19
етістіктен жасалатын вербалийлердің (инфинитив, есімше және герундий) сөйлемдегі
қызметтері жеке тақырып ретінде қарастырылады [2, 22].
Етістіктердің функционалдық жағынан қызметі
олардың сөйлем құрамындағы
функционалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ағылшын тіліндегі етістіктердің сөйлемде
қызмет ету қабілеті олардың мағынасы жағынан толықтығы немесе әлсіздігімен астарласып
жатады. Сондықтан ағылшын тілін зерттеген ғалымдар етістіктердің осы сипатына көп көңіл
бөледі. Ағылшын тілінде етістіктердің негізгі (Simple) және көмекші (Auxiliary) етістік
болып бөлінуі қазақ тіліндегі етістіктерді осы белгісі жағынан жіктеудің принциптерімен
бірдей болып келеді. Мұнда да етістіктердің мағынасының толық болуы,
сөйлемде жеке
қызмет атқара алуы мен өз алдына жеке сұраққа жауап бере алуы басты өлшемдер болып
есептеледі. Ал көмекші етістіктердің әрі қарай жіктеле түсуі қазақ тіліне қарағанда
өзгешелеу. Ағылшын тіліндегі көмекші етістіктерді көмекші және байланыстырушы етістік
деп екі топқа бөлушілік орын алған. Көмекші етістіктер өздерінің лексикалық мағыналарын
толығымен жоғалтқандықтан, етістіктің аналитикалық формасына тек грамматикалық
компонент ретінде ғана қатысады. Сондықтан көмекші етістіктер
лексикалық мағынасы
жағынан толық үйлесім таба алатын негізгі етістіктермен байланысқа түседі. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: