Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет456/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

№ 5 кешен
(Жұптасып құрсаумен орындалатын жаттығулар)
1. Б.қ.: шеңбер ортасында бір-біріне арқамен тік тұру, құрсау иықта. 1-2 – құрсауды 
жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру – демді ішке тарту; 3-4 – б.қ. 6–8 рет қайталау.
2. Б.қ.: қайталанады. 1-2 – құрсауды жоғары көтеру, оңға (солға) иілу, демді ішке тарту; 
3-4 – б.қ. 6 рет қайталау.
3. Б.қ.: біреуі отырып, құрсауды тігінен ұстайды (шамамен жерден 30 см), екінші бала 
құрсаудан бір адым жерде тұрады. Құрсауға тиіп кетпей, төрттағандап кіру, тұрып екінші 
жаққа бұрылу. 3–5 рет қайталау. Орын алмастыру.
4. Б.қ.: құрсауды башпайлармен және өкшемен қысып ұстау. 1-2 – аяқтың ұшына 
ақырындап көтерілу, қолды екі жаққа жаю; 3-4 – өкшемен тұрып, қолды төмен түсіру. 8–10 рет 
қайталау.
5. «Айналу» Б.қ., н.т.: бір-бірінің артында құрсауға бүйірімен тұру, бір қолды белге 
қойып, екінші қолмен құрсауды ұстау. Аяқтың ұшымен отырып, құрсауды айналып шығу (үш 
айналым). Денені тіктеп, бағытты өзгерту. 3-4 рет қайталау.
6. Б.қ.: қайталау. Тізені жоғары көтеріп, құрсауды айнала ырғақпен жүгіру (үш айналым), 
бір орында адымдау. Бағытты өзгерту. 3-4 рет қайталау.
№ 6 кешен
(Жұптасып құрсаумен орындалатын жаттығулар)
1. Б.қ.: құрсаудың шетінде бір-біріне теріс қарап тұру. 1–4 – қол артта, екі жаққа жаю, оң 
(сол) аяқ сәл алдыда, құрсауға қарай қою – демді ішке тарту; 5–8 қайталау, б.қ. – демді сыртқа 
шығару. 8–10 рет қайталау.
2. Б.қ.: бір-біріне бетпе-бет қарап тұру, құрсау екі баланың ортасында – жерде. Біреуі 
еңкейіп құрсауды орнынан жылжытады, екіншісі құрсауды өзіне қарай тартады. 4-5 рет 
қайталау.
3. Б. қ.: құрсау ортасында бір-біріне теріс қарап тұру, н.т.: құрсау қолда. 1-2 құрсауды 
көтере отырып арқаны түзу ұстап отыру. Денені тік ұстау, тізені сәл алшақтату. 8–10 рет 
қайталау.
4. Б. қ.: шалқасынан жату, өкше құрсаудың үстінде. 1–4 – аяқты жоғары көтеру; 5–8 – 
аяқтың басын бірқалыпты соза отырып, құрсауға қою. 8 рет қайталау.


202
5. Б.қ.: бірі тіземен тұрып, құрсауды еденнен шамамен 40 см көтеріңкі ұстайды, екіншісі 
құрсаудың жанында тұрады. Екінші бала құрсау астынан өтіп, аттайды. 6 рет қайталау. Орын 
алмастыру.
6. Б. қ.: тұру, әрқайсысы оң қолмен құрсаудан ұстайды. Оңға айналады да, тоқтайды. Сол 
жақпен осылай қайталау. 4-5 рет қайталау.
7. Б.қ.: н.т.: қол артта, құрсау жерде. Құрсауды айнала қос аяқтап артпен секіру (үш 
айналым) – тоқтау. Бағытты өзгерту. Жүрумен алма-кезек орындай отырып, 2-3 рет қайталау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   452   453   454   455   456   457   458   459   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет