16
баршылық. Оған дәлел: “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”,
“Кісі елі -күміс, өз елің –алтын” т.б. мақалдар. Өз елін жаудан қорғау үшін
қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан елін,
отанын қорғап қалу халқын сүйген әрбір азаматтың міндеті болатындығын
көрсеткен. Оны мына мақалдардан: “Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі”,
“Елін сүйген ер болар” т.б. көруге болады. Оқушыларға тәлім-тәрбие
беруде
сабақта осындай мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіндірудің маңызы зор.
Сабақтың тәрбиелік бағыттылығын дамытуда ауыз әдебиетінің тағы бір
жанры
–
жұмбақтардың
рөлі
үлкен.
Олар
оқушылардың
ой-өрісін,
дүниетанымын
кеңейтеді,
халықтың
қоғамдық
тұрмысының,
кәсіп-
тіршілігіненкөп мәлімет береді, тапқырлықты, білімділікті керек етеді. Ол
айналадағы өмірді тани білуге үйретеді.
Ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі –
ертегілердің оқыту процесінің тәрбиелік компонентін әлеуетін арттыруда
алатын орны ерекше. Ертегілер халқымыздың тарихын, тұрмыс-салтын, әдет-
ғұрпын, нанымын, дүниетанымын
білдіреді, өскелең ұрпақты зұлымдық
әрекеттерден сақтандырып, адамгершілікке үндейді, оқушылардың қиялын
дамытып, жақсы мінез-құлық қалыптастырады, жақсыдан үйреніп, жаманнан
жиренуге шақырады, өзінің елін, жерін қорғауға, сүюге тәрбиелейді.
Әдебиеттегі шығармалар ойды да, сезімді де тәрбиелейді, мінез-құлықты
қалыптастырады. Оқушылар жағымды
кейіпкерлерге еліктейді, одан үлгі
алады. Мектеп оқушылары осы пән арқылы өз бойына патриоттық сезімді
ұялататыны анық. Ең бірінші әсер Тәуелсіздікке қол жеткізген аға ұрпақтың
ерліктері болса, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік жасауға негіз болатын
оқиғалар барлығы әдеби шығармаларда беріледі. Әдебиетіміз тікелей тарихпен
байланысты, ал тарихымыз біздің осы күнге жеткен қиын да, аңсаған жолымыз.
Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық және этнопедагогикалық
негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам
қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға
тәрбиесі туралы ой-пікірлерін,
үлгі-өнегесін сабақтың тәрбиелік құрамдасын дамыту мәселесінде кеңінен
пайдалану қажет.
Мектеп оқушыларына қазақ әдебиетін оқыту арқылы жеткіншек ұрпаққа
ел тарихынан, мәдениетінен, халықтар достығынан білімдер беріп, олардың
күнделікті өмірде
елтану білімдері, іскерліктері мен дағдыларын игертуге
бағытталған мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері өзара байланыста болуы
керек [11].
Достарыңызбен бөлісу: