273
керек? басқарушылар үшін маңызды деген сұраққа жауап
бергенімен, оны неліктен істеу керек? орындаушылар үшін
маңызды сұраққа жауап бере алмайды. Сондықтан, бүгінгі
басқарушылар алдында қарауындағы адамдардың күнделікті
қызметтік міндеттерін орындауын қадағалау ғана емес,
ӛзінің ұйымына шын берілгендікпен қарай білуін, ұйым
алдындағы мақсатты орындауға деген жауапкершілігін
жоғарылату жолдарын ұйымдастыру міндеті тұр.
Кӛптеген шетелдік басқару теориясында, соның ішінде,
білім беру ұйымдарының болашақ ӛзгерістерін анықтау және
оны жүзеге асыру үшін
педагогикалық ұжымдағы адам
ресурстарын дамытудың қажеттігі, ол басқарушылардың
белгілі бір құзыреттілігін талап ететіні туралы жаңа
кӛзқарастар қалыптасуда. Жаңа құзыреттілік сапаларын білім
беру құндылықтары ӛзгеруімен, ӛркениеттің дамуымен,
ғылымдағы парадигмалық ӛзгерістермен байланыстыра
қарастыратын зерттеулер пайда болуда.
Білім берудегі құзыреттіліктер, түйінді құзыреттіліктер
деген ұғымдар халықаралық
деңгейде жаңа нәтижелер
ретінде қарастырылып, кӛптеген елдерде стандарттары мен
білім беру бағдарламаларына енгізілуде.
Білім берудің сапасын дамыту туралы ЮНЕСКО
құжаттарында
күтілетін
нәтиже
ретінде
жалпы
қарастырылатын
құзыреттіліктер
белгіленген.
XXI
ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: әлі ашылмаған
қазына» атты Халықаралық комиссияда жасалған Жак
Делордың баяндамасында қазіргі білім берудің сүйенетін
тӛрт тұғыры бар, олар: танып үйрену; жасап үйрену; бірлесіп
ӛмір сүруді үйрену; ӛмір сүруді үйрену деп белгіленген.
Бұлар халықаралық білім беру құзыреттіліктері ретінде
анықталып отыр. Жак
Делордың айтуынша, олардың бірі –
жасап үйрену деген тек кәсіби біліктілік алу үшін емес, одан
әлдеқайда кең мағынадағы, ӛмірдегі түрлі жағдайлардан жол
табатын, басқа адамдармен бірлесе жұмыс жасауға мүмкіндік
беретін құзыреттіліктерге ие болу.
Джон
Равеннің
зерттеулерінде
30–дан
астам
құзіреттіліктер
талданған,
олардың
ішінде
274
құзыреттіліктердің
ӛзі
де,
оларды
құрастыратын
компоненттер
де
қарастырылған.
Құзыреттіліктердің
тӛмендегідей сипаттамалары бар:
–
ӛз
құзыреттіліктерін
кӛрсетуге
даярлық
(мотивациялық жағы);
–
құзыреттіліктердің
мазмұнын
меңгеру
(когнитивтік жағы);
–
түрлі стандарттық және стандартқа сыймайтын
жағдайларда құзыреттіліктерді кӛрсету тәжірибесі
(іс әрекеттік жағы);
–
құзыреттіліктердің мазмұнына және оны қолдану
объектісіне қатынасы (құндылықтық-мәндік
жағы);
–
құзыреттіліктерді кӛрсету нәтижесі және үдерісті
эмоциялық –еріктік реттеу жағы.
Сонымен қатар, Джон Равеннің құзыреттіліктердің ӛзін
және олардың компоненттерін талдаған зерттеулерінде
әрбір
компоненттің
ерекше
жақтары
(аспектілері)
кӛрсетілген. Олардың негізгілері ретінде
Достарыңызбен бөлісу: