4. Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері
Педагогиканы оқыту әдістемесі педагогиканың оқу пәні ретінде
қалыптасуынан басталады. Педагогиканы оқытудың бастапқы
кезеңінен-ақ тәжірибе жинақталады, ол қорытындыланады және
жүйеленеді. Соның негізінде жеке ережелер мен принциптер,
әдістемелік нұсқаулар жасалады. Сонымен бірге зерттеулер
жүргізіліп, оның деңгейі мен сипаты, әдістемелік негіздемесі және
құралдары педагогиканың даму деңгейімен анықталады.
Педагогиканы оқыту әдістемесі – бұл теория мен практиканың
жиынтығы ретінде педагогиканы оқыту процесін, оқытудың
мазмұнын, формасы мен әдістерін педагог пен білім алушы
әрекетінің бірлігі ретінде қарастырады. Педагогиканы оқыту
әдістемесі оқыту заңдылықтары мен принциптерін, оның
формалары мен әдістерін, болашақ педагогтың кәсіби деңгейін
қалыптастыру мақсатын айқындайды. Әдістеме екі бӛлімнен
тұрады: жалпы және жеке. Жалпы бӛлімде педагогиканы оқыту
әдіснамалық және жалпы теориялық мәселелері қарастырылады, ал
екінші бӛлімде педагогиканы оқыту әдістемесі беріледі.
Педагогиканы оқыту әдістемесі педагогикалық білімнің бір
саласы
болғандықтан
педагогиканың
жалпы
және
жеке
әдіснамасын пайдаланады.
Оқыту жүйесiнiң қандай түрi болмасын, олар белгiлi бiр
әдiстемеге негiзделедi. Әдiстеме жан-жақты және ӛз орнында дұрыс
қолданылса, ӛтiлетiн әрбiр тақырыптың мазмұны да ойдағыдай
ашылып, студенттердің меңгеруiне жеңiл тиедi. Бiлiм беру саласы
қызметкерлерінің
алдына
қойылып
отырған
басты
мiндеттемелердiң бiрi оқытудың әдiс-тәсiлдерiн үнемi жетiлдiру.
Жаңашыл оқытушылар дәріс, семинар, практикум, конференция,
iскер ойын сияқты әдiстердi дәстүрге енгiзiп отыр.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің дамуы екі кезеңнен
тҧрады:
1.
Тҥсіндірмелі кезеңде
әдістеме педагогиканы оқыту процесінің
ерекшеліктерін анықтайды, педагогиканы оқыту процесінің
принциптерін,
мазмұнын,
әдістерін
және
ұйымдастыруын
негіздейді.
2.
Дамушы кезеңде
педагогикалық зерттеулер жүргізіледі.
Педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері.
34
1. Педагогикалық ғылымның даму бағыты – дамушы адамның
шығармашылығын жетілдіру мен қалыптастырудың ғылыми
негіздері мен нақты жолдарын жасау.
2.Шығармашылық тұлғаны қалыптастырушы – педагог. Оның
кәсіби дайындығының негізі – педагогика. Сондықтан курстың
мазмұнын белгілеу ӛте маңызды міндет.
3. Педагогиканы оқыту әдістемесі болашақ педагогқа білімді
меңгеруге, олардың кәсіби бағытталуын белгілеуге, құлықтық,
эстетикалық және дене тәрбиесінің деңгейін кӛтеруге жол ашу.
4.Педагогиканы оқыту әдістемесі мектепте және басқа да оқу
орындарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдысымен
болашақ педагогтарды қаруландыру үшін оларды оқыту әдістерін,
формаларын таңдайды және жүйелейді.
5.Жинақталған тәжірибені жүйелеу, әдістемелік нұсқаулар
дайындау.
6. Педагогтың шығармашылығын жетілдіру, ынталандыру.
Кез келген оқу пәнінің мазмұны білім берудің мақсатымен
белгіленеді, оның нақты кӛрінісі болып табылады. Қоғам дами
отырып, білім берудің жаңа міндеттерін белгілейді, олар барлық
оқу пәндерінің мазмұнында кӛрініс табады. Педагогика қоғамдық
ғылым болғандықтан ол қоғамның талаптарын айқындайды.
Педагогиканы оқыту әдістемесі пәнін оқытудың
мақсаты
студенттерді жалпыбілімдік, интеллектуалдық дамыту, кәсіби
бағдарлау, тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Осы
мақсаттар пәннің әдістемесінде жүзеге асырылу үшін оқыту
приниптерінің әлеуетін пайдалану қажет. Бұл педагогика пәнінің
мазмұнымен, педагогтың әрекеті- оқытумен, студенттің әрекеті –
оқумен тығыз байланысты болады. Сонымен қатар оқыту
принциптері оқытушыны оқу пәнінің ерекшелігіне байланысты
оқытудың формасын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын таңдауға
бағдарлайды.
Осы
жағдайда
оқытудың
әрбір
принципі
оқытушының әдістемелік ойлауына қатысты дидактикалық
«бағдарлауышқа» айналады.
Жоғары мектеп дидактикасы туралы, соның ішінде жоғары
мектепте оқытудың принциптерін білу оқытушының әдістемелік
мәдениетінің негізі болып есептеледі. Оқыту әдістемесінде
дидактикалық принциптерді жүзеге асыру бір жағынан ғылым
болса, екінші жағынан ӛнер болып табылады. Педагог
дидактикалық принциптердің табиғатын ой елегінен ӛткізген кезде,
35
оның ойлауы ғылымиға тән, ал оқыту процесінде қандайда бір
принциптерді практикалық жүзеге асыру барысында ӛнер саласына
тән қызмет атқарады. Теориялық алғышарттарды оқыту
практикасына түрлендіру кәсіби ӛнер. Сондықтан дидактикалық
принциптерді пәндік әдістемеде жетістікпен жүзеге асыру
педагогтың жалпы педагогикалық мәдениеті ретінде анықталады.
ЖОО-ның педагогикалық процесіндегі педагогиканы оқыту
әдістемесінің
қызметі
дегеніміз – педагогикалық процесті,
оқытушы мен студенттің іс-әрекетін белгілі бір дәрежеде құратын
формаларды, әдістерді, құралдарды таңдау.
Білім берудің ізгіліктік негізі, оның тұлғаға бағдарлық тұрғысы
жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-әдістемелік мәдениетінің
рӛлін ӛзектейді. Осымен байланысты тұлғаның әдістемелік
мәдениеті жоғары білім беруді жетілдіруде, оны күннен күнге ӛсіп
отырған қазіргі талаптарға сәйкестендіруде басты орын алуда.
Студенттің әдістемелік мәдениетін педагогикалық пәндерді оқыту
барысында қалыптастыруға қол жеткізу қазіргі жағдайдағы
мамандандыруға, маманның ӛзінің бүкіл еңбек жолында кәсіби
әрекетінің инновациялығын қамтамасыз ететін оның әлеуметтік
қажетті сапаларының бүкіл кешенін қалыптастыруға оңтайлы база
бола алады.
Әдістемелік мәдениет педагогтың кәсіби мәдениетінің бӛлінбес
бӛлігі. Бұл ереже оқытудың классикалық үлгілері мен қазіргі
әдістемелеріне негізделген педагогикалық іс-әрекеттің табиғаты,
оның
мәнімен
ғана
емес,
педагогикалық
іс-әрекеттегі
шығармашылыққа да тәуелді.
Мұның
барлығы
оқу
үрдісімен
тығыз
байланысты
болғандықтан, оқу үрдісін ұйымдастыру білім беру жүйесіндегі ең
ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ол бірнеше себептермен
түсіндіріледі.
Білім
беру
парадигмасының
ауысуы
(білімге
орталықтандырудан ізгіліктікке), оқытудың бүкіл жүйесін: оның
мақсатын, мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формалары мен
құралдарын қайта қарауды талап етуде. Осымен байланысты білім
берудің жаңа тұжырымдамалық қағидаларын айқындайтын
педагогикалық пәндерді оқытудың жаңа әдістемелері мен
технологияларын меңгеру мәселесі туындап отыр. Бұл қойылған
дидактикалық мақсаттарға жету үшін оқытушы мен студенттің
әрекетін мақсатты бағыттып, бірізді сипаттау болып табылады.
36
Педагогиканы оқыту әдістемесі оқыту жүйесіндегі әдістердің,
технологиялардың, ұйымдастыру формалары мен құралдарының
ӛзара байланысын, яғни білім алушылардың танымдық әрекетін
ұйымдастыруды кӛрсетеді.
Студенттер педагогикалық үрдісте саналы түрде педагогпен
бірлескен, мақсатты бағытталған қызметке ұмтылады. Бұл
студенттің сыни тұрғыдан талдау мен ойлау дағдыларының дамуын
қамтамасыз ететін, нағыз шығармашылық ынтымақтастыққа алып
келуі тиіс. Осындай қызмет үрдісінде оқытушылар мен студенттер
қарым-қатынасқа қанағаттана отырып, студенттерге бағытталатын
және хабарланатын ақпаратты олар қойылған мақсаттарға толықтай
сай келгенде белсенді субъектілер ретінде кӛрінеді.
Жоғары мектептің оқу үрдісіндегі диалогтің қолданылу тиімді.
Ӛйткені олар:
-
ашық эмоционалды және тұлғалы;
-
кері байланыстың болуы.
-
ӛзі, ӛзінің кемшілік және күшті жақтары туралы ақпаратты
алу;
-
сезімнің шынайылығы;
-
ӛзара әрекеттерді жоспарлау және шешу;
-
іс-әрекет нәтижелеріне бірлесіп талдау жүргізу;
Оқытушы
мен
студенттер
арасындағы
диалогтік
ынтымақтастықты жүзеге асыру, мынадай жағдайлар жасауға
байланысты:
1.
Ішкі диологтың пайда болуына ынталандыру.
2.
Проблемалық жағдайларды шешу.
3.
Анықталмаған сипаттағы тапсырмаларды шешу.
4.
Ерік, ӛзін-ӛзі ұстау, ұстамдылықты белсендендіру.
5.
Ӛз әрекеттерін дұрыс бағалау.
Диалогтік ынтымақтастық барысында студент тұлғасын ӛзіндік
дамыту және ӛзін-ӛзі тәрбиелеуді ынталандыратын психологиялық-
педагогикалық жағдайлар тудыруы керек:
-
тұлға дамуын кері тартатын әлеуметтік-психологиялық
факторларды жеңу (ұялшақтық, ӛзіне сенімсіздік);
-
студенттің жеке типологиялық ерекшеліктерін анықтау және
есепке алу үшін мүмкіндік жасау;
-
тұлға сапаларын қалыптастыру және дамытуды әлеуметтік-
психологиялық түзеу іске асырылады: сӛйлеу, ойлау әрекеті, зейін,
бақылағыштық.
37
Диалогтік қарым-қатынас кӛмегімен студенттердің ойлау және
коммуникативті
ерекшеліктерін
және
дайындық
деңгейін
анықтауға болады.
Жағымды эмоционалдық фон жасалады (талқылаудағы толық
еркіндік,
жайлы
қарым-қатынас).
Интелектілік
сезімдер
белсендендіріледі: білуге құштарлық, жаңаны ашу сезімі, қойылған
мақсатқа жетуден ләззат алу. Аудиторияда ерекше психологиялық
ахуал қалыптасады.
Қарым-қатынас, ынтымақтастық, диалог секілді психологиялық
мәселелер педагогті кәсіби дайындауда теориялық және
практикалық жұмыстың логикалық орталығына айналады. Бұл
болашақ маманның іс-әрекетінде коммуникативті құзіреттіліктің
ӛзекті компоненті болуына байланысты. Педагогикалық сараманды
зерттеу және жалпылау анықтады: педагогтің кәсіби маңызды
сапаларының жалпы жүйесінде коммуникативті сапалар мен
біліктіліктер әлдеқайда маңызды. Болашақ және кәсіби қызметтерін
жаңа бастап жатқан педагогттардың жұмысында қиындықтардың
ішінен қарым-қатынас, коммуникативтік қиындықтар алдыңғы
қатарлы болып табылады: әсіресе педагогты кәсіби дайындауда,
педагогикалық қарым-қатынас стилімен, тұлға аралық ӛзара әрекет
біліктілігімен, ынтымақтастықпен педагогикалық үрдіс барысында
ӛзара түсінісіністіке байланысты мәселелер маңызды.
Қоғамның сұранысының ӛзгеруіне сәйкес білім берудің
мақсаты да ӛзгеріп отырады. Білім берудің қандай да бір
тұжырымдамалары
шеңберінде
оқытудың
әртүрлі
стилі
қолданылады. Педагогқа оқытудың қалыпты стилін ӛзгерту оңайға
түспейді. Бұл әр уақытта студентпен қарым-қатынас тәсілдері
туралы кӛзқарасты ӛзгерту деген сӛз.
Педагогиканы оқыту әдістемесі негізгі тұжырымдамалық
идеяларды жүзеге асыруға және білім беру саласындағы қойылған
мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Педагог ӛзінің кәсіби
қызметінде оны пайдаланады. Әрбір педагогтың кӛп жылғы
практикасында оқытудың ӛзіндік тәжірибесі жинақталып және
студенттермен қарым-қатынасының ӛзіндік стилі қалыптасады.
Қазіргі жоғары мектептегі дараландыру үдерісіне байланысты
оқу
жоспарлары
мен
бағдарламаларының
құрылымында
студенттердің ӛз бетімен жұмысының үлесі артуда.
38
Қарастырылып жатқан құбылыстың жоғары білім берудің
ғылыми әдістемелік қамтылуының даму тенденциясын болжау
үшін бірнеше салдары орын алады:
Достарыңызбен бөлісу: |