Оқу жылында қазақстан республикасының білім беру ҧйымдарында


Мектепалды жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту



Pdf көрінісі
бет73/325
Дата06.02.2022
өлшемі4,42 Mb.
#81968
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   325
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылына

Мектепалды жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту 
(5 жастан бастап) 
Мектепалды даярлық 5 жастан бастап отбасында, мектепке дейiнгi 
ұйымдарда, мектепалды даярлық сыныптарында жүзеге асырылады («Білім 
туралы» ҚР Заңы 30-бап) (бұдан әрі - Заң).
1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады (Заңның 31 бабы).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері: 
- балалардың оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының 
дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық); 
- мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып 
оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік
дербестік, ынталық); 
- ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларын тәрбиелеу 
(құрдастарына кӛмек кӛрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.); 
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі 
ұйымнан мектепке кӛшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді 
қамтамасыз ету; 
- баланың мектепке деген эмоционалдық-жағымды қарым-қатынасын, 
оқуға деген ынтасын дамыту.
Білім беру процесі: 
- ӛтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға; 
- апталық циклограммаға сәйкес ӛткізіледі; 
- тәрбиеленушілердің жетістіктеріне мониторинг (бастапқы, аралық және 
қорытынды) жүргізіледі.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің кӛлемі - 20 
сағат және ҰОҚ ұзақтығы -25-30 мин. 
Үлгілік оқу жоспарларына мынадай ӛзгерістер мен толықтырулар 
енгізілді: 
«Қатынас» білім беру саласы: 
- «Драма» ҰОҚ алынып тасталды, 0,5 апталық жүктемесі және 
міндеттері «Кӛркем әдебиет» ҰОҚ-не енгізілді, аптасына 1 сағатты құрайды. 
«Драма» ұйымдастырылған оқу қызметінде кӛзделген міндеттер «Кӛркем 
әдебиет» ҰОҚ арқылы әдістемелік тәсілдердің кӛмегімен (рӛлдерде ойнау, 
театрландыру, әңгімелеу, рӛлдерді қайталау және т.) жүзеге асатын болады. 
- «Шет тілі» ҰОҚ алынып тасталды, 1 сағат апталық жүктемесі 
«Сауат ашу негіздері» ҰОҚ енгізілді және 2 сағатты құрайды. 
«Әлеумет», «Таным» білім беру салалары: 
- «Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды, 0,25 сағат апталық 


62 
жүктемесі «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ енгізілді және апталық жүктемесі 
0,5 сағатты құрайды. «Экология негіздері» ҰОҚ міндеттері «Жаратылыстану» 
ҰОҚ-де шешілетін болады. 
Ұйымдастырылған оқу қызметін ӛткізуге қойылатын талаптар-
ұйымдастырылған оқу қызметінің рұқсат етілген кӛлемін, ұзақтығын 
қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келуі.
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес мектепалды даярлық үшін вариативтік 
компонент қарастырылған. Вариативтік компонентті анықтауда балалардың 
жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және білім беру ұйымының 
қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі. 
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің 
апталық оқу жүктемесінің кӛлемі-2 сағатты, ал қазақ тілінде оқитын балалар 
үшін вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің кӛлемі - 3 сағатты 
құрайды. Апталық жүктеменің жалпы кӛлемі-20 сағат. 
Тәрбиелеу-білім беру қызметі Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге 
асырылады. 
Мектепке дейінгі ұйым түлегінің дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар мектепке дейінгі білім берудің мақсаттарымен, міндеттерімен, 
мазмұнымен негізделген және «Стандартқа қосымшада «Туғаннан бастап 1-
сыныпқа қабылданғанға дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының 
тізбесінде» кӛрсетілген тәрбиеленушінің дамуының күтілетін нәтижелерін 
қамтиды.
Баланың одан әрі дамуы үшін қажетті жетістіктер тізбесі баланың 
дамуының жалпы әлеуметтік маңызы бар болжамдары, 5 жастан асқан 
балалардың даму нормалары, белгіленген білім беру мақсатына қол жеткізуге 
бағытталған ересектер (педагог қызметкерлер, тәрбиеленушілердің заңды 
ӛкілдері) қызметіндегі бағыт-бағдарлар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   325




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет