4 тілдік дағдыда indd


ІІ. Белсенді оқыту тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет37/97
Дата07.02.2022
өлшемі2,59 Mb.
#86725
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97
Байланысты:
42 Тілдік төрт дағдыда (1)

ІІ. Белсенді оқыту тапсырмалары
1. Жануарлар
1.1 Сен қандай жануарларды білесің?
Тілдік деңгейі 
*
Тілдік мақсат
Сөздік қор: жануарлардың 
аттарын үйрету
Дағды 
Жазылым
Ойлау әрекеті
Жіктеу
Оқыту әдісі
Шығармашылыққа баулу, 
қателіктерді қабылдауды үйрету 
Қарым-қатынас түрі
Оқушылар санына қарай топтық 
немесе жұптық жұмыс жүргізу
Жүргізілу барысы:
1. Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа үлкен парақ беріледі. Сынып оқушылары 
көп болған жағдайда, олар жұпқа бөлінеді және әр жұпқа бөлек парақтан беріледі. 
2. Әр топтың не жұптың оқушылары бір минут ішінде өздері білетін жануарлардың 
аттарын ұсынылған параққа жазады. 
3. Топ мүшелері өздері жазған парақты оң жақтағы топқа не жұпқа береді.
4. Келесі топ мүшелері парақтағы сөздерді оқиды да, тізімге тағы да жануарлардың 
аттарын қосады.
5. Осылайша әр топ не жұп парақтарды оқып, өз ұсыныстарын қосып отырады. 
Парақтар өз иелеріне қайта келгенде оқушылар жазуды тоқтатады. Өзге топтардың 
қосқандарымен танысады. 
6. 1-кестедегі атауларды пайдаланып, тақтаға қорытынды кесте сызылады.
7. Кестедегі атауларды оқыған кезде, оқушылар әр бөлімге сай келетін жануарларды 
ауызша айтады: ферма жануарлары, үй жануарлары, жабайы жануарлар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет