Оқу процесінің тәрбиелік мәні
–
оқыту барысында оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен
оларда
әлемге, бір біріне, игерілетін оқу материалына эмоционалды-
құндылықты
қатынас
қалыптасуы
арқасында
табиғи
байланыс
орнайтындығында.
Білім берудегі тәрбие компонентінің мұғалімдер мен оқушыларға бірдей
дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын нақтылау қажет:
–
тұлғаның жалпыадамдық гумандық құндылықтарға бағдарлануы;
–
демократиялылық және толеранттылық;
–
космизм және ұлттық идеяның үйлесуі;
–
тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу;
–
өз шығармашылық әлеуетін елін көркейтуді іске асыру
қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің аймақтық аспектісі.
Пәнді оқыту процесінде тәрбие қызметін іске асыруда мұғалім ең алдымен
сабаққа тәрбие міндеттерін қоюы тиіс. Мұғалімдердің көпшілігіне осы кезең
қиындық тудырады. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Жеке оқушының
6
және тұтас алғанда сыныптың тәрбие деңгейінің диагностикасы қажет, ол
тәрбиенің проблемалы тұстарын бірден байқауға және тәрбие мақсаттарын
мақсатты түрде құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сабақта
қозғалатын тұлға қасиеттерін балалармен талқылауға міндетті. Ол баланың
процестен шеттетілмегенін, мұғалімнің оған тәрбиеде көмектескісі келетінін
және ең бастысы бұл өзіне қажет екенін түсінуі үшін қажет. Бұл жағдайда бала
өз қылықтары мен іс-әрекеттерін ойлана талдайды және мұғалімге сабақтың
тәрбиелік міндеттерін түзету жеңіл болады.
1-кесте − Оқыту және тәрбие процестерінің ерекшеліктері, оларға тән ортақ
және бөлек қасиеттер
Оқыту және тәрбие процестерінің
ортақтығы
Оқыту және тәрбие процестерінің
ерекше өзгешеліктері
1. Оқыту және тәрбие процестерінің
өзара бірлігі мен қайтымдылығы, себебі
оқыту процесі тәрбие қызметі де болып
табылады, сонымен қатар тәрбие процесі
оқытумен тығыз байланысты
1. Ерекше өзгешеліктер мазмұн
деңгейінде байқалады: оқыту
мазмұны – бұл, ең алдымен,
қоршаған шынайылық туралы
ғылыми түсініктер мен білімдер. Өз
кезегінде, тәрбие мазмұнында
алдыңғы орынға нормалар, ережелер
және идеалдар шығады.
Тұлғаның санасына, мінез-құлқына,
эмоциясына екіжақты әсер ету
2. Ерекше өзгешеліктер, сонымен
бірге міндеттерді іске асыруға және
алдыға қойған мақсаттарға қол
жеткізуге көмектесетін жаңа
формалар мен әдістерді анықтау
деңгейінде жақсы байқалады.
Оқытуда негізінен сол уақытта сабақ
жүргізудің тек нақты да қатал
белгіленген сыныптық-сабақтық
жүйесі ғана қолданылса, тәрбие –
түрлі сипаттағы барынша еркін
формаларды, қоғамдық пайдалы
еңбекті, спорттық, көркемөнер
қызметін, мақсатты ұйымдасқан
қарым-қатынасты, шамасына лайық
еңбекті қолдану процесін білдіреді.
Сонымен, тәрбие міндеттерінің шеңбері анықталды, одан ары қарай
жұмыстың ең күрделі де жауапты кезеңі тұр: ойға алғанды қалай іске асыруға
болады? Сабақ жоспарын жасауда қойылған тәрбие міндеттеріне байланысты
сабақтың әр кезеңіндегі баланың қызметін ойластырудың маңызы зор.
7
Тәрбиелік көзқарас тұрғысынан сабақтың кейбір сәттерін талдап көрелік.
Сабақтың басталуы – бұл өте маңызды кезең, себебі осы кезеңде қажеттілік-
мотивациялық аяға ықпал етіледі және көп жағдайда сабақтың ойдағыдай өтуі
оның іскерлікпен ұйымдастырылуына байланысты. Сабақтың тәрбиелік қуаты
болуы үшін оны қалай ұйымдастыруға болады? Әр мұғалімнің тәжірибесінде
сабақты бастаудың түрлі әдістері мен тәсілдері жеткілікті.
Мысалы, профессор Г.Н. Волков сабақты қандай да бір тәрбиелік сипаттағы
қысқа аңыз, ертегі, мақал, жұмбақтармен және т.б. бастауды және бірте-бірте
сабақ тақырыбына көшуді ұсынады. Г.Н. Волковта тәрбие құралдарының
көптігі сондай, бір сабақтағы ауызша халық шығармашылығының пайдалану
формасы, не болмаса қолдану әдістері екінші сабақта қайталанбайды.
Павлодар облысы Баянауыл ауданының мұғалімі И.С. Кузекова Ш.А.
Амонашвилидің «Здравствуйте, дети!» кітабындағы постулаттарды
өз
жұмысында шығармашылықпен пайдаланады. Жаңашыл-мұғалім өз ойымен
былайша бөліседі: «Бұл кітап көптеген мұғалімдер үшін мектеп өмірін,
баланың міндетін және мұғалімнің рухтандырушылығын сезінуде жаңа кезең
болды. Кітаптың педагогикалық тілі ғажап, ол баршаға түсінікті және жақын.
Педагог-классиктер өз оқырмандарымен осындай ұғынықты да шығармашыл
айқын тілде сөйлескен. Шалва Александровичтің барлық еңбектері сөйлеу
мәнері және сөзді сезіну білігімен ерекшеленеді. Оның қарапайым болып
көрінетін «Күлкім менің, қайдасың?» немесе «Жүрексіз нені сеземіз?»
кітаптарының мазмұны бірден түсіне бермейтін ұлы даналықтан тұрады. Мен
өз сабақтарымда Ш.А. Амонашвилидің әдістемесін жиі қолданамын. Мысалы,
сабақты келесі ұйымдастыру сәттерімен бастаймын: математикада – оқушылар
назарын сандардың
симфониясына аударамын. Математикада симфония
болады ма? Келіңдер, ойланайық. Немесе, бір рет кесу үшін неше рет өлшеу
қажет? Неге дәл 7 рет және т.б.».
Рухани өмір – бұл ішкі, сондай-ақ сыртқы материалдық ақиқатты туғызатын
болмыстың жоғары жоспары, жасырын, заттандырылмаған шынайылығы.
Рухани өмірдің құлазуы адам дамуының эволюциясын тежейді, ал рухани
өмірдің өсуі оның өркендеуі мен дамуын анықтайды. Дәстүрлі, сонымен қатар
көптеген инновациялық
мектептердің
адам рухани
өмірінің
маңызын
бағаламайтындығына және баланың өз рухани әлемін жасауда еркіне жіберіле
салғандығына өкінуге болады. Бұл бала үшін үлкен қиындық туғызады, және ол
үнемі жақсылықпен аяқтала бермейді.
Баланың жанында да жүрегінде де жарқын бейнелер, ой-армандар –
әсемдікті сезіну мен шексіздікті ұғыну, өз ойы үшін жауапкершілік пен
жақсылыққа, ерлік пен батырлыққа ұмтылу, қамқорлық жасау және ренішке
ортақтасу сезімі орын алуы тиіс. Жарқын да биік бейнелердің ортасында
осындай байлыққа ие болып жүріп, адам жаны еңбек ете бастайды, өз әлемін
туғызады, жаңа бейнелерді жасайды және өзіне тартады.
Мұндай сабақтарды қалай өткізуге болады?
Ең негізгі әдіс – мұғалімнің әңгімесі, еркін пікір алмасулар, аңыздар оқу.
Сонымен қатар, алыс әлемдерге ұшу, өз қалалары мен мемлекеттерін салу
8
туралы армандар; өзінің, жақындары мен туыстарының, адамдардың өмірін
жақсарту туралы ойлау; өз жүрегіне үңілу, жүрегімен көру білігін өздігімен
дамыту бойынша жұмыс істеу де бар.
Сол сияқты, тәжірибе де бар: жақындары мен туыстарына, ғаламшар
адамдарына, Жер бетіндегі балаларға ізгі ойлар жолдау, көрген түсті жазу, өз
жан құбылыстары туралы күнделік жүргізу, философиямен шұғылдану.
Мұндай сабақ тіпті бала үйіне келген соң да бітпейді: мұғалім оның
жадында, ізгілік – ойында қалады.
Осындай білім беру процесінде бала өмірдің қалыптасқан жағдайларына
бейімделместен, оның талаптарын өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, оның
сапасын арттыруды үйренеді.
Одан ары, келесі – «тақырыпты тұжырымды етіп тарқату» процесін ұсынуға
болады. Тақтада сабақтың тақырыбы жазылады және оқушыларға түсініп оқу
және өз пайымын айту ұсынылады. Талқылау «оқушы – мұғалім» «оқушы –
оқушы» сұхбаты принципінде құрылады. Нәтижесінде бірнеше педагогикалық
міндеттер шешіледі: біріншіден, оқушылар шығармашылық ойын, батыл
пайымын, сөз мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін сабақтың міндеттерін
өздері ұсынады; екіншіден, олардың алдында сабақ үстінде шешуге тура
келетін, сыни ойын, жігерлілік қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін
проблемалар туындайды; үшіншіден, оқушылар өзектендіру қажет етілетін
сұрақтар шеңберін (бұл кезеңде ақыл-ойға тәрбиелеу, өз күшіне сенуге
тәрбиелеу жүреді) өздігімен белгілейді; төртіншіден, дауыстап пікір білдірудің
осы бірнеше минуты оқушылардың қызметіне қозғау салады және жұмыс
күйіне келтіреді, сол арқылы мотивациялық-сұраныс аясын дамытады.
Тақырып атауын тарқатуда көп жағдайда олар осыған дейін кездескен
түсініктер қайталанып
қалатындықтан, талқылауда «күшті» және «орташа»
оқушылармен қатар, үлгерімі төмен оқушылар да белсенділік танытады.
Мұндай тәсіл сабақта жетістік ахуалын туғызуға мүмкіндік береді,
адамгершілік тәрбиені іске асырады.
Сабақты проблемалық жағдаят тудыру мүмкіндігіне жетелейтін жаттығулар
орындаудан бастауға болады.
Қай тәрбиелік әлеуеттің осындай тәсілі бар? Ақыл-ой, шығармашылық
дербестік, ерік күші, еңбексүйгіштік, жауапкершілік тәрбиесі беріледі.
Сабақты зерттеу сипатындағы практикалық жұмыстан бастауға болады.
Мұндай жұмысты жүргізу сыни ойлауға тәрбиелейді, қызығушылық туғызады,
тақырыпты зерттеуге деген дәлелдерін қарастырады. Сол сияқты, бағалаудың
түрлі тәсілдері балаға жетістікке жеткен және сәтсіздікке ұшыраған сәттерінде
де оң әсер етеді.
Сабақта міндетті түрде бағалаудың әртүрлі жолдарын қолдану қажет.
Мысалы, бақылау жұмысынан кейін біз оқушылармен «жетістік сатысын»
құруды ұсынамыз. Бұл тәсіл өте тиімді, себебі балалар өз жетістіктері мен
сәтсіздіктерін талдай отыра, сын, өзара сыйластық сияқты қасиеттерді
көрсетеді, өзгелердің жетістігіне қуануға үйренеді, өзіне және сыныптастарына
қатысты сынды дауыстап айтады. Кейбір сабақтарда бағалау жетондарын
9
пайдалану тиімді, балалар олардың көмегімен дұрыс жауаптары үшін өзін өзі
бағалайды.
Бұл жағдайда сабақтағы белсенділік артады. Сабақтың соңында қорытынды
жасап және тиісті бағаны журналға
қою жеңіл болады. Бұл тәсіл
жауапкершілік, адалдық,
парасаттылық, өзара сыйластықты тәрбиелеуге
мүмкіндік береді.
Әрине, сабақтың барысында міндетті түрде мұғалімнің ауызша бағалауы –
ұстаздың мақұлдаулары, кей іс-әрекет түрлерінде сыныптастары тарапынан
бағалаулар болуы тиіс. Сабақ соңында немесе аралық кезеңдерінде рефлексия
кезеңі болуы шарт. Дәл осы кезеңде балалармен бірге сабақты тәрбиелік
көзқарас тұрғысынан бағалау мүмкіндігі туады. Бұл жерде мұғалімнің,
оқушылардың
талдауы
және
өзіндік
талдау
болады.
Адамгершілік
критерияларына, еңбектегі жетістіктерге немесе сәтсіздіктерге акцент
жасалады, ақыл-ой тәрбиесі аспектісі қозғалады.
Кез-келген сабақтың үлкен тәрбиелік әлеуеті бар, сондықтан да мұғалімге
балаға зиян келтірмеу жауапкершілігі жүктеледі. Әдістемелік дұрыс құрылған
сабақ өзінің әрбір сәтімен тәрбиелейді, материалды өзекті, қажет және қызықты
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |