Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет307/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Список использованной литературы:
1. Эрик Шмидт, Джаред Коэн «Новый цифровой мир»,
2. Митио Каку «Будущее разума», Исследования вовлеченности современной молодёжи в 
науку 2015г,
3. Педро Домингос «Верховный алгоритм: как машинное обучение изменит наш мир». 
Руководитель: Петрова Елена Никифоровна 


317 
УДК.72 
 
МЕШІТ-МЕДРЕСЕ ҒИМАРАТЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ДИЗАЙНДЫҚ ЖОБАСЫ 
Өтеген З.Н. 5 курс «Дизайн» 
С.Байішев атындағы Ақтөбе университеті 
Аннотация: 
Ғылыми мақалада, мешіт-медресе ғимартының заманауи дизайндық жобасы қарастырылады. 
Мешіт-медресе ғимаратының заманауи үлгісін ұсыну арқылы әлеуметтік, саяси және қала 
құрылыстарындағы қатынастарды нығайта түседі. 
Аннотация: 
В научной статье рассматривается современный дизайн зданий мечеть-медресе. Предлагая 
современный дизайн зданий мечеть-медресе усиливаем социальные, политические отношения и 
отношения в строительстве города. 
Abstract: 
In the scientific article the modern design of building is examined mosque-madrasah. Offering the 
modern design of building a mosque-madrasah we strengthen social, political relations and relations in 
building of city. 
Негізгі сөздер: заманауй дизайн, сәулет, жоба, мешіт-медресе. 
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаев 1ақпан 2017жыл №13 
«Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетіне жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: 
жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауынды – «Қазіргі заманда адамзат 
терроризмнің белең алуымен бетпе - бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді 
қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес 
жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе 
интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни 
қарым- қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде 
төзбеушілікті» қалыптастыру керек. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды 
теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Осы 
шараның бәрі менің тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни 
экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс»- деп 
айтқан болатын.[1] 
Қазіргі таңда дінге байланысты көптеген проблемалар туындауда. Соның бірі- сәлафизм, яғни 
өзге бір жат ағымға бет бұру. Жастарды, сондай-ақ егде жастағы аға-әпкелеріміздің де тура жолдан 
таюының кесірінен, бейбіт өмір сүріп жатқан шаңырағымыздың тыныштығы бұзылуда. Өзге жат 
ағымға жастардың ағылуының алдын алу үшін көптеген шаралар жасалуда, алайда бұл проблемалар 
өрши түсуде. Өткен жылдың жазында Ақтөбе қаласындағы терроризм толқыны күллі қазақ қоғамын 
дүр сілкіндірді. Бұл лаңкестік топ Ақтөбе қаласында 21адамды ажал құштырып, 38 адамға жарақат 
алып келді.Терроризм түрткіл дүниені теңселтіп тұрған басты мәселе.Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов 
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,- демекші бұл проблеманың да тығырықтан шығар жолын 
қарастыру кажет. Бұл жағдайларға қарсы тұру үшін Елбасымыздың жолдауында атап көрсеткендей 
еліміздегі діни сауатсыздықты жою үшін, мешіт- медресе құрылыстарын, сонымен қатар жастарға 
дұрыс бағыт-бағдар беретін діни сауат ашу курстарын жүргізу қажет. 
Осыған орай елімізде медреселік білім беру жоқ емес. Ғылым, білім дамыған, халқы жаппай 
сауатты, зиялылары көп, техникасы дамыған ХХІ ғасырдағы өркениетті елдердің бірі Қазақстанда 
медреселер рөлін республикамыздың ірі-ірі облыс, аудан орталықтары мен қалалары мешіттері 
жанындағы екі жылдық діни сауат ашу курстары атқаруда. 
2001жылы елімізде жоғары білімді имандар дайындайтын, ТМД жұртында теңдесі жоқ Нұр-
Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті діни білім алып, имам болғысы келетін 
жастарымызға есігін айқара ашты.[2] 


318 
2002жылы іргетасы қаланған имандардың білімін жетілдіретін республикалық Ислам 
институтының да орны бөлек. Онда Нұр-Мүбараққа түсіп, 4жыл күндіз оқуға мүмкіндігі жоқ жастың 
да, жасамыстың да бір семестр дәріс алып, діни білімін жетілдіруіне мүмкіндік жасалған. Аталмыш 
мерзімнен бері онда жүзден астам діни қызметкерлері білім жетілдіру курсынан өтті.[2] 
Қазір облыс, аудан, ауыл-кенттерімізде, яғни елімізде 2700-ге жуық мешіт бар. Әйтсе де, 
мешіттердің санына емес, онда атқарылатын діни-рухани істердің сапалық жағына көп мән берілуі 
қажет. 
Мешіт-қасиетті мекен. Мұсылмандардың ар-ұяты, қорғаны, панасы. Бірақ оны белгілі бір 
ру,тайпа өкілдері немесе ұлт меншігіне айналдыру қате де қауіпті. Онда мұсылман үмметі жіктеліп, 
ыдырап, ынтымағынан айырылады. Сол себепті де Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә.Назарбаев «Мешіт тек Ислам дініне ғана емес, рухқа сенген, жүрегі таза, адамгершілікке 
ұмтылған бүкіл адамзаттың басын қосатын киелі орын»,- деп айтуының да өзіндік мәні бар.[3] 
Кең байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде ілгеріректе салынған көне мешіттер, немесе соңғы 
жылдарда бой түзеп жатқан жаңа ғибадатханалар бәрі де осындай ниетпен салынуда деп сенемін. 
Иә, соңғы он шақты жыл ішінде республикамызда сәулетіміз бірегей бірқатар сәулетті 
мешіттер бой көтерді. Бұл тұста бізді қуандырған бір жәйт-мешіт салып, Алла тағала разылығына 
бөленудің айқын үлгісін Нұрсұлтан Әбішұлының өзі көрсетіп жүргендігінде. Ол Отанымыздың түрлі 
аймақтарынан еліміз тәуелсіздік алғалы 10-ға жуық мешіт салдырып, халқының мерейін үстем етіп 
келеді.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналған діни сауатсыздық пен сәлафизм 
мәселелеріне байланысты тақырып «Мешіт-медресе ғимаратының заманауи дизайндық жобасы» 
таңдалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет