Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет349/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

Жоспар
Жоспарланған 
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
Қызығу-
шылықты ояту 
0–3 минут
(Ұ, Ө)
Балалармен қазақтың дәстүрлі ат жарысы туралы
әңгімелесу.
Аламан бәйге – алыс қашықтыққа шабу, даладағы түрлі 
табиғи кедергілерден өту. Қысқа және орташа қашықтыққа 
шабу.
Арақашықтық: 7,12 және 16 км. Жамбы ату – аттың үстінде 
нысанаға найза лақтырып жарысу (садақ атудың орнына).
Шабандоз рөлін атқару ұсынылады.
Кең, бос кеңістік. 
Негізгі бөлім
4–12
13–27
(Ұ) 
Баяу жүгіру – 3,5 минут.
Нұсқау – 
иықты бос ұстап, ырғақпен, бірқалыпты жүгіру. 
Қолдың қалыпты үйлесімді қимылына назар аудару.
Тыныс алуды қалпына келтіріп, тыныс алу жаттығуларын 
орындау сапасына назар аударыңыз.
1. Бастапқы қалып – аяқты айқастыра отыру (нұсқалар: тізер-
леп немесе өкшемен отыру, аяқты бірге ұстау). Арқаны тік 
ұстау. Қолды толық жаза отырып бастан жоғары көтеріп демді 
ішке тарту және демді сыртқа шығара отырып денені еңкейтіп 
қолды түсіру.
2. Бастапқы қалып қайталанады. Қолды бастан асыра жоғары 
көтеру. Демді сыртқа шығара отырып еңкейіп, қол мен шекені 
еденге дейін жеткізу, демді ішке тарта отырып денені тік жаза 
отырып, бастапқы қалыпқа келу. 
3. Бастапқы қалып қайталанады. Қолды алдыға қарай немесе 
иық деңгейінде екі жаққа қарай созу, алақан төмен қарайды. 
Демді ішке тарта отырып сол қолды жоғары көтеріп, оң қол-
ды төмен түсіру. Демді сыртқа шығара отырып – сол қолды 
төмен, оң қолды жоғары көтеру. 
4. Бала бастапқы қалыпта отырып, қолды екі жаққа созады, 
саусақтарды бүгеді. Демді ішке тарта отырып бас бармақты 
жоғары көтереді, демді сыртқа шығарғанда бас бармақты бір-
тіндеп төмен түсіреді.
 «Бәйге»
Топ мүшелерінің әрқайсысы заттар арасымен атпен шапқан-
дай шоқырақтап жүгіріп, топқа кері қайтады. Қамшыны қа-
тардағы келесі баланың қолына берген соң, саптың соңына 
барып тұрады.
«Жамбы ату»
Мәре сызығынан 7 метр қашықтыққа тік нысана орнатылады. 
Балалар атпен келіп 5 метр қашықтықтан нысанаға дәлдеп 
тигізуі тиіс.
Ұзындығы
70 см бұрымдай 
өрілген жіп,
аттың басы бар та-
яқтар.
Кәрзеңке, құрсау, 
тиындар. 
Аттың басы мен 
таяқтар.


154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет