№ 3 кешен
1. «Өкшемен тұру». Б.қ.: н.т. құрсау иық тұста. 1-2 – құрсауды жоғарыға көтеріп, қарау,
оң (сол) аяқты жанына қарай қойып, аяқтың ұшын созу; 3-4– б.қ. Басты тік ұстау. 5 рет қайталау.
2. Б.қ.: аяқты алшақтата отыру, құрсау иықта. 1-2 – оңға (солға) бұрылу, құрсау жоғарыда;
3-4 – б.қ. 6 рет қайталау.
3. «Аяқ құрсауда». Б. қ.: шалқадан жату, құрсау белде. 1-2 – құрсауды тігінен қою, аяқты
бүгіп, құрсауға тіреп, тік жазу; 3-4 – б.қ. 4–6 рет қайталау.
4. Б.қ.: құрсау ішінде отыру, аяқты тіреу, қолды артынан тіреу. 1-2 – аяқты алға жазу; б.қ.;
3-4 – қайталау, жамбаспен оңға 90 градусқа бұрылу; сол жақпен қайталау. 3-4 рет орындау.
5. «Құрсауға аяқ тигізу». Б. қ.: шалқадан жату, құрсау бас жақта. 1–4 – аяқтың арасын
сәл алшақтата жоғары көтеру, құрсауға аяқ ұшын тигізу; 5–8 – аяқты баяу төмен түсіру. Аяқты
бүкпеу, аяқтың басын созып ұстау. 6–8 рет орындау.
6. «Өзіңнен айналдыру». Б.қ.: тізерлеп тұру, құрсау бір бүйірде. Құрсауды өзіңнен
айналдыра домалату. Бағытты өзгерту. 5 рет қайталау. Тізерлеп отырып тынығу ұсынылады.
7. «Құрсау артта». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, құрсау төменде. 1-2 – құрсауды жоғары
көтеру, жоғары қарау, тартылу. 3-4 – б.қ. 4 рет қайталау.
8. Б.қ.: б.қ. құрсау жерде бір бүйірде. Құрсауды айнала артпен секіру (үш айналым).
Бағытты өзгерту. Жүрумен алмастыра отырып 4 рет қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |