№ 61 ҰОқ
тақырыбы:
Шабандоздар
ҰОқ-ның
оқыту мақсаты
0.1.2.1. Организмнің төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүкте-
мелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау.
0.2.1.2. Жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қара-
пайым дене жаттығуларымен алмастыру.
0.2.2.1. Дене қуаты қасиеттерін көрсету: әртүрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік,
жылдамдық пен реакция.
0.3.1.3. Әділетті ойын мен әділетті төрелік белгілерін анықтау.
Күтілетін нәти-
же
Барлық балалар орындай алады:
Тыныс алуға арналған жаттығулар орындау.
Топпен берілген қозғалысты орындау.
Қамшы ұстап шоқырақтап жүру.
Аттай шоқырақтап жүрген кезде ұсақ заттар (қолорамалға түйілген тиындар) алып
жүру.
Балалардың көпшілігі орындай алады:
Қатармен қозғалыс орындау.
Екі тобық арасына доп қысып жүру.
Қамшымен бір ұрып тақияны орнынан қозғау.
Топ мүшелерінің іс-қимылын, қателерін талдау.
Барлық топ мүшелерінің әрекетін үйлестіре отырып, командир рөлін атқару.
Достарыңызбен бөлісу: |