№ 4 кешен
1. «Таяқ жоғарыда». Б.қ. – аяқ қатар қойылады, таяқ иық деңгейінде төмен ұстау. 1 –
таяқты жоғары көтеру, керілу; 2 – қолды бүге отырып, таяқты артқа жауырынға апару; 3 –
таяқты жоғары көтеру; 4 – таяқты төмен түсіру, бастапқы қалыпқа көшу (8 рет).
2. «Таяқ жоғарыда, аяқты тік ұстау». Б.қ. – н.т., таяқ төменде. 1-3 – таяқты жоғары көтеру,
артқа апару, аяқтың ұшымен тұру, жоғары тартылу; 4 – б.қ. 8 рет.
3. «Отыру». Б.қ. – аяқ қатарластыра қойылады, таяқ төменде, таяқ екі иық деңгейінде
төменде. 1 – отыру, таяқты жоғары көтеру; 2 – бастапқы қалып (8 рет).
4. «Иілу». Б. қ. – аяқты алшақ қою, таяқ төменде. 1-2 – алға еңкею, таяқ жоғарыда, иілу;
3-4 – бастапқы қалып (8 рет).
5. «Әткеншек». Б. қ. – аяқ иық деңгейінде, таяқ артта иықта. 1 – оң аяқпен оңға адымдау;
2 – оң жаққа иілу: 3 – денені қайта тіктеу; 4 – бастапқы қалып. Сол жақпен қайталау (8 рет).
6. «Массаж». Б.қ. – тұру, оң аяқтың башпайларын таяқ үстіне қою. Таяқты табанмен
домалату (башпайдан өкшеге дейін). Сол аяқпен де қайталау. 8 рет.
7. «Секіру». Б. қ. – аяқты алшақ қою, таяқ иықта. Секіру – аяқты алшақтату, біріктіру.
1–8 рет орындаған соң, шағын үзіліс жасау. Жаттығуды қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |