Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет462/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   513
Байланысты:
дене шынықтыру

№ 7 кешен
(Жұптасып бір таяқпен орындалады)
1. «Біз зілтеміршілерміз». Б.қ.: бір-біріне бір адым аралықта арқасымен қарап тұру, таяқ 
төменде қолда, екінші бала қолын төмен түсіреді. 1-2 – қолды жоғары көтеру, таяқты беру – 
демді ішке тарту; 3-4 – қол төменде – демді сыртқа шығару. 8 рет қайталау.
2. «Ескекшілер». Б.қ.: отыру, аяқты алшақтату, табанмен тірей отырып таяқтан ұстау. 
Еңкею, таяқты тарта отырып, артқа шалқаю. 8–10 рет қайталау.
3. «Таяқты тарту». Б.қ.: қайталанады, бір-біріне бетпе-бет отыру, арттан қолмен тіреу, 
таяқ ортада жатады. Таяқты башпайлармен қысып өзіне қарай тарту. 4–6 рет қайталау.
4. «Таяқты бірге көтереміз». Б.қ.: бір-біріне етпетінен қарап жату, таяқты қолды бүгіп 
ұстау. 1-2 – таяқты жоғары көтеру; 3-4 б.қ. 4–6 рет қайталау.
5. «Тұруға көмектес». Б.қ.: бір-біріне қолсозым жерде бетпе-бет қарап отыру, аяқ бүгулі, 
таяқ жерде ортада жатады. Бір-біріне оң қолды созу, білектен ұстап, бір мезетте тұру және 
отыру. Сол қолмен де осылай орындау. 5 рет қайталау.
6. Б.қ.: бір-біріне арқамен жақынырақ тұрады, қол белде. 1-2 – бір жаққа (екінші) жаққа 
иілу; 3-4 – б.қ. Аяқты қозғамау, бүкпеу, әріптесінің жотасын сезіну. 5-6 рет қайталау.
7. «Қарғу». Б.қ.: таяқ жерде, таяқтың екі жағында бір қырымен тұру, қол белде, таяқ 
бойымен 4 рет қарғу, тізені биік көтеріп 4 рет адымдау. 5-6 рет қайталау.
№ 8 кешен
1. Б.қ.: н.т. 1-2 таяқты бірқалыпты жоғары көтеру, оң (сол) аяқты артқа ұшымен қою, 
өкшені өзіне қарай тарту, керілу – демді ішке тарту; 3-4 – б.қ., 4–6 рет қайталау.
2. «Алға қара». Б.қ.: аяқты алшақ қою, таяқ жауырында. 1-2 – алға еңкею, басты тік 
ұстау; 3-4 – б.қ. Аяқты бүкпеу. 5–8 рет қайталау.


205
3. «Жанына». Б.қ.: отыру, аяқты айқастыру, таяқты иық артына қолдың бүгілген жеріне 
салу. 1-2 – оңға (солға) иілу, таяқты еденге жеткізу; 3-4 – б.қ. 6 рет қайталау.
4. Б.қ.: шалқасынан жату. 1 – таяқты жоғары көтеру; 2 – екі аяқты сермеу, аяқты созып, 
ұшын таяққа тигізу; 3-4 – б.қ. 6–8 рет қайталау.
5. Б.қ.: н.т., қолды түсіріп, таяқты артта ұстау, 1-2 – таяқты жоғары көтеріп, отыру. 
Арқаны тік ұстау, тізені алшақ қойып, өкшені көтеру. 8–10 рет қайталау.
6. «Айналу». Б.қ.: аяқ иық деңгейінде, таяқ жауырын үстінде. 1-2 – оңға бұрылып
«ш-ш-ш» деу; 3-4 – басқа жаққа бұрылу. Үш-төрт қозғалыстан кейін тынығу. Аяқты қозғамау. 
5 реттен қайталау.
7. «Таяқ тізеде». Б.қ.: н.т.: таяқ төменде. 1 – таяқты жоғары көтеру; 2 – бүгілген оң аяқты 
көтеру, таяқты тізеге қарай апару, арқаны түзу ұстау; 3 – таяқты жоғары көтеру, аяқты төмен 
түсіру; 4 – б.қ. Тұрақты қалыпты сақтау, аяқтың ұшын созу. 5 рет қайталау.
8. «Қарғу». Б.қ.: н.т. Секіріп, аяқты екі жаққа қойғанда, таяқты алдыға ұстау, аяқты 
біріктіру, таяқты төмен түсіру. Жүгірумен алмастыра отырып, 20 рет секіруді 4 рет қайталау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет