(т, ПК) Орындықтың екі жағынан жүріп келіп, екеуі
екі жаққа кері қайтады. Нұсқау – тепе-теңдік сақтау, денені
тік ұстау; биік нәрсенің үстінде жаттығу орындау кезіндегі
қауіп сіздік техникасы туралы еске салу, сақтандыру шара-
ларын қабылдау.
«Ойын ойнап, денсаулықты нығайтамыз» (Ұ) тура бағытта құрсау домалату Педагогтің «Дайындалыңдар!» деген белгісі бойынша бала-
лар сол қолмен құрсауды жалаудың бағытына қарай жерге
қояды; оң қолды құрсауды домалатуға дайын етіп ұстайды.
Педагог: «Бір, екі, үш, домалат!» – дейді. Балалар құрсауды
оң қолымен итере отырып жалауға қарай домалатады. Құр-
сауды бірінші дөңгелетіп апарған балалар құрсауды басына
қарай көтеріп, топта кері жүгіріп келеді де, құрсауды саптағы
келесі балаға береді.
Поролон заттар.