қызылорда
«Салт аттылар» қимыл ойыны
Ойынға қатысушылар екі қатарға бөлінеді – бұлар салт
аттылар. Олар таяқты ат қылып мінеді. Топтар мәре
сызығының арғы жағына екі қатар сапқа тұрады. Топтарды
бірінші бастап тұрған екі салт атты алға қарай шапқылап
барады да, оң қол жағындағы құрсау ішінен тасты іліп алып
өз тобына асығады. Мәре сызығына жеткен соң, таяқты ке-
лесі балаға беріп, тасты кәрзеңкеге салып, саптың соңына
барып тұрады. Бірінші болып көп тас жинаған топ жеңімпаз
болады.
Кең, бос кеңістік.
Ырғақты музыка.
Арқан (жіп).
Асықтар.
Таяқ, құрсау –
2 дана, тастар,
тас салатын кәр-
зеңкелер (қорап).
Қорытынды
бөлім
28–30
Ақтау. Бұлшық етті ширатып және босаңсытуға ар-
налған.
«Кемелер»
Біз кемедеміз, аяғымызды екі жаққа алшақтатып тұрамыз.
Қол артта. Кемені толқын шайқады – денені оңға қисайта оң
аяқты еденге қарай қатты бүгіп итереміз. Денені қайта тік-
тейміз. Денемізді бос ұстаймыз. Кеме екінші жаққа қисайды.
Толқын шайқап кемені
Әрі-бері қисайтты.
Оң аяқты нық ұста,
Сол аяқты нық ұста.
Тізені бүгіп, жүреле,
Отырып, қайта түрегел.
Ал енді бойды жазамыз,
Терең тыныс аламыз.
Босаңсып қалды денеміз,
Аяқ-қолды кереміз.
101
Достарыңызбен бөлісу: |