223
«ағ»
сөзінің мағынасын білу қиын болады. Сол себепті болар қалай естілсе солай жазып
емес, морфологиялық принциппен жазуы да осыдан болар.
Жаңа емлеге байланысты ғалым өз зерттеулерінде түсініктемелер беріп өтті. Осыған
байланысты А.Байтұрсынұлы: «керек орындарда ғана туыс жүйелі болсын, бұрынғы емлеміз
дыбыс жүйелі емес пе еді? Туыс жүйесін керексіз орында кірістіруші едік пе?
Бұрынғы
емлеміз де дыбыс жүйелі екендігін, туыс жүйелі қандай керек орындарда кірісетіндігі бәріне
мәлім», - деп және «Мұны мен емле үйренуге оңай бола ма? Көз тануына, қол жүруіне жеңіл
бола ма? Басқа түріктерге түсініктірек болып жақындар ма? – Жоқ. Олай болса, бұрынғыдан
мұның несі артық деп аламыз? Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуге мағына
бар; бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуде мағына да, мақсат та жоқ. Кілең туыс
жүйелі болсын дейтіндер алдарында неге барып қамалатындарына не көз салмайды-ау
деймін», деп айтады [3, 219 б ]. Бұл ғалымның сөзінен қандай
шешімге келсек те алды-
артымызды ойлап әрекет жасауымыз керек дегендей.
Кілең туыс жүйелі емле болсын дегенді, «Балалы», «тұзлы», атлы», «баланы» деп
жазатын болмақ. Яғни, сөздер қалай дыбысталса да, оның тегіне қарап отырып жазу. Бұл
жүйе қазіргі күнге дейін қолданыста. Ал, дыбыс жүйелі болсын дегені «сөзшең» дегенде
«сөшшең» деп, «ізшілер» дегенде «ісшілер, ішшей» деп жазу. Бұл ауыздан қалай
дыбысталып шықса солай жазылуы. Алайда, біз оны оқығанда
мағынасы қандай екенін
бірден көргенде түсіне қоймаймыз. Мысалы, «сөзшең» сөзін «сөшшең» деп жазсақ оның
түбірі «сөш» болып тұрғандықтан мағына айыруымыз қиындыққа соғады.
Қорытындылай келе, А.Байтұрсынұлы қазақ грамматикасы мен әліпбиін, емле
ұстанымы мен орфограммалау әдістерін саралаған алғашқы лингвистердің бірі. Тарих үшін
қай еңбек, пікір болсын өте құнды. А.Байтұрсынұлының зерттеуіндегі емлелер жүйесі әлі
күнге дейін өз күшін жоймастан қолданыста. Тек заман талабына сәйкес таңба жүйелі емлесі
қазіргі принципте жоқ. Алайда, ондағы бір, екі сөздерін сөйлем ішінде 1-2 деп қолданып
жүрміз. Бұл зерттеулерге бір ғасыр болса да, әлі күнге дейін қазақ граматикасы үшін ең
құнды зерттеулер, мәліметтер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: