Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет41/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   166
Байланысты:
жобаааааа

Үшіншіден,
оның ең басты кемшілігі адамның ұйымда ӛзін ұстауының 
психологиялық 
механизмдерін, 
ерекшеліктерін 
терең 
ескермейтін, оны қалыптастыратын түрлі қалыптан тыс 
факторларды елемейтін сипаттары. 
Аталған 
классикалық 
кӛзқарасқа 
қарама-қарсы, 
ұйымдағы 
қарым-қатынастарға 
негіз 
болатын 
адам 
факторларын қолдайтын мүлдем жаңа кӛзқарас дами 
бастады, оның ең алғашқысы 1924 жылы Чикаго маңындағы 
Хоторн ӛнеркәсібіне қатысты Элтон Мэйо жасаған адамдық 
қатынастар теориясы болатын. Ол классикалық теорияны да, 
оның ықпалынан қалыптасқан адамның әлеуметтік жағдайын 
қарастырмайтын кӛзқарастарды да қатаң сынға алып,
қызметтік құрылымына ӛздерінің адамдық қатынастар 
теориясын ұсынды. Оны қолдаушылардың айтуынша,
құрылымы айқын білінбегенімен, адамдар кӛзқарасы топтық 
құндылықтық қатынастар қалыптасуына ықпал етеді
сондықтан, басқарушылар ұйымдағы адамдардың түрлі 
мотивтерін дамытуға, материалдық жағдайлар туғызуға, т.б. 
ынталандыруға назар аударуы тиіс. 
Бұл 
зерттеулер 
жаңа 
қарым-қатынас 
түрлерін, 
адамдарды ұйым жағдайында мақсаттық тренингтер мен 
семинарлар арқылы мотивациялау, басқару стилінде 
қалыптасқан қатынастарды ӛзгерту,т.б. жаңа бағыт болып 
басқару теориясына қосылды.
Сонымен қатар, аталған кӛзқарас адам факторларын 
дамытуда маңызды болғанымен, классикалық құрылымның 
негізіне алынған кӛп мәселелерді назарынан тыс қалдырды. 
Бұл теориялардың әуел бастан кемшіліктері,-делінген М. 
Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури зерттеулерінде, олар: бір 
ғана басты элементін негізге ала отырып, басқару 
тиімділігінің бұдан басқа да кӛптеген факторлардан тұратын
нәтижеге бағытталатынын қарастырмайды дейді. Аталған 
рационалдық және адам қатынастары туралы теориялардың 
мықты 
жақтарын 
зерделеу-басқарудың 
жүйелілік, 
ситуациялық 
және 
ұйымдастырушылық 
сипаттарын 
қамтитын синтездік түрін қарастыруға әкеледі. 
Ӛткен ғасырдың аяғында жобалау негізінде басқару 
тұжырымдамасы пайда болды. Ұйымдардың нәтижелі 


94 
қызметін 
арттыру 
мақсатында 
менеджерлер 
жүйелі 
диагностика, 
жоспарлау, 
орындау 
мен 
ӛзгерістерді 
қолдаудың әдістері мен процедураларын басқарудың 
эволюциясы 
негізінде 
жасады. 
Жобалау 
негізінде 
басқарудың мәні ондағы адам әлеуетін тиімді пайдалануға 
жағдай туғызу, тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды 
дамыту, олардың құндылықтық бағдарларына ықпал ету 
арқылы ұйымдардың нәтижелі қызмет етуіне мүмкіндік беру. 
В. С. Лазарев қазіргі педагогикалық ұйымдарды басқару 
түрлерін оның сипаттарына қарай бірнеше түрге бӛледі: 
субъектілігіне қарай
- әкімшілік басқару (басқаруға, 
шешім қабылдауға әкімшіліктің ғана қатысуы) және 
партисипативтік-қатысушылық (субектілердің басқаруға 
қатысуы) деп бӛледі; 
мазмұнына қарай
- үдеріске бағытталған және нәтижеге 
бағытталған; 
жаңалықтарды ендіру сипатына қарай 
– автономдық 
және интегративті басқару; 
ӛзгерістерге 
жауап 
беруіне 
қарай
-болуы 
тиіс 
ӛзгерістердің алдын ала басқару, және болған ӛзгерістерге 
реакциялық жауап бере басқару. 
Бүгінгі күні басқару теорияларының эволюциясы 
тӛмендегідей дамуда: 
− ұйымдардың басты ресурстары ретінде адам 
факторына, ұйымдастырушылық мәдениетті дамытуға кӛңіл 
бӛлу; 
− 
ұйымдардың 
нәтижелі 
қызметін 
арттыруда 
қаншалықты маңызды болса да бір ғана бағытты алмау, 
оларды синтездеу қажеттігі; 
− ұйымның ӛзімен ӛзі болатын механикалық сипатынан 
сыртқы ортамен белсенді әрекеттесетін органикалық, 
ашықтық сипатына кӛшу; 
− ұйымдарды дамыту мен ондағы ӛзгерістерге жағдай 
туғызу. 
Басқарудың кӛптеген түрлері ішінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет