–
адамгершілікті, өнегелі мінез-құлықтың эмоциялы
мазмұнды жағдаяттарына төзу тәжірибесін жинау және т.б.;
азаматтық
–
қоғамдық пайдалы еңбекке қатысу, азаматтық сезімдерді
көрсету, адам құқықтарын қорғау және азаматтық мінез-құлық тәжірибесін
дамытатын басқа жағдайлар;
тұлғалық
–
балалардың өмір сүру әрекеті келесі жағдаяттармен маңызды:
шынайы жауапкершілігі, таңдау еркіндігі, шешім қабылдау, өзіндік бағалау,
өзін-өзі түзету және өзін-өзі тәрбиелеу, өз тәртібін жобалау, тұлғалық даму
және т.б.;
дербес-шығармашылық
– қабілеттерді дамыту құралы, өмір сүру әрекетінің
түрлі стильдерін, өз-өзіне сенімділік, дербестік, креативтілікті қалыптастыру.
Тәрбие мазмұны балалардың дамуына қарай олардың тәжірибесімен,
12
өмірлік және тәрбиелік жағдаяттармен толығады [8].
Педагогика ғылымында дәстүрлі түрде ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық,
еңбек, дене тәрбиесін бөліп көрсетеді, қазір оның азаматтық, құқықтық,
экономикалық, экологиялық бағыттарымен толықтырылуда. Тәрбие процестері
толық және жеке бір бағыт аясында түрлі: қауым, әлеуметтік институттар, жеке
әлеуметтік топтар, интердербестік (тұлғааралық) және интрадербестік (өзін өзі
тәрбиелеу) деңгейлерінде іске асырылуы мүмкін.
Ғалымдар тәрбиенің тарихи қалыптасқан түрлері соған сәйкес мәдениет
ішінде дамығанын атап көрсетті. Алғашқы қауымдық құрылыс үшін балаларды
ересектердің іс-әрекетін жаңғырту бағдарына негізделген және міндетті,
ұжымдық сипаттағы тәрбиенің бірінші тарихи түрі сәйкес келеді. Өркениеттің
пайда болуы тәрбиенің өзге, әлеуметтік және экономикалық теңсіздікпен, еңбек
бөлінісімен, яғни түрлі педагогикалық міндеттермен туындаған түрінің пайда
болуын ескерді
Тәрбие модельдерінің
тарихи алуан түрлілігі жергілікті
өркениет
ерекшеліктеріне, мәдениеттің типологиясына, ұлттық өзгешелікке байланысты.
Мәдениеттің шығыстық түрі қоғамның тұлға алдындағы басымдығына,
дәстүрлер мен қағидаларды қатаң сақтауға, ойлау мен жеке бас бостандығының
тәуелсіздігін шектеуге негізделген тәрбиенің шығыстық түрін анықтады.
Сонымен қатар, Шығыстың педагогикалық дәстүрлері адамды қоғамдық және
діни нормаларға бағынышты сезім, ерік және сананың бірлігі ретінде
қарастырады.
Көне дәуірде туындаған және заманауи еуропалық мәдениеттің түп тұлғасы
болған мәдениеттің
батыстық
түрі шығыстық
мәдениеттен түбірімен
ерекшеленетін және батыстық тәрбие түрін анықтайтын педагогикалық
дәстүрлерді тудырды. Оған тән сипаттар – адамның еркі мен парасатының
дамуына бағдарлану, адамда дара және шығармашылық бастауларды, тұлға мен
қоғамның
қарым-қатынасының
үйлесімін,
осыдан
барып
–
тәрбие
проблемаларын шешуде мақсатты және құндылықты-тиімді тұрғыларды бекіту.
Қазақстандық
тәрбие
дәстүрлері
экономикалық
және
саяси
катаклизмаларды бастан өткерген Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері мен
әлеуметтік-тарихи ерекшеліктерімен қабаттаса жіктелді, ол алайда, біздің
елімізде ең жақсы білім беру жүйелерінің бірі қалыптасуына кедергі болмады.
Тәрбие міндеттері педагог-тәрбиешілердің әдіс-тәсілдерін құрайтын белгілі
бір тәрбие әдістері арқылы шешіледі.
Тәрбие әдістерінің жіктеуі шартты және ол тәрбие моделіне, оның түрлері
мен бағыттарына, тәрбие ортасына, тәрбиеленушілердің
жасына және
тәрбиешінің
тұлғасына байланысты. Осыған орай тәрбие процестерін
мәнмәтінде қарастыру қажет, ол алға қойылған тәрбие міндеттеріне қол
жеткізуде әдістердің тиімді жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік құжаттарды талдау барысында білім берудің заманауи
парадигмасына қаланған білім беру процесінің тәрбие міндеттерін естен
шығармау керек.
13
Мазмұн тиянақты білім негізінде білім алушылардың санасына оларды
тұтас қабылдау арқылы таратылған кезде ғана тәрбие құралы болады. Жүйелі
білімді, олар арқылы – пікір, көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін
пәнаралық байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек.
Түсінікті, белсенді түрде меңгерілген білім ғана тұлғаның жаңа қасиеттеріне
ауысып, рефлексияға, бағалау пікіріне қозғау салады.
Оқу пәндерінің прцессуалды сипаттамалары бір мезгілде дидактикалық
және тәрбиелік мақсаттарға қол жеткізуде жиі қолданылады. Негізінде тұлғаға
бағдарланған дамыта оқыту білім беруді ізгілендіру, тәрбиемен тығыз
байланысты болып оқушы өмірінің барлық жағынан қамтитын процесс бола
отыра, оның тұлғасының үйлесімді дамуына ықпал етеді. Балалардың бірлескен
іс-әрекетте өзін көрсете алуына, бағалау шешімін қабылдауына түрткі салатын
тәрбие
әдістері педагогикалық қарым-қатынас, белсенді оқыту әдістері
(семинар-пікірталастар, мәнмәтіндік оқыту, проблемалық оқыту және т.б.)
процестерінде іске асырылады. Тәрбиеде педагог тұлғасы, оның педагогикалық
шеберлігі, оқушылардың психологиясын білуі үлкен рөл атқарады.
Соңғы мемлекеттік құжаттарға сәйкес, «білім беру» түсінігі кең мағынадағы
тәрбие ұғымына теңестіріледі және ұрпақтар жинақтаған білім, тәжірибе мен
мәдени құндылықтарды жеткізу процесі болып табылады. Ендеше, тәрбиені
қоғамдық құбылыс ретінде қарастыруға болады, ол бір мезгілде әлеуметтік-
мәдени бағыттың міндеттерін де шешеді. Атап айтсақ:
– тәрбие – адамды әлеуметтендірудің және ұрпақтар алмасуы арасындағы
өзара байланыс құралы болып табылады;
– тәрбие – дүниежүзілік мәдениет, ғылым және техникамен қарым-қатынас
және танысу орнатылатын ая болып табылады;
– тәрбие – тұлғаның тиімді дамуы мен адамды индивид, қоғамның маңызды
бірлігі ретінде анықтайтын тәсілі болатыны күмәнсіз;
– тәрбие – сонымен қатар, адамда руханилық және оның дүниетанымын,
құндылыққа
бағдарлануын,
адамгершілік
принциптерін
анықтау
мен
қалыптастыру міндетін атқарады.
Сонымен, мектептің оқу процесінде тәрбие ортасын құру оқу процесіне
өзгеріс енгізуді, барлық оқу пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейтуді
көздейді. Әрбір баланың рухани дамуына бағытталған тәрбиелеу мен білім беру
оқу және сыныптан тыс сабақтарда тәрбиелік міндеттерді іске асыруды,
сабақтан тыс уақыттағы тәрбие ортасын құруды, сыныптан тыс жұмыс жүйесін
құруды көздейді.
|