3
Кіріспе
Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму
кезеңінде адамзат факторын
жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі.
Бүгінгі білім берудің мақсаты – дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған,
білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда
қоғамның
болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің
дамуымен
байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру.
Білім беру – оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы.
Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи
сұранысына
бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне
қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
1997 жылғы «Қазақстан−2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,
қауіпсіздігі
және
әл-ауқатының
артуы»
Жолдауында
[1],
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала
құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы»
заңдарында [2-4] көрініс тапқан. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Барлық білім
беру ұйымдарында оқыту
процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар»
[5], Білім және ғылым министрлігі қабылдаған «Қазақстан
Республикасы
үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» [6] басшылыққа
алынған.
Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды
басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық іс-
әрекеттің құрамдасы болуын көздейді.
Оқытудың өмірмен байланысының күшейтілуі оқыту әдістерінің тәрбиелік
ықпалын күшейту туралы, тәрбие және білім беру жұмыстарының бірлігі
жайындағы мәселені алдыңғы орынға шығаруда.
Тұлғаны қалыптастыру – өзін-өзі ұйымдастыру, отбасы және қоғамдық
тәрбиелеу мен ағартудың ұзақ, табанды және мақсатты процесінің нәтижесі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы
27
қаңтардағы халыққа Жолдауында: «...
оқыту
үдерісінің
тәрбиелік
құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм,
мораль мен парасаттылық
нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да да-
муы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне
жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс», − деп
атап көрсетті [7].
Тәрбиенің басты міндеті – оқушыларда азаматтық жауапкершілігі мен
құқықтық өзіндік санасын, руханилығы мен мәдениетін, ынталылығын,
дербестігін,
толеранттылығын, қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін
қалыптастыру.
Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру
мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды
қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін
4
анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу – рухани тұлға қалыптастырудың негізі
болады.
Заманауи оқу бағдарламалары мазмұнының айтарлықтай
тәрбиелік әлеуеті
бар. Оның іске асырылуы оқушыларға адамгершіліктің, патриоттықтың,
руханилықтың, азаматтық және гумандықтың шынайы үлгісін ұсынатын оқу
материалының мазмұнын мақсатты іріктеуге байланысты. Сабақтағы оқу
пәнінің мазмұны – оқушы тұлғасының құрылымына әсер ететін күшті құрал.
Алайда, білім алушылардың санасына баянды, берік білім негізінде тұтас
қабылдау арқылы жеткізілген жағдайда ғана мазмұн тәрбие құралы бола алады.
Жүйелі білімді және олар арқылы сенім мен көзқарастар жүйесін
қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық
байланыстарды,
кіріктірілген
курстарды кеңінен қолдану керек. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта
тәрбиелеу процесінде адамгершілік сезімдерді қалыптастыруға көмектесетін,
тұлғаның құндылықты бағдарын қалыптастыратын – тарих, мәдениет бойынша
материалдар жеткілікті қолданылмайтынын атап көрсету қажет. Жастарға
қазіргі заманғы іс-әрекет принциптері мен өзекті проблемаларында өткеннің
прогрессивті, гумандық идеяларының тарихи тамыры бар екендігін көрсетудің
маңызы зор.
Білім беру процесінің маңызды құрамдасының бірі ретінде оқытумен қатар
тәрбие процесі жай-күйінің талдауы және зерттеуі көрсеткендей, қазіргі
оқушылардың тәрбиесі біздің қоғамда болып жатқан әлеуметтік жүйенің
дағдарысы:
өмірдің қылмыстануы;
экологиялық
жағдайдың
нашарлауы;
адамгершіліктің
төмендеуі және т.б. көптеген келеңсіз процестермен
күрделендірілген.
Негізгі әлеуметтік институт – отбасының өзінің тәрбиелік қызметін
орындауы жеткілікті емес. Көбінде ата-аналар мен балалар арасындағы
қарапайым рухани жылулық жетіспейді. Соңғы жылдары мектептің тәрбиелік
қызметі төмендеді. Әр баланың бойында адамгершілік, қайырымдылық,
азаматтық, еңбекке шығармашылық қатынас,
тіршілік атаулыға ұқыпты қарау,
өз халқының
мәдениетін сақтау
қасиеттерін тәрбиелеу
–
мектептің
педагогикалық ұжымы басшылыққа алуы қажет және оқу-тәрбие жүйесі
толығуы тиіс басты құндылықтар.
Заманауи жағдайларда білім беру мекемелеріндегі тәрбиені дербес түр
ретінде емес, кез-келген педагогикалық қызметке тән іс-әрекет ретінде
қарастыру
қажет.
Оқу
процесінің
тәрбиелік
бағыттылығын
арттыру
қажеттілігіне орай, мектептегі оқу пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын
күшейту бойынша мектеп мұғалімдері үшін
нақты практикалық басшылықтар,
құралдар, әдістемелік ұсыныстар қажет.
Сондықтан, әдістемелік ұсыныстардың
мақсаты
– тәрбие процесін білім
берудегі маңызды басымдық ретінде жетілдіру және қазіргі мектептегі оқу
процесінің тәрбиелік бағыттылығын күшейтуге ықпал ету.