10. Диалог/Сұрақтарды пайдалану.
Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай өзі қоятын
сұрақтары мен оқушылар қоятын сұрақтарға жауаптарын саралайды.
Соңғы кезде
диалог бойынша саралау жоғары қабілетті балалардың қажеттілігін қанағаттандыру
мәселелерін шешуде шешуші кезең ретінде атап көрсетілуде.
Ұсынылатын әдебиет тізімі
№ 21-22 ОСӨЖ
Тақырыбы:
Кембридждік өз бетімен оқу
Жоспары
1.Ерте жастағы өз бетінше оқудың түсініктемесі
2.Өз бетінше оқуға жасалған кейбір түйінді ықпалдар
3.Өзін-өзі реттеп оқу
Әдістемелік нұсқау
Өз бетінше оқу дегенді қалай түсінеміз? Алдымен осы сұраққа жауап іздеңіз. Өз
бетінше оқуға жасалған түйінді ықпалдың бірі ретінде Реджио Эмилия, Mария
Монтессоридің идеясымен танысыңыз.
Қандай мінез-құлық түрін сіз өзін-өзі реттеп оқудың дәлелі деп санайсыз?
Өз жағдайыңызда өзін-өзі реттеп оқуды мадақтау үшін қандай шаралар қабылдайсыз
немесе қабылдағыңыз келеді? Ауызша жауап беруге дайындалыңыз.
Ұсынылатын әдебиет тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |