157
мақала, шығарма, баяндама жазу – бұл білім алушылардың
қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін еңбек түрлері. Сондай
оқытудың бір түрі – студенттердің ӛздік жұмысы (СӚЖ).
СӚЖ-н жекелеу.
СӚЖ үшін жеке тапсырмалар жасауда
адамдардың интеллектуалдық сапаларынан шығу керек. «Жай
ойлайтындар» бар, «жылдам қабылдайтындар» бар, «идеяны
тудырушылар» бар, «идеяны орындаушылар» бар. Біреулер жеке
жұмысты таңдаса, басқалары – ұжымда жұмыстануға бейім болып
келеді. СӚЖ орындауда студенттерге ӛз
мінез-құлқындағы
кемшіліктерді жоюға кӛмектесу керек. Тӛмендегі ұсыныстар
оқытушыларға түрлі сипатты студенттермен жұмыстануда жекелеу
тұрғысын қолдануға мүмкіндік береді:
аудиториялық сабақтарды ӛткізгенде ӚЖ-тың белгілі бір
минимумын барлық студенттердің орындауын қамтамасыз етуі
тиіс, ал жақсы дайындығы бар білім алушылар үшін күрделі
тапсырмалар даярлаған жӛн;
СӚЖ-ның орындалуын міндетті түрде белгіленген уақыты
бойынша тексеру қажет және оқытушының жеке кеңес беруі
жоспарланғаны
жӛн.
Бұнда
студенттердің
оқытушымен
педагогикалық қарым-қатынас жасауы ерекше орынға ие;
СӚЖ-ның дұрыс орындалуы үшін оны орындау бойынша
нақты әдістемелік нұсқаулар беру қажет. Семестрдің басында
оқытушы бірінші сабақтан-ақ студенттерді СӚЖ-ның мақсатымен,
құралдарымен, қиындық деңгейімен, орындалу уақытымен,
бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау формаларымен таныстырғаны жӛн.
ӚЖ кестелері тӛменгі
курстарда қажет, ал жоғары курстарда –
студенттерді ӛз жұмысын жоспарлауға үйреткен жӛн;
кез-келген пән бойынша пратикалық сабақтардың үй
тапсырмалары жинағында болуы тиіс: бақылауда берілетін
тапсырмалардың барлық типтері; жоспарланған іскерліктерді
меңгеру үшін қажетті ұғымдар, фактілер, заңдар мен әдістер тізімі;
олардың ішінен жатқа білуі тиіс ұғымдар кӛрсетіледі;
тапсырмалар жинағы семестр басында беріледі, оны
тапсырудың уақыты белгіленеді;
СӚЖ-на тапсырмалар екі бӛлімнен тұруы мүмкін –
міндетті және факультативті. Факультативті бӛлігі
дайындығы
жоғары студенттерге арналған, оалрдың орындалуы қорытынды
тексеруде ескеріледі;
158
Практикалық сабақтар барысында тапсырмаларды дұрыс
және жылдам орындайтын студенттерді анықтау оңай. Оларға
күрделендірілген
жеке тапсырмалар беруге, СҒЗЖ-на қатысуға,
дайындығы тӛмен студенттерге кеңес беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: