№ 2 кешен
1. Б.қ.: аяқты алшақ қою, құрсауды артқа ұстау. 1-2 – құрсау артқа-жоғары, оң аяқты алға
созып аяқ ұшымен тұру; 3-4 – б.қ. Сол аяқпен осылай қайталау. Басты тік ұстау. 6 рет қайталау.
2. Б.қ.: н.т.: құрсау оң қолда. 1-2 – отыру, құрсауды жерге қойып, ұстап тұрып ішінен өту;
3-4 – сол қолмен қайталау (5 рет).
3. Б.қ.: н.т.: құрсау жерде. Құрсаудың үстіне аяқты қою, башпайларды және өкшені жерге
қарай жақындатып, жанымен бір жағына қарай, содан кейін екінші жанымен қарсы бағытта
айнала жүріп шығу – б.қ. 4–6 рет қайталау.
4. Б.қ.; құрсаудың ішінде отыру, қолды артқа тіреу. 1-2 – аяқты алға тік жазу: б.қ.; 3-4 –
қайталау, жамбасты оңға 90 градусқа бұру; 5-6 – қайталау, тағы 90 градусқа бұру; 7-8 қайталау,
тағы 90 градусқа бұру. Басты түсірмеу. 3-4 рет қайталау.
5. Б.қ.: н.т.: қолды бүгіп, құрсауды тігінен кеуде тұсында ұстау. 1 – оң аяқты бүгіп жоғары
көтеру, аяқтың ұшын созу, құрсауды тізеге ілу; 2 – аяқ алдыда, құрсау сол қалыпта; 3 – аяқты
бүгу; 4 – б.қ. Сол аяқпен осылай қайталау (4-5 рет).
6. Б.қ.: тізерлеп тұру, құрсауды жоғары көтеру. 1-2 – оң жаққа жантая отыру, құрсауды
иыққа қарай апару; 3-4 – б.қ. сол жақпен қайталау. 5 рет қайталау.
7. Б.қ.: аяқты біріктіру, құрсау жерде. 9 рет құрсау жанында секіріп, оныншысында құрсау
ішіне секіру, 180 градусқа бұрылу. Осыны тағы қайталап, құрсаудан секіріп шығу. Жүрумен
алмастыра, 4 рет қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |