77
тәсілі –
стилистикалық бояма лексиканы қолдану
. Тілшілер
публицистикалық тақырыпатты қандай да бір стильге жақын етіп,
тиісті «бояумен» ұсыну арқылы мақаланың оқырмандар тарапынан
қалай
қабылданатындығына әсер етіп, бұл үрдісті «басқара алады».
Айталық, сіз мерзімді басылым беттерін парақтап, түрлі ғылыми
терминдермен,
түсініксіз
сөздермен
«аузы-мұрны
толғанша
безендірілген» мақалаға жолықтыңыз-делік, мұндай публицистикалық
шығарманы зер салып оқуыңыз екіталай, себебі жаңа ақпаратты
қабылдау үрдісі о бастан «кедергіге»
тап болып, біздің санамыз оны
ары қарай қазбалап, мәселенің анық-қанығына жету құштарлығынан
айырылады. Шын мәнінде мұндай мақаланың мазмұнында әбден
түсінікті,
тіпті қызықты, мәлімет жасырынуы мүмкін, бірақ «тауар
қаптамасы» қызметін атқаратын тақырыпат дұрыс құрылмағандықтан,
қаптаманың астарына көбі үңіле бермейді. Немесе, керісінше, саяси не
ғылыми тақырыптағы мақаланың атауы қарабайыр сөйлеу тілімен
немесе «мен мұндалап» тұрған тым жарқын құрылыммен берілсе де,
реципиент оны елемей өтуі болмаса авторды біліксіз маман деп ойлап
қалуы да әбден ықтимал. Сол себепті публицистикалық тақырыпатта
автордың сөздерді қандай мағынада,
қандай стилистикалық реңкте
қолдануы да өте маңызды. Мысалы: «
Сырлы қала туралы сыр немесе
Павлодар атауын өзгерту хақында
» (СС. – 04.11.2004), «
"Бiсмiллә"
деп басталған iс берекелi болмақ
» (ЕҚ. – 05.06.2002), «
Қарадан
шығып хан болған
» (АТ. – 13.11.2008), «
Әлқисса, он бес мың жұмыс
орны ашылады
» (ЕҚ. – 03.07.2012)
деген тақырыпаттарда кітаби
лексика басым: кітаби, көркем әдеби сөздер бұл тақырыпаттарға оң
эмоционалды-бағалауыштық реңк береді. Ал «
Сенің ауылың анау,
менің ауылым мынау
» (ЕҚ. – 29.11.2008), «
Осы, ораза қашан?
» (ЕҚ. –
31.12.1994), «
Не айтайын деп отыр едiм...
» (ЖА. – 18.05.2010) деген
сияқты
тақырыпаттардың
кітаби
лексикадан
гөрі
ауызекіге
жақындығы – олардың прагматикалық әлеуетіне өз ықпалын жасамай
қоймады.
Ауызекі стилге тән, сөйлеу тілі лексикасын орынды қолданудың
өзіндік артықшылықтары да бар. «
Жоспар деген керек пе, осы.!?
»
(Ақ. – 1994. №2), «
Таспен атқанды аспен атқан елмiз ғой
» (Ақ. –
2001. №11) сияқты мақала тақырыпаттарының
негізінде журналист
оқырманды тиісті ақпаратты қабылдауға дайындап қана қоймай, оны
қабылдау үдерісін де жеңілдетеді. Сонымен қатар мұндай лексиканы
қолдану арқылы автор өзінің «жаңалық жеткізуші жаршы» деген аты
болмаса, оқырмандар сынды қарапайым қара халықтың өкілі
екендігін, сөйтіп, өзінің «қай жақта» екенідігін
астарлап жеткізгісі
келгендей.
78
Мақала тақырыпатында кірме (өзге тілді) лексиканы қолдану да
оның экспрессивтілігін арттырып, оқырман назарын бірден аударады.
Әдетте, мұндай тақырыпаттарда заман талабына сай күнделікті өмірде
жиі ұшырасатын, барша жұртқа түсінікті халықаралық сөздер
қолданылады, ал кейде керісінше, таныс емес, жат сөздерді де мақала
атауларынан кездестіреміз: ондай тақырыпатқа кезіккен реципиенттің
жаңа сөз мағынасын ұғу үшін мақала
мәтінін амалсыз оқуына тура
келеді. Мысалы: «
"Қазақстан миссисi – 2011" байқауы өттi
» (ЕҚ. –
16.09.2011), «
Қайырбектiң "ноу-хауы"
» (ЕҚ. – 06.01.2011), «
Праймериз
дегенiмiз не?
» (ЕҚ. – 04.07.2007), «
"Нұр Отан" жай ғана саяси бренд
емес
» (ЕҚ. – 18.04.2009), «
Фьючерстiк тәсiл тиiмдi ме
?» (ЕҚ. –
19.08.1994). Қашан болмасын публицистика таразының тасындай
алма-кезек өмірдің барлық қырларын көрсете білуі керек. Бұл жолда
ол заман талабына сай «сәнді» саналатын
басқа тілден енген кірме
сөздерді қолданбай тұра алмайды. Журналист белгілі бір жағдайды
баяндап жазу барысында кірме сөздерді және варваризмдерді
қолдануы әбден үйреншікті жайт.
Достарыңызбен бөлісу: