67
Тарихты тану дәрежеміз, бұған дейін қалай болғаны белгілі. Әлемдік тарих
бізге мәдениеттердің өзара ықпалының, этносаралық байланыстардың тарихы,
сәулет пен қолөнердің тарихы ретінде емес, қанды шайқастардың, мемлекеттер
қақтығысының, таптар күресінің тарихы күйінде оқытылып келгені өкінішті.
Бір ғана мысал, жүйелеп оқысақ, «Ұлы Жібек жолы» тарихының өзі бізге талай
өркениеттерден мағлұмат берер еді.
Осындай өркениеттердің ізі болып табылатын төл тарихымызды оқығанда
ең алдымен мәдениет тарихына ерекше маңыз берілуі тиіс. Бұл пән әзірге орта
мектеп бағдарламасынан орын ала алмай келеді.
Жоғары оқу орындарына
соңғы жылдары енгізіле бастаған ол көп мәдениетті тұлға қалыптастыру
міндеттерін шешуге септігін тигізбек. Пән мәдениеттер тарихын, әлемдік және
ұлттық философия, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар тарихын оқытудан бағытын
жазбаса, рухани дамыған, сан қырлы мәдениетті меңгерген, әрі бағалай білетін
адам-дарды тәрбиелеуге едәуір ықпал етпек.
Тарихи сананы қалыптастыру тарихи танымның дұрыс қалыптасуына
тәуелді. Ал тарихты тану қазіргі деректерді білу ғана емес сол тарихи оқиғалар
мен деректерді талдау арқылы ақиқатқа жету. Осы тұрғыдан келгенде
Қазақстан тарихы әлі де болса толық танылмай жатыр десек, артық айтқандық
болмаса керек. Бұған тарихты идеологияның құралына айналдырған кешегі
кеңестік жүйенің негізгі себеп болғаны белгілі.
Жалпыадамзаттың асыл қазынаның ішінде ерекше мəн беріп, құрметпен
аталуға тиісті – діни құндылықтар. Дін – халық рухының ажырамас бөлігі,
этнос құраушы күретамыры, ұлттық мəдениеттің мəйекті бұтағы. Ол, сайып
келгенде, ұлтжандылықты, ұлтішілік жəне елішілік
бірлік пен ынтымақты
уағыздайтын тəлім-тəрбие көзі. Дінге тек соқыр сенім немесе құлшылық ету
түрінде қарау – үлкен қателік, себебі дін, ең алдымен,
рухани құбылыс,
адамгершілік-имандылық жəне эстетикалық тəрбиенің алып діңгегі.
Діни құндылықтардан ажырап, не айырылып қалған халықтың білімі шала,
тəрбие ісі кемшін болады. Діни мəдениет інжу-маржандарын мансұқ еткен, не
олардан хабары болмаған адамның тұлға ретінде, ұлтжанды, өнегелі адам
ретінде толыққанды өсіп, дамуы қиын. Дін, діни сенім мəселесінде
талай жыл
теперіш көріп, рухани жұтаңдыққа əбден бой алдырған қазақ халқы үшін мұны
ескермей болмайды. Тəуелсіздікпен бірге дініміз де оралды, мұсылмандық
парызын өтеуге ұмтылушылар саны күрт өсті, ислам дінінің имандылық-
əдептілік, тəлім-тəрбиелік оң əсері күшейді. Əрине, Қазақстанда мектеп діннен
бөлек, бірақ ол мейірбандық, кішіпейілдік, имандылық сияқты ізгі қасиеттердің
өтпелі кезеңдегі қоғамымызда көбейіп кеткен
адамзатқа жат қылықтардың
жолын кесіп, ар-ұят, обал-сауап, адал-арам т.б. мұсылмандық нормалардың
төрден орын алуына қызмет етуі, сөйтіп, өзіне тəн, əрі
заңды жолдармен жеке
тұлғаның
діни санасының
қалыптасуына өз үлесін қосуы – үлкен əлеуметтік-
мəдени міндет.
Дінді саясаттандыруға болмайды. Балалар мен жастардың бойында елімізге
сырттан енуші түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар
қалыптастыру – маңызды міндет. Ислам фундаментализмі деген мен діни
68
экстремизмге берік тосқауыл қою аса маңызды, олардың нағыз ислам дініне үш
қайнаса сорпасы қосылмайтындығын түсіндіре де, көрсете білу керек. Бұл істе
де мектептің рөлі зор. Ислам – адамзат рухани əлемінің кəусар бұлағы.
Ерекше мəні бар тағы бір мəселе – жастардың əлемдік дін тарихын білуі. Ол
елімізді мекен ететін көптеген халықтардың адамгершілік мүдде-мақсатының,
рухани ұмтылыстарының, əдептік-əсемдік талғам-талаптарының ортақтығын
көрсетеді.
Өзара түсіністік пен төзімділік мəдениетін
құқықтық
жəне
имандылық тұрғыдан
қамтамасыз ету,
қоғамда əр түрлі
діни сенімді
ұстанушыларға байсалды көзқарас қалыптастыру – білім беру саласы мен
ұйымдарының маңызды ісі.
Əлемдік қоғамдастықтардың тұтастығы ұлғайып, жаһандану процесі бел
алып, ұлттар мен этностардың əлеуметтік-мəдени өмірін үйлестіру процесі
қарқынды жүріп отырған қазіргі таңда жан-жақты мəдениетті
тұлға айқын
Достарыңызбен бөлісу: