64
нұсқауларына сәйкес әрекет жасауды қалыптастырады, жаңа біліктер мен
дағдыларға жоспарлы түрде сабақтастықта үйретеді, танымдық белсенділігін
дамытады.
Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін жалпы ӛтпелі тақырыптарға
сәйкес ӛткізуі қажет, әртүрлі жас тобында бұл
тәсіл барынша ыңғайлы және
тиімді.
Жалпы ӛтпелі тақырыптар педагогке уақытты тапсырманы түсіндіру мен
оны орындауға үнемдей отырып, сол уақытты тиімді қолдануға мүмкіндік
береді.Тәрбиеші кіші шағын топпен жұмыста ересек балалардың тәжірибесін
қолданады.Мысалы, «Сурет салу» ұйымдастырылған оқу қызметінде ортаңғы
топтың балаларына жаңа тақырыпты түсіндіру барысында ересек топ
балаларын, мектепалды жасындағы балаларды сурет салу әдістерін кӛрсетуге
баулиды. Ал «Сӛйлеуді дамыту» ұйымдастырылған оқу қызметінде бес
жастағы балалар тӛрт жастағы балалардың заттардың атауларындағы сӛздердегі
дыбыстарды анықтаудағы тапсырманы орындағандарын тексереді.
«Сурет салу», «Мүсіндеу», «Құрастыру», «Жапсыру», «Математика
негіздері», «Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметтерінде осындай
оқыту жүйесі тақырыптарды жыл сайын күрделендіруге есептелген.
Мысалы, «Математика негіздері» ұйымдастырылған оқу қызметінде тӛрт
жастағы балаларды сандармен кӛрсетілген заттардың екі тобын салыстыруға
үйретеді; бес жастағы балаларды – нақты материалға сүйене отырып, сандарды
салыстыруға үйретеді; бес- алты жастағы балаларды натурал қатардағы сандар
арасындағы қатынасты орнатуға баулиды.
Үлгілік бағдарламаға сәйкес мәтінді мазмұндауға үйрету ортаңғы топтан
басталады. Балаларды сурет сюжеті
бойынша әңгіме құрастыруға
үйрету.Барлық жас топтарында тәрбиеші әңгімелеу үлгісін негізгі тәсіл ретінде
қолданады:
- 3 жастан бастап балалар әңгіменің бӛлігін қайталап айтып береді, қажет
болған жағдайда педагог сӛйлемдердің арасында үзіліс қысқа болуы үшін
сӛйлемнің басын айтып отырады;
- 4 жастағы балалар жүйені сақтай отырып, үлгіні толық қайталап айтып
береді;
-5 жастағы балалар әңгімені ӛз бетінше, логикалық жүйелілікпен,
сюжетке ӛзінің кӛзқарасы мен оқиғаға қарым-қатынасын білдіре, толығымен
қайталап айтып береді.
Мектеп жасына дейінгі балалар «Сурет салу» ұйымдастырылған оқу
қызметінде бірдей суреттерді: алма, ағаш, үй, адамның сұлбасы және т.б.
салады. 4 жастағы балалар заттардың бӛліктерін кӛлемі бойынша салыстырады,
бӛліктерді салады, түстерін келтіріп береді; 5 жастағы балалар ӛздерінің
суреттерінде барлық қолжетімді мәнерлілік құралдарын қолдана алады.
Мысалы, «Сурет салу», «Мүсіндеу», «Құрастыру», «Жапсыру»
ұйымдастырылған оқу қызметтері барлық балаларға бірдей басталып,
бірақ
кіші топ балалары ерте аяқтап, тәрбиешінің кӛмекшісінің бақылауымен
ойнайды.
«Дене шынықтыру» ұйымдастырылған оқу қызметінде тӛрт жасар
65
балалар топтың периметрі бойынша орналасқан кӛру бағдарлары арасында
ӛкшемен жүру дағдыларын қалыптастырады.Келесі жылы сапқа тұруға, ал
келесі жас кезеңінде үш қатарға сапқа тұрып қатармен жүруге үйренеді.
Осыған байланысты тәрбиеші ересек жастағы
топта барлық балалармен
бір уақытта ӛткізудің қаншалықты орынды екенін ескеруі тиіс.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің бір бӛлігін тек үш және тӛрт жастағы
балалармен, ал бір бӛлігін тек бес және алты жастағы балалармен ӛткізуге
болады.
Осылайша, бес жастағы балалармен «Сауат ашу негіздері»
ұйымдастырылған оқу қызметі ӛткізіледі, онда балалар сӛздің құрылымы
туралы алғашқы түсінік алады, сӛзге дыбыстық талдау жүргізеді, сӛзде екпінді
дұрыс қоюға үйренеді, штрихтау және т. б. орындайды.
Педагог қалған балалар оқып жатқан кезде алдын ала балалардың не
істеу керектігін ойластыруы керек. Сонымен қатар балалар қажеттілігіне қарай
сол бӛлмеде қалады.
ҰОҚ басталмас бұрын оның тақырыбын, ӛткізу шарттарын, қызмет түрін
ескере отырып, балаларды қалай ыңғайлы орналастыру қажеттігін ойластыру
қажет.Педагог әрбір жас тобын назарда ұстауы тиіс.Бұл білім беру процесі
саралау тәсілін, баламен жеке жұмысты қамтамасыз етеді. Ұйымдастырылған
оқу қызметінің ортасында ұзақтығы 1,5 – 2 мин сергіту сәті ӛткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: