Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет452/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

құрсаумен орындалатын жаттығулар
№ 1 кешен
1. «Құрсау иықта». Б.қ.: аяқты алшақ, құрсауды төмен ұстау. 1-2 – құрсауды иықтан асыра 
көтеру, басты тік ұстау; 3-4 – б.қ. 8 рет қайталау.
2. «Құрсауды үрле». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, құрсау кеуде тұста. 1-2 – алға сәл иілу, 
құрсауды бетке жақындату – демді созып сыртқа шығару: 3-4 – б.қ. – демді ішке тарту.
8–10 рет қайталау.
3. «Құрсауға жет». Б. қ.: шалқадан жату, құрсау бас жақта. 1-2 – аяқты сәл екі жаққа 
созып, жоғары көтеру, құрсауға тигізу; 3-4 – біртіндеп төмен түсіру. Тізені бүкпей, аяқтың 
ұшын созу. 6–8 рет қайталау.
4. «Құрсауды көтер». Б.қ.: етпетінен жату, құрсауды ұстап қолды артқа қарай созу, тізені 
бүгіп, аяқ ұшымен құрсауды ілу. 1-2 – аяқ пен қол жоғарыда, жоғары тартылу; 3-4 – б.қ.
6–8 рет қайталау.
5. «Аяқтың басын көрсет». Б.қ.: негізгі тұрыс, қол белде, құрсау жарты адым жерде 
жатады. 1 – оң (сол) аяқ жоғарыда, аяқтың ұшын созу; 2 – аяқтың ұшын құрсауға апару;
3 – жоғары; 4 – б.қ. 6 рет қайталау.
6. Б.қ.: тізеге сүйене отырып төрттағандап тұру, қол құрсауда, алға қарау. 1 – оң (сол) 
қолды екі жаққа жаю, қолға қарау; 2 – б.қ. 3-4 рет қайталау.
7. «Қарғып кір, қарғып шық». Б.қ.: н.т., құрсау жерде. Құрсау бойымен айнала жылжи 
отырып, ішіне қарғып кіру, қарғып шығу, (екі айналым), екі айналым қарама-қарсы бағытта. 
Осы жаттығуды екінші жанымен қайталау. Қозғалыс қарқыны еркін түрде. 4-5 рет қайталау.
8. Бірінші жаттығуды баяу қарқынмен қайталау.


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет