159
13.Оқытушы кӛмегімен алдын-ала даярланған дәріс бӛлігін (15-
20 минут) студенттердің оқуы.
14.Үлгерімі жоғары студенттерге барынша кӛмек
жасай
отырып, «студент-кеңесші» мәртебесін бекіту.
15.Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс жасау әдістерін ӛңдеу
және енгізу.
СӚЖ-н жетілдіру жолдары:
Білім алушыларды СҒЗЖ-на тарту үшін оқытудың жеке
жоспарларын мүмкіндігінше ӛндіріс тапсырмасын шынайы жобілім
алушыу мақсатында ұйымдастыру;
СӚЖ-ын оқу жоспарына және сабақ кестесіне кафедрада
жеке кеңес берулерді ұйымдастырумен бірге ендіру;
СӚЖ-ын орыдауға қажетті оқу және оқу-әдістемелік
құралдар кешенін даярлау;
кіріктірілген кафедрааралық тапсырмалар жүйесін жасау;
дәріс курстарының ӛздік жұмысқа бақытталуы;
СӚЖ-ын рейтингілік
бақылау әдісі;
оқытушылар мен студенттердің коллегиалдық қарым-
қатынастары;
стандартты емес шешімдерді ұсынатын тапсырмалар жасау;
оқытушының жеке кеңес беруі және СӚЖ-ді есепке ала
отырып оқу жүктемесін қайта қарау;
дәріс-әңгіме, дәріс-пікірталас түріндегі дәріс сабақтарын
ӛткізу, бұнда оқытушы жүргізуші ролін атқарса,
студенттер
баяндамашылар болады. Бұндай сабақтар нақты тақырып бойынша
оқу құралдарынан алдын-ала ӛз бетімен даярлықты, оқытушымен
жеке кеңесуді және қосымша әдебиеттердің қолданылуын қажет
етеді.
Жалпы оқу үрдісінің ӛзбетімен жұмыстануға бағытталуы және
оның тиімділігін арттыру, бұл:
СӚЖ-на бӛлінетін сағат санын арттыру;
әрдайым кеңес, кеңес беру қызметін,
тапсырмалар жинағын
беруді ұйымдастыру;
ӛз бетімен пәнді меңгеруге мүмкіндік беретін ЖОО-ның оқу-
әдістемелік және материалдық-техникалық базасын (оқулықтар,
оқу-әдістемелік құралдар, компьютерлік кластар) жасау;
зертханалар мен шеберханалардың қол жетімдігі;
әрдайым тексеріп отыру;
160
ӛздік жұмысқа кӛп уақыт беру және кеңс беру пункттерінде
қызмет кӛрсету мақсатында практикалық және зертханалық
сабақтардың кӛп бӛлігін жою.
СӚЖ-н ұйымдастыру формалары.
Қазіргі уақытта ЖОО-нда
ӛздік жұмыстың бірнеше түрі бар: 1) дәстүрлі, яғни студенттің
ӛзіне ыңғайлы уақытта, әдетте,
аудиториядан тыс кезеңде, қажет
болған жағдайда шеберханада немесе зертханада ӛз бетімен
орындалатын кәдімгі СӚЖ-сы. 2) ӚЖ-тың тағы бір түрі – оқытушы
бақылауымен жүретін аудиториялық ӚЖ. Оның барысында студент
оқытушыдан кеңес ала алады, яғни кеңес беру ӛздік жұмысы
(КӚЖ). 3) Сонымен бірге, бүгінгі таңда СӚЖ-ның үшінші, аралық
түрін жасау бағыты байқалады. Бұл түрі студенттерден кӛбірек
ӛзбеттілікті, тапсырмалардың неғұрлым жекелендірілуін,
кеңес
беру пункттерінің болуын талап етеді және кеңестер мен
бақылаулар сипатына, тапсырмалардың мазмұнына байланысты
енгізілетін
психологиялық-педагогикалық
жаңалықтармен
ерекшеленеді.
Бұл тақырыпта оқытушы бақылауымен жүргізілетін СӚЖ-ын
ұйымдастырудың кейбір жақтарын қарастыруды жӛн кӛріп
отырмыз. Себебі кәдімгі СӚЖ дәстүрлі болып табылғандықтан, ол
ӚЖ-тың жаңа формаларына, әсіресе, КӚЖ-на ауысуда, ал үшінші
нұсқасы әлі де эксперимент деңгейінде жүріп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: