушалар шар тəрізді, ұзынша келген немесе эллипс түрінде, ал түсі:
сары немесе қоңыр болуы мүмкін. Саңырауқұлақтардың пайыздық
мөлшері:
ɏ 3 ൌ
ɏ 2 כ
100 100 െ ܹ
ǡ
формуласымен есептелінеді.
Мұндағы, а – табылған саңырауқұлақтардың арифметикалық ортасы;
22 – тəжірибе жүзінде бекітілген саңырауқұлақтар саны.
Тəжірибенің нəтижелерін жазу а – алынған сынамадағы саңырауқұлақтар мөлшері_______________
Формуладан шыққан мəн: Х = ______________________________%
398
Тұжырым (алынған құрамажем партиясы стандартқа сəйкестігін
анықтау
___________________________________________________________
___________________________________________________________