87
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика
ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, «принцип» сӛзіне
анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың ӛмірмен және
қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау;
оқытудың белгілі бір жас кезеңіндегі білім алушылардың даму
деңгейіне сәйкес болуы (білім алушылардың күш жігерін дамуға
жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың
басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау.
Ол «Оқыту принципін дидактиканың түғырлы принциптері, оқыту
процесіне қойылатын негізгі талаптар», - деп тұжырымдалады.
Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі
меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен
байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі;
жалпы және политехникалық білімі.
В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудың саналылығы және
белсенділігі; оқытудың кӛрнекілігі; оқытудың жүйелілігі; ғылым
негіздерін берік меңгеру.
Талданған оқытудың принциптері білім алушыларға берік,
жүйелі білім беруге бағытталды.Оқыту принциптерін аталған
педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді. Зерттеу
қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту
принциптерінің шарттарын анықтады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, кӛрнекілік, жүйелілік,
бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе
бірлігі сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің
талаптары Педагогтің түрлі принциптерді қолдануы арқылы
орындалады.
Принциптерде педагогке нақты нұсқаулар беріледі. Оларды
ғылым жетістіктеріне, ӛмір талабына сай толықтыруға және
түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп
отырады. Олардың талаптары принциптер арқылы жүзеге асады.
Ғылымилық принципі
білім алушыларға ғылымда ашылған
білімдерді меңгертуді талап етеді, сондықтан оқу жоспарлары мен
бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту
үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.
Шарттары:
педагогиканың, психологияның, озық тәжірибенің
жетістіктерін қолданып оқыту. Педагогикалық еңбекті ғылыми
түрде ұйымдастыруға берілген нұсқауларды орындау;
Достарыңызбен бөлісу: