Неге екенін айта аласыңдар ма…? Футбол алаңында қалай бағдарлауға болады? Футбол алаңында неше ойыншы
болады? Матч кезінде жанкүйерлерге не істеуге болмайды?
Алдыңғы оқыту Футбол – еркін бағытта оң және сол аяқпен доп алып жүру.
Алға жылжи отырып арқаннан қос аяқтап жанымен секіру.
Іші толтырылған допты қос қолмен кеудеден лақтыру.
Жоспар Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет ресурстар Қызығушылықты
ояту
0–3 минут
Балаларға футбол сайысына ата-анасымен бірге барғаны
туралы әңгімелеу ұсынылады. Стадионда өзін ұстай білу
мәдениетіне назар аударылады.
Сапта бір қатармен жүру. Аяқты айқастыра отырып және
жартылай отырып жүру.
Жүгіру – аяқты тізеден барынша артқа қарай бүгіп, тізені
жоғары көтеру. Қозғалыстың әрбір түріне сәйкес келетін
қол қимылын пайдалануға назар аударылады.
Кең, бос кеңістік.
Негізгі бөлім
4–12
13–27
Жұппен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары.
Өз күш-жігерін шамалап, өз іс-әрекетін әріптесінің
қимылымен үйлестіруге назар аударылады.
(Ж) Екі қатарға қайта тізіліп тұру. (Арақашықтық –
3 метр)
(Ж) Допты бір-біріне бір орындарында тұрып және
қозғалыста беру.
Аяқты сәл бүгіп, доптан 10–15 см және сәл иық тұсында
ұстау керек. Тірек аяқтың ұшы соққы берілетін бағытпен
дәл келуі керек. Соққы беретін аяқ табаны жанына
бұрылып тұру қажет. Допқа аяқпен соққы беру техни-
касын жүзеге асыруда алдымен табанның ішкі жағымен
соққы беруден бастау тиімді.