Ядролардың саны Қазіргі уақытта бірнеше ядролары бар процессорлардың тҥрлі
модельдерін кездестіруге болады. Hyper Threading технологиясы
ҧсынғандай виртуалдық ядролардан айырмашылығы процессорда
бірнеше ядролар орналаса алады. Тӛрт тәуелсіз ядросы бар
процессорлар қазіргі таңда қолданушылардың сҧранысында.
Алғашқы екі ядролы процессорларда екі тәуелсіз ядро болды,
яғни, әр-қайсысы бірінші және екінші дәрежелі кэш-жадысы бар
бірдей қҧрылымды ядролардан тҧрды. Қазір ядролар ортақ екінші
дәрежелі кэш–жадыны қҧрайды, ол процессордың ӛнімділігін одан
сайын арттырады.
Кӛп ядролы процессорды қолдану компьютердің ӛнімділігін
жақсартады. Кӛп ядролыққа арналған бағдарламалар аз болғандықтан,
процессордың тек бір ядросы жҧмыс істейді. Алдағы уақытта,
техниканың қарқынды дамуына байланысты, кӛп ядролыққа
негізделген бағдарламалар пайда болады.