199
№ 1 қОСыМшА
Жалпы дамыту жаттығулар кешені
Жұптасып
орындалатын жаттығулар
1. «Қол жоғарыда»
Б. қ. – негізгі тұрыс, бір-біріне қарап қол ұстасып тұру. 1 – қолды екі жаққа созу; 2 – қол
жоғары; 3 – қол екі жақта; 4 – бастапқы қалып (8 рет).
2. «Отырып-тұру»
Б. қ. – н.т. 1-2 –
қол ұстасып отырып, тұру; 3-4 – бастапқы қалыпқа көшу (8 рет).
3. «Бұрылу»
Б қ. – бір-біріне бетпе-бет, аяқ иық деңгейінде, қолды айқастырып тұру. 1 – денені оңға
(солға) бұру; 2 – бастапқы қалып (6 рет).
4. «Іш бұлшық еттерін жаттықтыру»
Б. қ. – шалқадан жату, бір-біріне аяқ жақпен жату (бірінің аяғы екіншісінің аяғының
ортасына қысылады), қол желкеде. 1-2 – кезектесіп отыру; 3-4 – бастапқы қалып (8 рет).
5. «Адымдау»
Б. қ. – негізгі тұрыс, бір-біріне бетпе-бет, қол ұстасып тұру. 1 – оңға адымдау, қолды екі
жаққа жаю; 2 – бастапқы қалып. Сол жақпен қайталау (8 рет).
6. «Еңкею»
Б. қ. – аяқ иық деңгейінде, қол ұстасу; 1 – оңға еңкею, оң қол төменде қалып, сол қол
жоғары
көтеріледі; 2 – бастапқы қалып, сол жақпен де қайталау (8 рет).
7. «Қарлығаш»
Б. қ. – негізгі тұрыс, бір-біріне қарап, қол ұстасып тұру; 1-2 – аяқты алма-кезек көтеру (оң
және сол) – қарлығаш (әрқайсысы 6 рет).
8. «Секіру»
Б. қ. –
негізгі тұрыс, бір-біріне бетпе-бет,
қол ұстасып тұру; 1-2 – секіру. (8 рет).
Достарыңызбен бөлісу: