Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


Тҥрлі жас топтарындағы тәрбие мен оқыту тҥрлері мен қҧралдары



Pdf көрінісі
бет76/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

Тҥрлі жас топтарындағы тәрбие мен оқыту тҥрлері мен қҧралдары
Түрлі жастағы топтарда білім беру процесін ұйымдастырудың кешенді
топтық және жеке түрлерін қолданады, олар педагогтің балалармен және 
балалардың арасында ӛзара қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.
Ең тиімдісі жұмыстың әр түрінің үйлесуі болып табылады (ұжымдық 
жұмыс, шағын топтармен жұмыс және жеке сабақтар). 
Дамытушылық міндетті кешенді түрде, ал білімділік міндетті бір шағын 
топпен (жаңа материалды хабарлау, білімді бекіту, кеңейту және нақтылау) 
шешкен тиімді болады.
Мысалы, 3 жастағы балалар бар түрлі жас тобында: 
1) кешенді форма: 
- I кезеңде жұмысты 4 жастағы балалар бастайды: жаңа тақырып 
зерделенеді, жеке тапсырмалар орындалады.Содан кейін жұмысқа 3 жастағы 
балалар қатыстырылады. Олармен педагог, ал ересек балалар жұптасып жұмыс 
жасайды. 
- ІІ кезеңде жалпы барлық балалар үшін іс-әрекеттің басталуы: ойын 
жағдаяты, танымдық ізденушілік бағыттағы сұрақ, ұйымдастыру сәті. 3 
жастағы балалар жалпы ұйымдастырылған оқу қызметіне 10-15 минут 
қатысады: белсенді қатысу, пассивті тыңдау, заттық әрекет, ересек балалармен 
бірлесе жұмыс істеу. 
- ІІІ кезеңде үш жастағы балалар жұмысты аяқтайды. Егер мүмкіндік 
болса, балаларды жатын бӛлмеге немесе оқшауланған шешінетін бӛлмеге 
шығару керек, онда олар тәрбиеші кӛмекшісінің қарауында ойнайды. Егер 


66 
мүмкіндік болмаса барлық балалар қорытынды әңгімеге қатысады.Сонымен 
қатар ортаңғы топ балаларының ұйымдастырылған оқу қызметінің жалпы 
ұзақтығы 15-20 минутты құрайтынын ұмытпаған жӛн.
2) балалардың бір уақыттағы әрекеті: 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бұл түрі Үлгілік бағдарламаның білім 
беру салаларының бірі бойынша шағын топтың бір уақыттағы жұмысын, бірақ 
әртүрлі бағдарламалық міндеттерін қарастырады. 
Мысалы, тәрбиеші кӛмекшісінің қарауымен арнайы жасалған ортада кіші 
топ балаларына ойын әрекеттері ұйымдастырылады, ал тәрбиеші ортаңғы 
топтың балаларымен ұйымдастырылған оқу қызметін ӛткізеді.
Тапсырмаларды орындағаннан кейін шағын топтар орындарымен 
ауысады.
3) жастары бойынша балалардың жеке әрекеті.
Ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастырудың бұл түріне түрлі білім 
беру салалары бойынша балаларды топпен ұйымдастыруға болады. 
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бұл түрін педагогтер немесе екі 
тәрбиеші жүргізген кезде жүзеге асырылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет