Пәндік лексика және терминология:
Қабанбай батыр, Райымбек батыр, Өтеген батыр, сергіту сәті, жарыс.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Кімді батыр деп атайды? Жамбыл атамыз «құландай жүйрік, бүркіттей
қырағы, арыстандай айбатты» деп қай батыр туралы айтқан?
Той-томалақта және аңшылықта батырлардан кім бірінші болды? Батырлар
өз ұрпағына нені өсиет етті?
Неге екенін айта аласыңдар ма?
Топтың жеңіске жетуіне қандай кемшіліктер кедергі болды? Орындау
кезінде қай тапсырма қиынырақ тиді? Достарыңа нәтижені жақсартуға
және қиындықты жеңуге не көмектесті?
Алдыңғы оқыту
Жүгіріп келіп тақтай арқылы (биіктігі 40 см) биікке секіру.
Гимнастикалық орындықтың үстіне бір аяқты тізерлеп қойып, ал екінші
аяқпен жерді тіреп жүру.
Белтемірде тартылып тұру.
Бір тақтайдан екінші тақтайға (заттан-затқа; биіктігі – 10 см) аттау.
Достарыңызбен бөлісу: |