Дәріс №1 Тақырыбы


Жауын – шашын мөлшерін өлшегіш –



Pdf көрінісі
бет90/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Жауын – шашын мөлшерін өлшегіш – 
жер бетінен 2м биікткте болу керек, географиялық алаңға жер бетіне жаңбыр, 


қар, бұршақ түрінде түскен жауын- шашын мөлшерін өлшеу үшін орнатылады. 
Қыста шелектің ішіне қарды жел үрлеп кетпеуі үшін жан-жағына қоршау 
орнатылады. Жаңбыр жауғанда шелектегі су мөлшерін өолшейді. Соған қарап 
егер жаңбыр суы топыраққа сіңіп немесе буланып ктпесе жауын-шашын 
мөлшері қанша болғанын анықтауға болады. 
3. Оқу тәжірибе учаскесі. 
Биология 
сабағында оқушыларға оқу тəжірибелік жұмыстарын 
орындауда, ол жермен таныс болуы тиіс. Соның ішінде өсімдіктану бөліміне 
тоқталатын болсақ, бұл бөлімнің оқу бағдарламасын орындауда маңызы зор. 
Осы жерде тəжірибеге қолайлы белгілі бір дақылдарды жəне жергілікті жердің 
өсімдіктерін егуге болады. Сағат бойынша ашылатын, ай – күн бойынша гүлдеп 
өнім беретін жəне əртүрлі аймақтық өсімдіктерін жəне дарвиндік алаңды 
орналастыруға болады. 
Жалпы өсімдіктану немесе жануартану пəнінен болмасын оқу 
тəжірибелік жүргізу бұл өте тиімді жəне бір жағынан оқушылар үшін де көп 
нəрселерді көріп олармен танысып бақылайтын болады. Мектеп оқушыларының 
оқу тəжірибе алаңдарында жүргізілетін жұмыстары бұл оқушылардың тəжірибе 
барысында көптеген табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артып, табиғатты 
аялап,жануарларды қорғау, яғни құстарға т.б. қорғауға қоршаған ортаны 
ластамауға т.б. табиғатқа деген көзқарастары біршама осы оқу тəжірибе жасау 
барысында тəрбиелік мақсаттың маңызы өте зор.
Оқу – тәжірибе алаңдарының бөлімдері
Мектептің оқу – тəжірибе алаңының мынадай үлгісін ұсынуға болады. 
Егістік бөлім, көкөніс, жеміс – жидек, сəндік өсімдіктер, өсімдіктер билогиясы 
бөлімдері,зоологиялық бөлім, жұмыс сыныбы бөлімі, экология бөлімдері жəне 
бастауыш сыныптарға арналған бөлім болады. Әр бөлімнің шекаралары 
белгіленіп, жоспары биология кабинетіне ілінеді. 
Егістік бөлім өсімдіктері (А):
1 – астық тұқымдастар; 
2 – бұршақ тұқымдастары; 
3 – майлы өсімдіктер; 
4 – жем – шөптік өсімдіктер; 
5 – дəрілік жəне эфирлі өсімдіктер. 
Көкөніс бөлімі өсімдіктері (Б): 
1 – тамыр жемістілер; 
2 – жемістілер; 
3 - жапырақты көкөністілер: 
4 – көпжылдық дақылдар: 
5 – алқа тұқымдастар. 
Жеміс – жидек бөлімі өсімдіктер (С): 
1 – жидектік дақылдар; 
2 – шие жəне өрік; 
3 – алма ағаштар; 
4 – бүлдіргендер; 
Сəндік бөлім өсімдіктері (Д): 


1 – бір жылдық өсімдіктер; 
2 – көп жылдық өсімдіктер; 
3 – бұталар; 
4 - өсімдіктердің отаны. 
Өсімдіктер биологиясы бөлімі (Е): 
1 – тұқымдастар; 
2 – қылқанды жəне споралы өсімдіктер; 
3 – көктемдік өсімдіктер; 
4 - өсімдіктер морфологиясы; 
5 – гул сағаты; 
6 – гүл күнтізбесі; 
7 – бейімделгіштік; 
8 – дарвиндік алаң; 
9 – су қоймасы; 
Зоологиялық бөлім (К): 
1 – Кептерлер ұясы; 
2 – террариум орыны; 
Экология бөлімі (П): 
1 - əртүрлі экологиялық топ өсімдіктер
2 – топырақ кесіндісі; 
3 – қоқыс өсімдіктер. 
Жұмыс сыныбы бөлімі (У): 
1 – оқушылардың жұмыс орыны; 
2 – Құрал – сайман сақтау орны; 
3 – Қарашірік, көң сақтайтын алаң. 
Бастауыш сыныптар бөлімі (Т): 
1 – бақылау орындары; 
2 – ағаш,өсімдік егетін орын. 
Егістік бөлім өсімдіктері. Егістік бөлімді екі бөлікке бөлуге болады: 
кооДəріслық жəне тəжірибелік. Осы бөлімдегі астық тұқымдас өсімдіктер: 
бидай, қара бидай, сұлы, арпа, жүгері, тары. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерден: 
асбұршақ соя, үрмебұршақ, жамбасбұршақ. Майлы өсімдіктер: күн-бағыс, 
үпілмəлік, қышы, жержаңғақ, бұйра зығыр т.б. Жем – шөптік өсімдіктер: беде, 
қарабас шалғын, түлкі құйрық, қоңырбас, жоңышқа, еркекшөп т.б. дəрілік жəне 
эфирлі өсімдіктер: анис, жиек жалбыз, шалфей, кориандр, қазтамақ, маун т.б. 
КолДəріслық бөлімде өсімдіктерді олардың тұқымдары мен жемістерін, 
басқа да бөліктерін жинап алу үшін өсіреді. 
Тəжірибелік бөлім. Әрбір колДəріслық бес жүйектің əрқайсысының 
жұптары болып тағы да бес жүйектен тұрады. Бұл бөлімде тəжірибелер 
жүргізіледі. Мысалы астық тұқымдас өсімдіктерге жүргізілген тəжірибе 
колДəріслық бөлімге қарсы екінші жүйектегі астық тұқымдасқа жасалады. 
Сонымен егістік бөлім екі қарсы жүйектен тұрады, бірі – колДəріслық, екіншісі 
– тəжірибелік. 
Көкөніс бөлімі өсімдіктер. Тамыр жемістілерден: сəбіз, қызылша қант 
қызылшасы, шалқын, редис. Жемістілер: томат, қияр, асқабақ. Жапырақты 
көкөністілер: орамжапырақ, салат, пияз, қымыздық. Көпжылдық дақылдар: 


желкек, ши қазтаңдай, рауғаш, жер алмұрт. Алқа тұқымдастылар: картоп, 
баклажан, бұрыш. 
Жеміс – жидек бөлімінің өсімдіктері. Жидектік дақылдардан: қарақат, 
таңқурай. Шие жəне өрік сорттары. Алма ағаштарының сорттары. Бүлдірген, 
сиырбүлдірген. 
Сəндік бөлім өсімдіктері. Біржылдық өсімдіктер (гүлдер): қашқар гүл, 
левкой, барқыт шөп, шай шөп тағы басқа. Көпжылдық өсімдіктер: жылан қияқ, 
уқорғасын, əртүрлі қалампырлар, бөрі бұршақ,көкнəр,лалагүл, раушан тағы 
басқа. Бұлар: тобылғы, сирень, ақ жұпар, жиде т.б. Өсімдіктердің отаны: бұл 
жерге шығу тегіне байланысты өсімдіктерді топтастырып өсіруге болады. 
Мысалы, Америка – жүгері мен картоп отаны, Мексика – күнбағыс отаны т.б. 
Өсімдіктер биологиясы бөлімі: Бұл бөлімнің оқу бағдарламасын 
орындауда маңызы зор. Осы жерде тəжірибеге қолайлы белгілі бір дақылдарды 
жəне жергілікті жердің өсімдіктерін егуге болады. Сағат бойынша ашылатын, ай 
– күн бойынша гүлдеп өнім беретін жəне əртүрлі аймақтық өсімдіктерін жəне 
дарвиндік алаңды орналастыруға болады. 
Су қоймасына балдырларлды, гидралар, губка – бодягалар, молюскаларды 
көбейтіп сабаққа, үйірме жұмыстарына пайдаланған тиімді. 
Ескерте кететін бір жай, кез – келген бөлім өсімдіктермен жəне 
жануарларымен тəжірибе жасауға болады, ол ұстаздың жəне оқушылардың 
қалауымен шешіле береді. 
Өсімдіктер 
биологиясы 
бөлімі 
«Өркендер 
мен 
бүршіктер», 
«Гүлшоғырлар», «Гүлді өсімдіктердің топтары» жəне тағы басқа тақырыптарда 
танымжорық жүргізуге болатын жер. 
Зоологиялық бөлім. Бұл бөлімді жануарларды сабақтарда оқытуда жəне 
сабақтан тыс, сыныптан тыс жұмыстарда жан – жақты пайдалануға болады. 
Кептерлер ұясында əртүрлі қолтұқымдарды ұстауға болады, олар жануарларды 
оқытқанда, анатомия жəне жалпы биология сабақтарында тəжірибелерге 
пайдаланылады. Үй қояндары мен тауықтарды да ұстауға болады. Террариумдар 
жасап онда қосмекенділерді, жорғалаушыларды (суық кездері тірі табиғат 
мүйісіне ауыстыруға болады) ұсақ сүт қоректілерді ұстау мүмкіндігі бар. 
Бастауыш сыныптар бөлімі: Осы бөлімі төменгі сынып оқушылары үшін 
метереологиялық, фенологиялық бақылаулар жасап, өсімдік егу жəне көшіріп 
отырғызу сияқты қарапайым жұмыстар жасап табиғатпен байланыс жасау, 
жақындастыру мақсатындағы үлкен тəрбиелік мəні зор орын болуы тиіс. 
Экология бөлімі: Экологиялық бөлімде өсімдіктер өміріндегі экологиялық 
заңдылықтарды анықтау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жерде барлық тəжірибелер 
жергілікті жерлің өсімдіктерінде жүргізіледі жəне кооДəріслар жасалады. 
Әртүрлі экологиялық топ өсімдіктеі алаңында күзде гүлдейтін өсімдіктер, ерте 
көктемде гүлдейтіндер, жалпақ жапырақтылар, ұсақ жапырақты ориандар, Альпі 
тауы,ылғал 
сүйгіш 
өсімдіктер, 
шалғындық 
жəне 
тапталған 
(мал 
жайылымындағы, адам көп жүретін жерлердегі өсімдіктер) өсімдіктер күйі
көрсетілетін тұрғыда болуы керек. Топырақ кесіндісі жерден қазылып онда 
барлық топырақ қабаттары – қарашірік, сары топырақ.құм, саз жəне тастар 
толық көрініп тұруы қажет. Қоқыс өсімдіктері алаңқайында төгілген қоқыста 


өсімдіктер қалай өсіп, қандай түрлер мен тұқымдастар негізінен орын алатыны 
көрінгені дұрыс. 
Экологиялық бөлім жаңа бөлім болғандықтан ұйымдастыруда аса 
жауапкершілікпен, жан – жақты ойланып кіріскен жөн. Себебі бұл бөлімнің 
əрбір тобын, алаңдарын жасау аса шеберлікті, білімді қажет етеді. 
Оқу – тəжірибе алаңында əртүрлі жұмыс түрлерін дұрыс ұйымдастырса: 
-
игерілген биологиялық білім мен біліктіліктің практикада қолдану
арқылы жетілдіруіне; 
-
биологиялық негізделген агротехниканы ескре отырып мəдени 
өсімдіктерді өсірудің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруына; 
-
өсімдіктер мен жануарларға тəжірибелер жүргізу білімі мен 
біліктілігінің дамуына; 
-
биологиялық құбылыстарды бақылау, фенологиялық кезеңдерді 
анықтау жəне оны сипаттау, бақылауларды жазып отыру, бақылаудағы 
жəне тəжірибелік нысандарды салыстыру,қарапайым есептеулерді 
пайдалану негізінде дəлелді тұжырымдар жасау, табиғат жағдайына 
байланысты жəне тəжірибе шарттарның өзгеруіне байланысты алынған 
деректерді түсіндіре алу біліктілігінің қалыптасуына; 
-
табиғат құбылыстарын жəне өсімдіктер жағдайын белгілеп отыратын 
құралдары пайдалана алу біліктілігінің қалаптасуына жəне жетілуіне 
ықпалын тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет